Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/4/14, 18:26
Елеусізова Жұлдызай Бақытханқызы
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы! Менің қояр сұрагым жатақхана жөнінде. Бүгін жатақхана керек ететін студенттердің тізімін әр топ кураторлары алды, осы жөнінде өзінізден толықтай мағұлмат алсам деген едім! Бұл жатақхана қандай студенттерге беріледі жане қашан беріледі?
Құрметті Жұлдызай! 2012 жылы университет басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жаңа жатақхана салуға қол жеткізген болатын. Белгілі себептермен жатақхана құрылысы уақытында аяқталмады. Сондықтан әлеуметтік жағдайы өте төмен студенттерді орналастыру үшін, қосымша орындар қарастыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағытта жаңалықтар болса, қосымша хабарлаймыз.
1/30/14, 21:14
Нурислам
Ассаляму алейкум Ақылбек Қажығұлұлы! Мен осы жылы \"Орман шаруашылығы\" мамандығы бойынша колледж бітіремін. Осы оқу орнына түсуге қазірден барынша дайындалып жатырмын. Сізге қояр сұрағым: Осы мамандық бойынша сіздерге оқуға түсу үшін кешенді тестілеуге қандай пән таңдаймын? Және сіздерде осы мамандық бойынша колледжден соң әскери кафедраға түсуге мүмкіндік барма?
Құрметті Нұрислам! Кешенді тестілеуді келесі 4 пән бойынша тапсырасыз: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау пәні (мамандыққа сәйкес). «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығына сәйкес таңдау пәні - география. Колледж бітірген азаматтар кешенді тестілеуді тапсыру нәтижесінде қажетті балл мөлшерін жинап, жоғары оқу орындарында қысқартылған оқу бағдарламасына түсе алады, оқу мерзімі - 3 жыл. Толық оқу нысаны (мектеп бітірген азматтар үшін) – 4 жыл. Әскери кафедраға толық нысаны бойынша оқитын студенттер қатарынан іріктеу жіргізіледі. Сондықтан, кешенді тестілеуді тапсырған соң, қай оқу нысаны таңдау өз құзырыңызда. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
1/29/14, 17:51
Жақсылық Сапархан
Сәлеметсіздерме,мен Жақсылықов Сапархан Қстанай мемлекеттік университетінің 1-курс студентімін.Инфориатика мамандығы бойынша мемлекеттік гранттамын.Сіздердің ҚазАТУ университеттеріңізге сырттай қызығып сонда оқығым келеді,сіздең сұрарым мобильділік бойынш немесе оқуымды сонда тәмамдауыма болама? Жауабыңызды асыға күтіп қаламын.
Сәлеметсіз бе, Сапархан! Сіздің «Информатика» мамандығы бойынша мемлекеттік грант иегері болуыңызға байланысты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға, сондай-ақ грантты сақтай отырып ауысуға Сіз тек осы мамандық бойынша жүзеге асыра аласыз. Біздің университетте «Информатика» мамандығы бойынша түлектер шығарылмайды. Біздің университетімізге басқа мамандық бойынша тек ақылы негізде ауыса аласыз. Егер ақылы негізде оқуды жалғастырғыңыз келсе, онда Сізге тікелей факультет деканымен байланысуыңыз қажет. Декандардың байланыс мәліметтерін университет сайтынан таба аласыз.
1/29/14, 15:48
Молдагали Гульназ
salemetsiz be?Men Gulnaz biil 11di buirsa bitirem.Attestatpen tusuge mumkindigim bar ma?Jane akisi kanwa ekenin bilsen degem grant bul joninde bolingen ba rahmet.
Құрметті Гүлназ! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Мамандықтарға гранттар мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыс беру арқылы, яғни мемлекеттік білім гранттарды тағайындау арқылы бөлінеді. Ол үшін жыл сайын талапкерлер арасында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізіледі, аталған конкурсқа Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қатыса алады. Өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. Егер де Сіз биыл 11 сыныпты аяқтай отырып, ҰБТ-ға қатысудан бас тартсаңыз, мемлекеттік емтихан тапсыру арқылы тек қана аттестат алсаңыз, онда Қазақстандық жоғары оқу орындарына қабылдануға құқылы болмайсыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
1/28/14, 21:40
Зухра Зуппарова
Салеметсиз бе, Ректор мырза! Мен осы 2014 жылы КазАТУга магистратурага тапсырып грантка туским келеди, сол ушин магистратуранын сурактарын сайттан алып дайындалып журмин, 2014 жыл сол сурактар келе ме немесе жыл сайын сурактар ауысып отыра ма? Былтыр \"Вычислительная техника и программное обеспечение\" мамандыгына неше грант болинди?
Құрметті Зухра! 6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша қабылдау емтиханы сұрақтарын «Бакалавриат» оқу бағдарламасы аясында кафедралар құрастырады. Сұрақтардың саны, қойылу тәртібі өзгергенмен, мазмұны өзгермейді. Мемлекеттік білім беру гранттарын жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. Біздің университетке үстіміздегі оқу жылында аталмыш мамандық бойынша 8 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Магистратураға оқуға түсу туралы қосымша ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
1/28/14, 15:49
МилаКим
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев! Менің сізге қояр сұрағым әр семестр біткенде яғни қыстық семестрда бізге жолдық ақша (дорожный)беретін.Бірақ осы жолы бізге түспеді.Қашан түседі екен?Осы сұрағыма жауап күтемін.Алдын-ала рахмет!
Құрметті МилиКам! Қыстық семестрде берілетін жолдық ақша қаржысы студенттерге әлі жіберілген жоқ. Бұл сұрақ ҚР Білім және ғылым министрлігінен қаржының жіберілуіне байланысты шешіледі.