Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/9/12, 17:56
Сауле Сыдыкова
Саламатсыз ба ағай!Биылғы биотехнология мен экология факультеттерінің оқу ақысы қанша?
Құрметті Сауле! Аталған мамандықтарға биылғы жылы оқудың төлем ақысы 296,0 мың теңге шамасында болады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/9/12, 14:36
Дошимов Сабырбек
Құрметті Ректор мырза. Мен 11 сыныпты бітірдім. Биотехнология мамандығына грантқа түсу үшін неше балл керек? Менің баллым 72 балл.Менің грантқа түсуіме шанс барма? Ақылы оқуға түссем қандай жеңілдік болады?
Құрметті Сабырбек! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Былтыр Биотехнология мамандығына 100 баллдан 92-95 балл жинаған оқушылар грант иегері атанды. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/8/12, 23:07
Назым
Меніњ балам орыс тілін алѓанда 67 балл алды тањдау пєні физика оќуѓа грантќа т‰су м‰мкіндігіміз ќандай ?
Құрметті Назым! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі тамыз айында конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/8/12, 21:57
Муратова Раушан
Сәлеметсізба Ақылбек Қажығұлұлы.Мен осы жылы 11сыныпты бітірдім ҰБТ-дан 66 балл алдым орыс тілді алып тастағанда 50 балл сіздің университетіңізге қаржы факультетіне түсе аламба? Tаңдау пәнінен 16,математикдан 5балл алдым.
Құрметті Раушан! Өкінішке орай, математика пәнінен 5 ғана балл болғандықтан, Сіз «Қаржы» мамандығына оқуға түсе алмайсыз, себебі бұл мамандық бойынша бейіндік пән ретінде математика пәні болып табылады, ал жоғары оқу орындарына қабылдау ережесіне сәйкес, бейіндік пән 7 баллдан кем болмау керек. Сіз тек қана бейіндік пәні география болып табылатын мамандықтарға оқуға бара аласыз, олар «Әлеуметтік-мәдени сервис», «Кадастр», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». Студенттердің сапалы контингентін қалыптастыру және мамандықтарға қойылған қабылдау жоспарын реттеу мақсатында университет ақылы түрге оқуға түсу үшін өтпелі балл деңгейін орнатуға құқылы. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/8/12, 14:11
Zhandos
Кұрметті ректор мырза!!! Мен ҰБТ-дан 57 балл жинап отырмын.Орыс тіл пәнінен 3 балл жинадым.Сіздін Уневерге түсуге мүмкіндік барма???
Құрметті Жандос! Өкінішке орай, университетке оқуға түсе алмайсыз, себебі жоғары оқу орындарына қабылдау ережесіне сәйкес, ҰБТ шеңберінде тапсырылған пәндердің нәтижесі 4 баллдан төмен болмауы тиіс. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/8/12, 11:22
динара дюсенова
Курметті ректор мырза ! менин иним физика пани бойынша ЕНТ тапсырып, 75 балл алды, Сиздердин университетке тапсырам деген ойы бар ! Кай мамандыктарга биылгы 2012 жылы білім гранттары бөлініп, физика саласы бойынша кай мамандыкка грантка тусу мумкиндиги бар? Рахмет
Құрметті Динара! Физика пәнімен ініңіз төмендегі мамандықтарға оқуға түсе алады: 1. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде - 5В012000 – «Кәсіптік білім», - 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер», - 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; 2. Энергетикалық факультет - 5В071700 – «Жылу энергетикасы», - 5В071800 – «Электр энергетикасы», - 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»; 3. Техникалық факультет - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», - 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», - 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», - 5В0090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.