Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/25/14, 22:29
Әділ
Саламатсызба! Ақылбек Қажығұлұлы! менің сүрағым: мен энергетикалық факультетінің 2 курс студентімін, бүгін мобильділік программасы бойынша студенттер тест тапсырыпты, осы тест осы мобильділік программасы туралы неге студенттерге жарияланбады? . Студенттерге мобильділік программасы туралы толық мағлүмат жеткізілуін қадағалайсызба? және бүгінгі тест тапсырмаған студенттер басқа күні тапсыра алама мүмкіндіктері барма? жауап беруіңізді сұраймын рахмет!!!
Құрметті Әділ! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы біздің университетімізде 2012-2013 оқу жылдары басталған болатын. Міне осы уақыттан бері www.kazatu.kz сайтындағы «Халықаралық байланыстар» бөлімінде толыққанды ақпарат жарияланып келеді. Сонымен қатар, алда атқарылмақ жұмыс жоспарлары туралы жарнамалар да университеттің әлеуметтік желілеріндегі арнайы беттерінде және университет сайтында жариялануда. Бұл саладағы жұмысты жүргізу барысында факультет деканаттары да қараша айынан бері жұмыс жүргізуде. Өзіңіз оқитын деканатқа да хабарласуыңызға болады. Алдағы уақытта тағы да қаржы бөлінген уақытта қосымша жарнамалар беріледі, сол кезде қатысып, бағыңызды сынап көруге кеңес беремін. Егер академиялық байланыстар туралы сұрақтарыңыз болса 31 77 19, 38 44 07 телефонына хабарласуыңызға болады.
2/24/14, 09:55
Зухра
Курметти, Ректор мырза! Мен осы жыл КазАТУдын магистратурасына тапсырамын. Бирак менде агылшын тили киындау болып тур, егер мен агылшын тилинен проходной балл ала алмасам, менин платный окуга да мумкиндигим жок па?
Құрметті Зухра! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген, 2013 жылғы 19 шілдедегі № 713 Қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске қасыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне» (әрі қарай – Ереже) сәйкес магистратураға түсуші азаматтар түсу емтихандарын шет тілі (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша тапсырады. Егер оқуға түсуші азамат түсу емтихандарын тапсыра алмаса, онда ол магистратураға оқуға түсе алмайды. Қосымша ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») қарауыңызға болады.
2/22/14, 16:28
Оразбекова Балхия Акимбековна
салеметсизбе менин сурагым мен цаудын психология факултетин сырттаи битирген едим енди магистратура жалгастыру ушин баска кандаи салада жалгастыра аламын
Құрметті, Балхия Акимбековна! Университеттің мамандарды дайындау бейіні – аграрлық және техникалық бағыт болғандықтан, «Психология» мамандығы бойынша Сізге гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының магистратура бөліміне оқуға түсуге болады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің магистратура мамандықтары бойынша оқуға түсу туралы ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») қарауыңызға болады.
2/22/14, 15:18
Бауыржан
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! 22-ші наурыз мейрамына неше күндік демалыс беріледі ? Және қай күндер аралығында ?
Құрметті Бауыржан! Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты университет бойынша бес күн демалыс беріледі: наурыздың 21, 22, 23, 24 және 25 күндері.
2/21/14, 12:29
Сабыр Нұржан
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мені алаңдатып отырған мәселе, біздің университетіміздегі конселярлық тауарлардың бағасының жоғарылығы. Атап айтатын болсам, \"Био\" корпустағы конселярлық дүкен. Бұр жардегі баға басқа коспустардағы конселярлық дүңгіршектердігі бағадан әлдеқайда кымбат. Мысалы ксероксті көшіру 10 теңге... Шара қолдануыңызды өтінемін. Назар аударғаныңызға рахмет!
Құрметті Нұржан! Бұл мәселе бойынша жалгерлерге ескерту берілді. Қазір Студенттік кәсіподақ комитеті көтерме сауда орындарындағы бағаларға салыстыру жасау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін екі жақты келісіммен тиімді баға белгіленеді.
2/19/14, 22:55
Адил
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы! менің сұрағым: 22 наурыз мейрамына байланысты, неше күн қай күндері сабақтан босатыламыз?
Құрметті Әділ! Наурыз мейрамына байланысты демалыс күндері туралы ақпаратты www.kazatu.kz сайтынан біле аласыз.