Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/13/12, 14:31
бердалиев мырзагали
salemetsizbe agai!men ubt dan oris tilimen 72,oris tilin alip tastaganda 68 .tandagan panim fizika.sizderdin universitetteriniz ulttik pa ?.grantka konkuruska katisa alam ba? Kandai documentter kerek.toligirak malimet bersenizder.akilai oku kanwa
Құрметті Мырзагали! Біздің университет ұлттық емес, акционерлік қоғам болып табылады, бірақ ақциялардың толық 100 % мемлекет құзырында. Гранттар конкурсына өтінішітер шілде айының 23-31 аралығында қабылданады. Қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi, тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Университеттің таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқудың төлем ақысы 296,6 - 374,5 мың теңге аралығында болмақ. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/12/12, 20:25
Данагүл
Сәлеметсіз бе! Сізден биотехнология мамандығына байланысты сұрағым келеді. Нақты айтсам, грантқа биотехнология мамандығына қанша балл керек және ауылдық квотаны қосқанда қанша?
Құрметті Данагүл! Аталған мамандыққа 2011 жылғы конкурс нәтижесінде ауылдық квотамен 100 баллдан 92 балл алған талапкерлер грант иегері атанды. Ауылдық квота дегеніміз, балл қосу емес, ол ауылдың әлеуметтік және эконмикалық дамуын қамтамасыз ететін мамандықтар бойынша (тізімі ҚР БжәнеҒМ бекітіледі) бөлінген мемлекеттік гранттардың жалпы мөлшерінен 30 % тек қана ауылдық мектептерді бітірген оқушыларға бөлінеді. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/12/12, 18:25
Алтынай
саламатсызба? мен қызылорда облысынан хабарласып тұрсын. мен биыл колледж бітіремин және универді ҚазАТУ да жалғастырғым келеді. кешенді тестті мен ҚазАТУ ға барып тапсырамын ба? және менин мамандығым учет и аудит. сіздерде осы мамандықты жалғастырған жағдайда гранқа түсу қаншалықты мүмкін кешенді тесттен откеннен кейін
Құрметті Алтынай! Кешенді тестілеуді өз қалаңыздағы университетте тапсыра аласыз. Көрсетілген мамандыққа қысқартылған бағдарлама бойынша гранттар жоқ. Кешенде тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинау қажет, сонда ғана оқуға түсу мүмкіндігіне ие боласыз. Тестілеу тапсырғаннан кейін біздің университетке 10-20 тамыз аралығында келіп, оқуға қабыллау туралы өтініш жазасыз. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/12/12, 14:37
Толқын
Сәлеметсіз бе, Ахылбек Кажигулович! Мен биотехнология мамандығы бойынша қояр сұрағым бар. ҰБТ-дан (орыс тілін қоспағанда) 73 балл жинадым. Грантқа түсуіме мүмкіндік бар ма? Оқу төлемақысы жылына қанша?
Құрметті Толқын! Аталған мамандыққа 2011 жылғы конкурс нәтижесінде 100 баллдан 92-95 балл алған талапкерлер грант иегері атанды. Оқудың төлем ақысы биылғы жылы - 296,0 мың теңге. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/11/12, 22:51
Дана Тухбаева
Саламатсызба!Мен талапкермін,канша балмен грантка түсуге болатынын білгім келеді, биология пәніне катысты мамандыктар бойынша.Рахмет!
Құрметті Дана! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Конкурс нәтижесі тамыз айының басында ғана белгілі болады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/11/12, 13:00
Н. Адилбек
Салеметсизбе Акылбек ага! Есеп жане аудит мамандыгына окыгым келед, енди сонын толем акысын жане оку мерзими канша жыл?? Ауылдык жерлерге женилдик болама?! Айтып жиберсениз, Рахмет!
Құрметті Әділбек! Есеп және аудит мамандығының төлем ақысы 374,5 мың теңге құрайды, оқу мерзімі – 4 жыл. Ауылдық жерлерге оқудың төлем ақысын бөліп төлеу жеңілдігі ғана қарастырылған. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.