Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/4/12, 13:38
Манатбай Айдана
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен,Манатбаева Айдана «Астана» университетінің аударма ісі факультетінің 1 курс студентімін. Мен С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің экономика факультетінің «Әлеуметтік-мәдени сервис»мамандығының күндізгі оқу бөліміне ауыса аламн ба?Ауыса алсам,қандай құжаттар кажет болады? Ақылы оқу бөлімінде оқитын немесе ауылдық жерден келген студенттер жатақханамен қамтамасыздандырылады ма? Сұрағым жауапсыз қалмайды деп сенемін.
Құрметті Айдана! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «110» қаулысымен бекітілген білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасына сәйкес ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады. Білім алушыны жоғары оқу орындарына ауыстырудың немесе қайта қабылдаудың міндетті шарты оның бірінші академиялық кезеңді көлемі кемінде 15 кредиттен тұратын жеке оқу жоспарына сәйкес толық аяқтауы болып табылады. Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса немесе қайта қабылдана алады. Яғни, Сіз біздің университетке ауысуға мүмкіндігіңіз бар егерде айырмашылық міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаса. Ауысқан кезде келесі құжаттар қажет болады: 1. ЖОО лицензия көшірмесі (студент оқитын мамандыққа қосымша қоса беріледі) 2. Сынақ кітапшасы 3. БҰТ сертификат көшірмесі (бейіндік пән бойынша 7 балдан кем емес) 4. Транскрипт- тұп нұсқа 5. Студент оқитын ЖОО ректоры атына өтініш, ректордың келісім бұрыштамасымен және ЖОО мөрі басылған 6. Ауысқалы жатырған ЖОО ректоры атына өтініш 7. Айырмашылық үшін төлем ақы 8. Оқу ақысының көшірмесі Жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша университеттің жатақханасында бос орындар болуына байланысты арнайы комиссия шешім қабылдайды.
11/2/12, 12:31
Нұрболатова Жансая
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажыгұлұлы! Мен БҚО, М.Өтемісұлы атындагы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 11 сыныбында оқимын.Менің сізге қояр сұрагым: Алла қаласа осы жылы ҰБТ тапсырамын,шамамен қанша балл жинап,қандай биология саласының мамандықтарына баруга болады? мысалға алатын болсам,дәрігерлікке немесе биотехнология саласына... Рахмет!!!
Құрметті Жансая! Таңдау бойынша пән ретінде биология пәнін тапсырған түлектер университетіміздің агрономия және ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеттерінің мамандықтарына оқуға түсе алады. 2012 жылдағы гранттар конкурсы нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 78-90 балл жинаған талапкерлер грант иегерлері атанды. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
11/2/12, 10:38
Сыдық Бағдат
Құрметті ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза, мен энергетика факултетінің 2 курс студентімін. сізге қойар сұрағым Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға конкурс барма?
Құрметті Бағдат! Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен білім және алмасу бағдарламалары бойынша ақпараттарды университет аясындағы Қазақ-Қытай білім және ғылым орталықтан келіп білуіңізге болады. Орталық келесі мекенжайда орналасқан: Ә.Молдағұлова көшесі 27, жатахана 2а, тел.:48 18 60.
11/1/12, 17:42
Амангелди Багила
салеметсизбе Акылбек Кажыгулулы Куришбаев ага. мен агрофактын осимдик коргау жане карантин мамандыгынын 1-ши курс студентимин сизге койар сурагым биыл 1-ши семестр дал кай куни битеди? маган керек еди
Құрметті Бағила! Агрономиялық факультетінің «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының 1-ші курс студенттерінің қысқы сессиясы 2012 жылдын 24 желтоқсанынан 2013 жылдың 12 қаңтары аралығында болады. Ал 2-ші семестр 2013 жылдың 28 қаңтарынан басталады.
10/31/12, 21:19
Азимханов Акежан
Салеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен экономика факультетінің «Есеп және аудит»факультетіне түскім кеп жүр. Осы мамандық бойынша грант аз бөлінгендіктен ақылай төлеу қанша болады?
Құрметті Акежан! Биыл экономика факультетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу ақысы 374,5 мың теңге болды. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
10/31/12, 08:22
кушкинбаева алия мусағалиевна
Саламатсыз ба? Университеттегі \"Педагогика және Психология\" мамандығының жылдық оқу ақысы қанша болады?
Құрметті Әлия! Өкінішке орай, университетімізде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша дайындық жүзеге асырылмайды. Педагогикалық бағыттағы мамандықтар қатарында «Кәсіптік білім» мамандығы ғана бар, бұд мамандықтың жылды төлем ақысы 296,0 мың теңге құрайды. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).