Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/25/13, 23:18
Бермаганбет Алия
Саламатсыз ба!менiн сiзге кояр сурагым,мен техникалык факультеттин 1 курс студентiмiн,Грант иегерi.Осы 1 семестрден кейiн энергия факультетiне ауысуга мумкiндiгiм бар ма?егер грантта орын болса?
Құрметті Әлия! Осы семестрден кейін, энергетикалық факультетінде 1 курс студенттерінің арасында босатылған грант орыны болса, ауысуға болады. Қосымша ақпаратты 317 526 телефондарына хабарласаңыздар.
11/24/13, 01:38
Әділ
Саламатсыза!Мен ә курс студентімін.Менің қояр сүрағым,2 семестрде электрoэнергетика мамандығымен басқа мемлекетке барып оқығым келеді (мобильділік программасы), осы мәселе туралы кімнен сұрасам болады???
Құрметті Әділ! Әр факультетте студенттердің академиялық мобильіне жауапты адамдар болады. Сондықтан бұл сұрақ бойынша энергетикалық факультетінің деканатына келуіңізге болады.
11/23/13, 22:10
Оразалы Айдана
Сәлеметсізбе ректор мырза!Мен энергетика факультетінің 1 курс студентімін Сізге қояр сурағым қысқы емтихан уақыты нақты қашан бітеді,зачеткамызға бағаларымызды қай уақытта қойдырып уйге нақты қашан қайта аламыз
Айдана Сессия 3 қаңтар күні бітеді, сондан соң Сіз сынақ кітапшаңызды деканатқа сессияны жабу үшін өткізесіз.
11/23/13, 18:07
Өтенбаева Нұрлы
салеметсізбе,менін кояр сұрагым,сессия 31не дейін бітедіме,өтінем нақты күні керек еді
Құрметті Нұрлы! Бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес қысқы емтихан сессиясы 16.12.2013ж.- 03.01.2014 ж. аралығында болады.
11/23/13, 15:30
Рахманбергенова Бекнур
Сәлеметсіз бе, Мен КЖжКББ факультетінің КБ мамандығы бойынша 2-курс студентімін.Менің сұрағым - академиялық мобильділікке байланысты.Мен осы жылғы 2 семестрде Алматы қаласында оқығым келеді. Менің Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқуыма мүмкіндігім бар ма немесе тек университеттің келісім шарт жасасқан оқу орындарында ғана оқи аламын ба ? Және де ол үшін қандай құжаттарды қай уақытқа дейін тапсыруым керек ? Алдын ала рахмет !
Құрметті Бекнұр! Сіз басқа оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алу туралы толық ақпаратты университетіміздің Бас ғимаратында орналасқан №2 «а» кабинетінен біле аласыз.
11/23/13, 00:58
Зуппарова Зухра
Сұрақ: Салеметсiз бе, Ректор мырза! Мен 2010 жылы К.И.Сатбаев атындагы Казак Улттык Техникалык университетинин бакалавр бойынша \"Вычислительная техника и программное обеспечение\" мамандыгын кызыл дипломмен битирдим. 2014 жылы КазАТУ дын \"Вычислительная техника и программное обеспечение\" мамандыгына магистратурага тапсырып грантка туским келеди. Кызыл дипломмен битиргендерге женилдиктер бар ма? Грантка тусе алмай калган жагдайда оку акысы жылына неше? Осы мамандыкка магистратурага жылына неше адам тапсырады? 2014 жыл осы мамандыкка неше грант болинеди? Магистратурада окитын студенттерге жатакхана бериле ме, егер онын семьясы болган жагдайдашы?
Сәлеметсізбе, Зухра! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген, 2010 жылғы 9 шілдедегі № 365 және 2011 жылғы 30 мамырдағы №224 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне» (әрі қарай – Ереже) сәйкес Сіз университеттің магистратурасының «6M070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Жоғарыда айтылған нормативтік құжаттарға сәйкес ЖОО қызыл дипломмен бітірген азаматтарға жеңілдіктер қарастырылмаған. 2013-2014 оқу жылына оқу ақысы 396000 теңгені құрады. 2014-2015 оқу жылына оқу ақысының мөлшері белгісіз, өйткені ол жыл сайын ҚР Үкіметімен белгіленеді. Магистратураның «6M070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына жыл сайын орта есеппен 15-20 адам құжат тапсырады. Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзыретінде болғандықтан, бүгінгі күні 2014-2015 оқу жылына қанша мемлекеттік грант бөлінетіні белгісіз. Жатақхана беру туралы мәселе оқуға түскеннен кейін қарастырылады. Оқуға түсу туралы қосымша ақпаратты университеттің www.agun.kz сайтынан алуыңызға болады.