Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/19/14, 22:43
Айнур
салеметсизбе ректор мырза! Мен казир акпараттык жуйелер мамандыгында окимын,менин сизге кояр сурагым,кешенді тестілеу кезінде мен кандай пан тандасам болады осы акпараттык жуйелерге тусу ушин жане осы мамандык бойынша канша грант болинеди.
Құрметті Айнұр! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша таңдау пәні физика болып табылады. 2013 жылы аталған мамандыққа Қазақстан бойынша жалпы 495 грант бөлінді, оның ішінде 322 - қазақ бөліміне. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/18/14, 21:42
айдос
салем ағаи мен оқу орнына орман шаруашылығына канша балл жинауым қажет
Құрметті Айдос! Агрономия факультетіндегі 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша таңдау пәні география болып табылады. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандық бойынша мемлекеттік білім гранттарын мүмкін болатын 100 және 79 баллдан жоғары жинаған түлектер иеленді. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни, Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/18/14, 00:33
Нурбол Еркенович
Әс саляму алейкум! Құрметті ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы. Мен №5 жатахананың тұрғынымын, 4-ші қабат старостасымын. Тефальды қолдануға болмайтындығына көпшілік студенттердің наразылығы туындап жатыр. Газда орын жетіспей жатады.Тефаль ынғайлы еді, уақытымызды өте үнемдейді. Түсінеміз өрт шығып жатыр екен. Сізден өтінеріміз бізді түсінуіңізді сұраймыз.
Құрметті Нұрбол! Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында электр жылытқыш және басқа да өрт тудырушы құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Сол себепті бұл мәселеге түсіністікпен қарау керек. Дегенмен, осы мәселені Сіздермен ақылдасып шешу үшін, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ж.А.Құсайыноваға тапсырма берілді.
2/17/14, 19:28
Салтанат Сабитова
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев!географиядан гранттар бар ма?қанша балл алу керек?
Құрметті Салтанат! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/8/14, 12:12
Сабит
Сәлеметсізбе менім қойар сұрағым мен 3 курс студентімің 1 курста 2 сабақтан үштік баға шыққан едім яғни қанағаттанарлық енді сізге қойар сауалым сол екі пәннің кредитін төлеп қайта оқысам боладыма?
Құрметті Сабит! Сіз, жазғы семестр уақыты кезінде тіркеліп, қайта оқып, ақылы түрде тапсыра аласыз, бірақ диплом алар кезіңізде қосымшаға екі бағада, яғни «қанағаттанарлық» бағаңыз және қайта тапсырған бағаңыз да жазылады.
2/6/14, 20:17
Мансуров Бектөре Ерғалиұлы
Құрметті ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза! Менің сізге қояр сауалым, сіздерде студенттік конференция Алла қаласа 2014 жылы ұйымдастыралады ма? Егерде ұйымдастырылса қай күндері болады?
Құрметті Бектөре! Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес дәстүрлі «СЕЙФУЛЛИН ОҚУЛАРЫ – 10» студенттік Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының өткізілуі С.Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойы қарсаңына, яғни 2014 жылдың қазан айына жоспарланған. Конференция өткізілетіндігі жайлы ақпарат wwww.kazatu.kz алдын-ала жарияланатын болады.