Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/13/15, 16:40
Əбілбекова Əсел Ерланқызы
Сəлеметсіз бе ректор мырза! Менің сіңілім сіздердің университетеріңізге оқуға тапсырғалы жатыр. Биотехнология мамандығы бойынша. Бұл мамандықты бітірген соң қай жерлерде жұмыс жасай алады жəне ақылы бөлімнен сабақты жақсы оқыса грантқа өту мүмкіндігі бар ма?
Құрметті Әсел Ерланқызы! 5В070100 Биотехнология мамандығының біліктілігі-биотехнолог. Студенттер 5В070100 Биотехнология мамандығы бойынша оқуын аяқтап, биотехнология бакалаврының академиялық дәрежесін алғаннан кейін ғылыми-зерттеу институтында және жоғарғы оқу орнында маман; өндірістік зертханаларда техник немесе технолог; биотехнологиялық өндірісте шебер-технолог ауыл шаруашылығы биотехнологиясының маман, тағам өнеркәсібінің маманы; биотехнолог-селекционер; экологиялық қызмет пен кәсіпорын маманы; колледж, гимназия, орта мектептерде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуге құқығы бар. Білім және ғылым министрлігі тарапынан қосымша білім алу гранты бөлінген жағдайда оқу үлгерімі жақсы студенттер грант үшін конкурсқа қатыса алады.
8/12/15, 15:59
Зейнуллина Жанар
Сәлеметсізбе,Ақылбек Қажығұлұлы?! Мен сіздерде 3 курс студентимин. Биздин университеттин жоғары курс студенттери(яғни,3-4 курс) жатақханадан орын ала алама? Жане биылгы 2015-2016 оку жылында кай уакыттан бастап жатақхана бериледи? Рахмет!
Құрметті Жанар! Биылғы оқу жылында 3-4 курс студенттеріне жатақханадан орындар қарастырылмайды. Себебі 1-курс студенттерін орналастыруға басымдық беріледі. Дегенмен ай сайын жұмыс жасайтын Тұрғын орын комиссиясына өтініш тапсыруға болады (жоғары курс студенттерінің өтініштері 2015 жылдың 25 қазанынан бастап қабылданады).
8/12/15, 14:44
Нуржан Акнур Жакипбеккызы
сәлеметсіз бе! Сізге қойғым келгені колік, колік технологиясы мамандығының ақылы оқуы қанша? мүмкін болса толығырақ жауап берсениз
Құрметті Ақнұр! 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша оқудың жылдық ақысы 1 курс студенттері үшін 350 000 теңге. Қазіргі уақытта, оқу топтарының толуына байланысты ақылы бөлімге студенттерді қабылдау аяқталды, ал гранттарды жеңіп алған талапкерлерден құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың тамыз айының 25-не дейін жүргізіледі.
8/12/15, 12:04
Нуржан Акнур Жакипбеккызы
Салеметсиз бе! Сизден сурайын дегеним колік, көлік технологиясы мамандығының оқу ақысы қанша? Және толығырак айтып берсениз не істеу керек екенін мүмкін болса қоңырау шалсаңыз. Сіздерге хабарлассақ ешқандай байланыс жоқ. Рахмет
Құрметті Ақнұр! 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша оқудың жылдық ақысы 1 курс студенттері үшін 350 000 теңге. Қазіргі уақытта, оқу топтарының толуына байланысты ақылы бөлімге студенттерді қабылдау аяқталды, ал гранттарды жеңіп алған талапкерлерден құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың тамыз айының 25-не дейін жүргізіледі. Қосымша ақпараттар бойынша техникалық факультеттің деканатына, (8-7172) 39-73-99 нөміріне хабарласа аласыз.
8/11/15, 18:51
Ескараева Бахытгуль Армановна
Салеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!мен осы жылы ҚазҰУ-не грантқа түстім.Бір жылдан кейін мен ҚазАТУ-ға грантымды сактап дəл сол мамандыгыма ауыса аламын ба?Алдын ала рахмет!
Құрметті Бахытгуль! Егер мамандық сәйкес келген жағдайда. Ол үшін тиісті факультеттің деканына хабарласыңыз.
8/11/15, 14:47
Оралбаев Нурлан Максатулы
Ассалаумағалейкум Ақылбек Қажығұлұлы. Жолдасым екеуміздің үйленгенімізге 1ай болып еді. жұмыс бабымен Астанаға ауыстым. Сіздің Университетіңіздің магистратурасына түсірейін деп едім. Алматыдағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін Қызыл дипломға бітірген Президенттік стипендиямен оқыған, Сайыстардан орын алған. Енді ағылшын тілінен экзамині 13 тамыз күні қандай көмегіңізді бере аласыз Ағылшын тілінен қиналып тұр
Құрметті Нұрлан! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне магистратураға түсуге ниет білдіргеніңізге қуаныштымыз. Сіз Қазақ ұлттық университеттің түлегі және Президенттік стипендияның игері болғандықтан шет тілінен емтиханды өз күшіңізбен тапсыра алады деген сенімдемін. Қосымша сұрақтармен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: 38-61-53