Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/30/14, 23:29
Мадетова Қаракөз Халимбекқызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!Мен 4ші курс студентімін. 22 сінде 1 ші курстардың жатақанаға құжаттары қабылданып бітті ғой, енді жоғарғы курстарға мүлдем орын қалған жоқ па? 4 курстың кейбір студенттік құрамда бар студенттері жатақхана алыпты, ал біз әлеуметтік жағдаймен де ала алмай жүрміз.
Құрметті Қаракөз! ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша салынып жатқан студенттік жатақхана құрылысының аяқталмауына байланысты, жатақханаларға тек қана 1-2 курс студенттері орналастырылды. Ал, материалдық жағдайлары төмен жоғары курс студенттерінің өтініштері тұрғын-орын комиссиясында қарастырылады.
8/21/14, 20:57
Сейткул Замира
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы! Биыл 3-4 курс студенттеріне жатақхана беріледі ме?
Құрметті Замира! Қазіргі таңда мемлекеттік грантта оқитын 1-курс студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, жоғары курс студенттеріне жатақхана берілмейді. Ай сайын жұмыс істейтін тұрғын орын комиссиясында студенттердің өтініштерін қаралатын болады.
8/21/14, 11:08
Құлмахан Әсия Біржанқызы
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Күрішбаевқа Агрономиялық факультетінің 409 группасының 4 курс студенті Құлмахан Әсия Біржанқызының Әжесінен Өтініш Мен, Сартаева Шакиразым немерем Құлмахан Әсия Біржанқызына өте қажетті жатақхана мәселесімен хабарласып отырмын.Өзім 10 бала тәрбиелеп өсірген, Алтын алқа иесі, Батыр анамын. Немеремнің анасы жұмыссыз, ал әкесі ұзаққа созылған ауыр науқастан жақында қаза тапты. Астана қаласында тұратын туысы жоқ. Немере қызым Құлмахан Әсия Біржанқызы 4 курсқа дейін университеттің №5 жатақханасында жатақхана тәртібін бұзбай, өнегелі тәрбиесімен тұрып келді. Сізден өтінерім біздің отбасындағы ауыр жағдайымызды ескеріп,Құлмахан Әсия Біржанқызына №5 жатақханадан орын беруіңізді өтінемін. Осы өтінішке қосымша төмендегі құжаттар тіркеледі: 1.Алтын алқа куәлігінің көшірмесі. 2.Ұлым Біржан Құлмаханұлының қаза тапқаны жөніндегі куәлігінің көшірмесі. Аналық алғысымды білдіре отырып, қызметіңізге табыс тілеймін. Өтініш иесі Ш.Сартаева 18.08.2014 жыл.
Құрметті Әсия! 2014-2015 оқу жылында мемлекеттік грантта оқитын 1- курс студенттерін жатақханамен қамтамасыз ете аламыз. Сондықтан 4 курс студенттеріне жатақхана берілмейді. Дегенмен ай сайын жұмыс істейтін тұрғын орын комиссиясында студенттердің өтініштерін қарауға болады.
8/18/14, 21:24
Тәңірбергенова Шынар Қайратқызы
Сәлеметсіз бе? Мен Биотехнология мамандығының 2 курс студентімін. Ақылы түрде оқимын. Оқудың ақшасын 1 қыркүйекке дейін толық жартысын толеу керек пе алде толық болмаса да бола ма?
Құрметті Шынар! «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетімен жасалған Келісім - шарттың 2.3.5. пунктінде көрсетілгендей сіз оқу ақшасының 50% 1 қыркүйекке дейін төлеуіңіз қажет.
8/15/14, 21:41
Алмасов Нұркелді Жидебайұлы
Ассаламағалейкум құрметті Ақылбек Қажығұлұлы 2-курс студенттеріне нешесінен бастап жатақхана беріледі?
Құрметті Нұркелді! 2-курс студенттеріне жатақхана 25-27 тамыз аралығында беріледі. Толық ақпаратпен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің www.kazatu.kz сайтынан таныса аласыз.
8/14/14, 23:56
Насырқожа Есбол Бидоллаұлы
СӘЛЕМАТСЫЗ БА, АҚЫЛБЕК ҚАЖЫҒҰЛҰЛЫ!!! Інім Насырқожа Есбол Бидоллаұлы сіздердің оқу орындарыңызға «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы бойынша грантка түсті. Құжаттарды 19 тамыз күні тапсырсақ,20 тамыз күні жатақханаға тіркеле аламыз ба? Және де қосымша әскери кафедраны меңгеріп шыға ала ма???
Құрметті Есбол! Сіз құжаттарыңызды тапсыру барысында жатақхана алуға өтініш жазсаңыз, 1-курс студенттеріне жатақхана 20-22 тамыз аралығында беріледі. Ал әскери кафедраға қандай мамандықтар бойынша қабылдау болатынын оқу басталған соң деканаттар арқылы әскери кафедра қосымша хабарлайды.