Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/7/12, 20:09
Ақниет
Сәлематсыз ба,Ақылбек Қажығұлұлы!Менің биылғы тестілеуден алған ұпайым орыс тілін шегергенде 44болып отыр.Таңдау пәнім физика,таңдаған мамандығым телекоммуникация.Сіздің университетке қабылдана алам ба?Қайтадан емтихан тапсыруға бола ма?Өтпелі ұпайым жетпейтінін білемін,мүмкін ақылы түріне қабылдансам.Аттестатым 4пен5,тестілеуден 3сабақтан 3алып қалдым,таңдау пәнім 4.Нақты жауап алу үшін анығын жазып отырмын.Сізден жақсы жауап күтемін.
Құрметті Ақниет! Өкінішке орай, тестілеу нәтижесінде кемінде 50 балл жинай алмай қалған оқушылар жоғары оқу орындарына қабылданбайды. Қазіргі кезде Сіз колледжге оқуға бара аласыз, оны аяқтап, техникалық және кәсіптік білім алып, университетке сәйкес мамандыққа қысқартылған бағдарлама бойынша жалғастыра аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/7/12, 18:48
Айбол
Agilshin pani boinsha kandai mamandiktar bar?aitip jiberinizshi
Құрметті Айбол! Өкінішке орай, таңдау пәні ағылшын тілі болып табылатын мамандықтар университетте жоқ. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/7/12, 13:33
Рахимбергенов Данияр
ассалаумағалейкум ректор ағай. Сізге қояр сұрағым сіздердің оқу орындарыңыз без сертификат ала мекен. Мен болашақ студент атанғым келеді, бірақ ентден құлап қалдым жалғыз сабақтан математикадан 2 деген баға бар еді. егер сіздерде без сертификат или кт мен алатын болса жылына оқу ақысы қанша болады? ол үшін қандай құжаттар тапсыру керек?
Құрметті Данияр! Өкінішке орай, тестілеу нәтижесінде кемінде 50 балл жинай алмай қалған оқушылар жоғары оқу орындарына қабылданбайды. Қазіргі кезде Сіз колледжге оқуға бара аласыз, оны аяқтап, техникалық және кәсіптік білім алып, университетке сәйкес мамандыққа қысқартылған бағдарлама бойынша жалғастыра аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/7/12, 12:43
Дана
Сәлеметсіз бе! Биотехнология мамандығына грантқа түсу үшін қанша балл керек және ауылдық квотаны қосқанда қанша?
Құрметті Дана! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Былтыр Биотехнология мамандығына ауылдық квота бойынша 92 балл жинаған оқушылар грант иегері атанды. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/6/12, 15:53
Aldiyarova
Cәлеметсізбе!Сәулет өнері факультетіне қабылдану үшін шығармашылық жұмыс тапсыра ма?(Қашан тапсырады?)Қандай пән таңдайды?Жылына қанша төленеді? Қашан және кандай құжаттар тапсыру керек?
Сәлеметсіз бе!Сәулет өнері факультетінің мамандықтарына оқуға түсу үшін талапкерлер шығармашылық емтихандар тапсырады, оған өтініштер 20 маусым 1 шілде аралығында қабылданады. Емтихандар 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу нәтижесі де ескеріледі. Оқудың төлем ақысы жылына 373,6 мың теңге болған. Қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi, тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/6/12, 12:23
Кожаханов Илиас
Құрметті Ақылбек ағай мен 11- сыныпты бітіріп отырмын. Менін сізден сурайтыным мен ҰБТ дан 70 Ұпай алдым орыс тілсіз 55 Ұпай болып тур. Мен осы балмен ветеринарлық дәрігер мамандыгына тусе аламба.Менде квота бар.
Құрметті Илиас! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, ал оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан кем емес, ал қалған пәндерден 4 баллдан төмен емес нәтиже алған оқушылар қабылданады. Студенттердің сапалы контингентін қалыптастыру және мамандықтарға қойылған қабылдау жоспарын реттеу мақсатында университет ақылы түрге оқуға түсу үшін өтпелі балл деңгейін орнатуға құқылы. Құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.