Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/5/12, 19:52
Амзин Еркебулан
Ассалаумагалейкум ректор мырза!менің коятын сурагым мен проходной балл жинай алмадым. окуга шыгармашылык тест тапсыру аркылы тусе аламын ба? мысалы дизаин мамандыгына?
Құрметті Еркебұлан! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, ал оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан кем емес, шығармашылық емтихандардан 10 балдан кем емес, ал қалған пәндерден 4 баллдан төмен емес нәтиже алған оқушылар қабылданады. «Дизайн» мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер шығармашылық емтихандар тапсырады, оған өтініштер 20 маусым 1 шілде аралығында қабылданады. Емтихандар 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/5/12, 15:30
Каукабаева Гульдаригаш Куанышовна
Сәлеметсізбе Ахылбек Қажығұлұлы! Мен осы университеттің ветеринария санитария мамандығы бойынша үздік бітірген түлегімін(специалист), 2006 жылы Биотехнология мамандығы бойынша аспирантураға грант бөліміне түстім,кандидаттық емтихандар тапсырылған, бірақ жұмысымды қорғауға үлгере алмадым,2006 жылдан бері Ұлттық биотехнология орталығында қызмет жасаймын, кіші ғылыми қызметкер болып, Қоятын сұрағым: мен болашақта ғылыми мансабымды жоғарылату үшін ветеринария санитария мамандығына докторантураға тапсырғым келеді, мүмкін бе, алде алдымен магистратура оқуым қажет пе?
Құрметті Гүлдариғаш! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағ-дарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» туралы ережесінің 11 тармағына сәйкес докторантураға (PhD) «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады. Сізге «Ветери-нарлық санитария» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсу керек. Магистратурада білім алу күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Оқу мерзімі 2 жыл. Қосымша ақпаратты университет сайтынан www.agun.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
6/5/12, 15:07
Рахимбергенов Данияр
асалаумағалейкум ректор аға, сізге қояр сұрағым сіздердің университеттеріңіз болашақ студент атанғысы келетін жастарды без сертификат қабылдай алама? мен ентіден құлап қалып тұрмын, жағдайымыз жетпейді, тек жалғыз бір сабақтан екіге шығып тұрмын. басқа оқу орындарына түсуге мүмкіндігім болмай тұр. сіздерде информационный технология факультеті бар екен. менің таңдап отырғаным да осы болатын осы жағдайды қарастырсаңыз. рахмет?
Құрметті Данияр! Өкінішке орай, тестілеу нәтижесінде кемінде 50 балл жинай алмай қалған оқушылар жоғары оқу орындарына қабылданбайды. Қазіргі кезде Сіз колледжге оқуға бара аласыз, оны аяқтап, техникалық және кәсіптк білім алып, университетке сәйкес мамандыққа қысқартылған бағдарлама бойынша жалғастыра аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru, сайт: www.agun.kz.
6/5/12, 10:11
Сундебаева Назгул Мұратқызы
Саламатсыз ба А.Қ.Күрішбаев ағай?! Мен Ақтөбе қаласындағы №32мектептің 11класс оқушысы биылғы жылы ҰБТ-тен 70балл алдым бір өкінетінім матем пәнінен 2алып калдым.Сізге сұрақ осы оқу орнына мені қабылдай аласыздар ма?басқа жағынан қандай мүмкіндігім бар? сіздерге емтихан тапсырып өте аламын ба?таңдау пәнім әдебиет мамандығым қазақ тілі мен әдебиеттен мұғалім болғым келеді....4пәнім бойынша 3жоқ 4-5тапсырдым.. егерде сізге жеке барып сөйлесуімізге мүмкіндік бола ма?
Құрметті Назгүл! Біздің университетте таңдау пәні әдебиет болып табылатын мамандықтар жоқ. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/4/12, 22:45
Айгуль Тулегеновна
Құрметті Ректор мырза! Биология пәнін таңдап қандай мамандықтарға түсуге болады және олардың бағаларын жаза аласыз ба? Алдын ала рахмет!
Құрметті Айгүл! Биология пәнімен келесі мамандықтарға оқуға түсе аласыз: 1. Агрономиялық факультет - 5В060800 – «Экология», - 5В080100 – «Агрономия», - 5В080800 – «Топырақтану және агрохимия», - 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 2. Ветеринария және мал шаруашылығы технологмясы факульеті - 5В070100 – «Биотехнология», - 5В120100 – «Ветеринарлық медицина», - 5В120200 – «Ветеринарлық санитария», - 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», - 5В080300 – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», - 5В080200 – «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау». Көрсетілген мамандықтар бойынша жаңа оқу жылына оқудың төлем ақысы 296,0 мың теңге шамасында болмақ. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/4/12, 20:08
Сырым
Сәлематсызба! Мен ҰБТ нәтижесі бойынша 74 балл (ауыл квотасы бар) алдым. Биологиядан 5, Тарих, қазақ тілі 4, бірақ математика пәнінен 2 бағаларын алдым. Сізге оқуға түсудің қандай мүмкіндіктері бар?
Құрметті Сырым! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, ал оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан кем емес, қалған пәндерден 4 баллдан төмен емес нәтиже алған оқушылар қабылданады. Өкінішке орай Сіз бұл талаптарға сәйкес келмесіз, сондықтан оқуға биыл түсе алмайсыз. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.