Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/6/14, 20:01
Баймахан Шынар
Салеметсизбе Акылбек Кажыгулович!Менде маркум нагашы атам калдырып кеткен Н.Ә Назарбаев қа Сара Назарбаевага Дарига Назарбаевага арнап калдырып кеткен олендери бар еди.Соны калай газетке шыгарсам болады. Соган комектесуинизди сураймын! Мен энергетикалық факультеттин РЭТ мамандыгы 2 курсында 209 группада окимын!
Құрметті Шынар! Сізге университетіміздің Баспасөз орталығына (Ректорат, 618 кабинет) хабарласуға кеңес беремін. Баспасөз қызметі арқылы мерзімді баспасөзге жариялауға мүмкіндігіңіз бар.
2/6/14, 14:15
Бурибаева Ажар
Сәлеметсізбе неге біздің университетте срс ЕНУ секілді сөж алынып тасталмайды?
Құрметті Ажар! Cтуденттің өзіндік жұмысы оқу үрдісі сапасын арттырудың негізгі факторы болып табылады. СӨЖ барысында студент өзін оқу үрдісінің белсенді қатысушысы ретінде танытып, еркін ойлау, тыңдау қабілетіне ие болады және өз көзқарасында тұруға бейімделеді. Кредиттік технологиясы бойынша оқыту Ережесіне сәйкес студенттің өзіндік жұмысы бойынша сағат саны студенттің аудиториядағы академиялық сағатына сәйкес қосылады, яғни 1 кредитке студенттің оқу жүктемесінің саны аптасына 3 сағатқа тең.
2/6/14, 11:12
Ильяс
Здравствуйте, Акылбек Кажыгулович! К вам обращается студент 2-курса, энергетического факультета! Дело в том что, мы с друзьями начали презентовать свою футбольную лигу в нашем университете. И чтобы начать сезон лиги (футбола) нам необходим зал. Единственный зал который подходит это \"орленок\", нам бы всего на один день (воскресение), 5-6 часов ( ведь у нас уже готовы команды, и их более 10). Я знаю то что вы поддерживаете здоровый образ жизни, и что вы готовы сделать для студентов удобство. Помогите нам с этим ведь многие студенты очень любят футбол. И кстати, хочу вам сказать, если мы все-таки откроем свою \"к-лигу\", то мы можем соревноваться с другими университетами. Прошу вас обратить внимание!
Уважаемый Ильяс! В связи с недостаточностью спортивных объектов мы предоставляем спортивный зал спорткомплекса «Сарыарка» только студентам нашего университета. Коммерческие турниры в университете не проводятся. Все соревнования проводятся в соответствии с планом, утвержденным в университете.
2/6/14, 10:05
Култай Мырзабек
Курметти ректор мырза,биылгы жылы география пани бойынша грантка тусу ушин канша бал жинау кажет,жане грант канша болiнет
Құрметті Мырзабек! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып таьбылатын ҚР Білім джәне ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/4/14, 20:29
Жұлдыз
Сәлеметсізбе!мен осы 2014 жылы 11 сыныпты бітіргелі отырмын.Менің сізге қояр сұрағым:физика пәні бойынша грантқа қанша баллмен түсуге болады?физика пәніне грант көп бөліне ме?
Құрметті Жұлдыз! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік гранттар физика пәніне жеке бөлінбейді, таңдау бойынша пән физика болып табылатын мамандықтарға бөлінеді. Ескерту: ҰБТ 5 пән бойынша тапсырылғанымен, қосымша бекітілген орыс тілі (қазақ тілінде оқитын сыныптары үшін) – есепке алынбайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/4/14, 18:47
Өтеғалиев Нұрлыбек
Грантқа түсу үщін ҰБТдан қанша балл алу керек.
Құрметті Нұрлыбек! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Сұрағыңызда таңдау пәні көрсетілмегендіктен нақты балл мөлшерін айта алмаймыз. Университетіміздің мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Университетіміздің мамандықтарының таңдау пәндері – физика, биология, география, химия. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru