Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/21/16, 07:56
Nauriz Nauriz Nauriz
Сәлеметсiзбе Ақылбек Қазығұлұлы сiздейн сұрайын дегенiм менде мысалы конкурста 2 iн серпiнмен қалған 2 iн былайша ҚазАТУға жазсса болама әлде серпiнге 4iнде жазу мiндеттiме. 4iн аралыстырып жартысын серпiнмен қалғанын серпiнсiз жазуға болатын шығар???.
Құрметті Наурыз! Мемлекеттік білім гранттарына өтініш беру барысында талапкер 4 мамандық таңдауға құқылы. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» («Серпін») бағдарламасына Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауылдық мектеп бітірген түлектері қатыса алады. Сондықтан Сіз осы аталған облыстардың ауылдық мектебінің түлегі болсаңыз, өтініш беру барысында «Серпін» бағдарламасы бойынша қанша мамандық көрсетсеңіз де өз еркіңіз. Анықтама телефоны: 8 (7172) 31-75-56
7/20/16, 14:40
Байсабаев Айдын Серикулы
Салеметсізбе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы. Мен 2010 жылы техника факультетіне ақылай түрде оқуға түстім. 2 курсты жаксы оқылым. Əскери кафедра да оқыдым. 3 курстын 1 ші семестрінде отбасы жағдайына байланысты өз еркіммен оқудан шығып кеттім. Қазіргі таңда барлық құжаттарым сіздің университетіңізде. Одан бері 4 жыл уақыт өтті. Менің сізге қояр сұрағым: Мен енді осы жылы сырттай оқу бөліміне ауыса алам ба? Жəне ол үшін не істеу керек? Немесе алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарына ауыса алам ба? Не істесем болады? Менің сұрақтарым жауапсыз қалмайды деп сенем. Рахмет!
Құрметті Айдын Серікұлы! Біздің ЖОО және Қазақстандағы басқа да ЖОО-дары оқу үрдісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасын» басшылыққа алады. Қағидаға сәйкес ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады. Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса немесе қайта қабылдана алады. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында жүргізіледі. Қосымша мәліметтер бойынша техникалық факультет деканатына 8(7172) 39-73-99 және тіркеуші кеңсесіне 8(7172) 39-75-08 телефондары арқылы хабарласуыңызға болады.
7/18/16, 13:04
Zharilkap Demesin Toreaxmet
Мен ветеринария мамандыгы бойынша колледжди кызыл дипломмен битирдим. Кешенди тестке катвсамын, грантка тусу ушин канша бал жинау керек? Аке шешемнин кайтыс болувна байланысты комек болады ма?
Құрметті Демесін! «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша 2015 жылы жалпы конкурс бойынша 86 баллмен, ауылдық квотамен 84 баллмен мемлекеттік грант иегерлері белгіленген. Көрсетілген нәтижелер Сізге бағыт-бағдар беру мақсатында жинақталған, себебі 2016 жылғы грант иегерлері қандай баллмен оқуға түсетіндері белгісіз. Неғұрлым жоғары балл алсаңыз, соғұрлым сіздің мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігіңіз жоғары болмақ. Колледж аяқтаған түлектер, кешенді тестілеуді жемісті тапсырған жағдайда, өзінің сәйкесті мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша бөлінген гранттарға үміттене алады. Анықтама телефоны: 31-75-56
7/18/16, 11:40
Серикбай Жанерке Маулитбайкызы
Салеметсиз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен 3 курс теxнологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының студентімін! мен 11.07.16ж күннен бастап өндірістік практика өтіп жүрмін! Сізге өтінішім бар еді басқа жақтан келгенім үшін тұратын жерім болмай тұр! Ал практика 26 тамызға дейін болады. Маған университеттін жатаxанасынан орын бөліп бере аласыз ба? Раxмет
Құрметті Жанерке! Сіз басқа қаладан болғандықтан, жазғы тәжірибе мерзімі уақытында студенттік жатақханада тұруға рұқсат. Сіз өтініш жазып, тиісті құжаттарыңызды әкелуіңіз керек.
7/14/16, 11:10
Шамшитдинова Гульнар Елтайқызы
Саламатсыз ба, Ақылбек Қажығұлұлы. Менің қызым Серікова Гүлім "Алтын белгі" иегері болып, сіздің университеттің экономика факультетін таңдады. І курста "Алтын белгілерге" ұсынылған 2"а" жатақханадан белгісіз себептермен орын берілмей, 2 "б" жатақханада 5 кісілік бөлмеде тұрып І курсты бітірді, жоғарғы степендия иегері болды. ІІ курста 2"а" жатақханасынан орын алуға мүмкіндік бар ма?
Құрметті Гүлнәр Елтайқызы! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жыл сайын студенттерге жатақхана бөлу жұмыстарын комиссия тамыз айының 20-нан бастайды, демек Сіздің сұрағыңыз бойынша тамыз айындағы болатын студенттердің тұрғын үй комиссиясы жұмысында қарастырылады.
7/12/16, 10:10
ЕРСІН АЯКӨЗ ЕРСІН
Салеметсізбе мен сұрайын днгеным сыздерде педагогика бойынша оки аламынба естуімше жок жане физика бойынша мамандыктар кандай ақылы оқу канша багасы,мен убтдан орыс т сыз 57 балл алдым ,,,сыздерге хабарласа алмадым телефон бойынша
Құрметті Аякөз! 2015 жылдағы грант конкурстарының нәтижесіндегі таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша өтпелі баллдар: - Кәсіптік білім - қазақ тілінде 82/80, орыс тілінде 80/76; - Ақпараттық жүйелер - қазақ тілінде 100/89, орыс тілінде 98/73; - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - қазақ тілінде 90, орыс тілінде 85; - Көлік, көліктік техника және технологиялар - қазақ тілінде 87/83, орыс тілінде 82/69; - Жылу энергетикасы - қазақ тілінде 89/85, орыс тілінде 87/71; - Электр энергетикасы - қазақ тілінде 93/88, орыс тілінде 90/77; - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар - қазақ тілінде Н-100/90, орыс тілінде 93/77; - Технологиялық машиналар және жабдықтар - қазақ тілінде 81/78, орыс тілінде 75/63; - Стандарттау, сертификаттау және метрология - қазақ тілінде 100/90, орыс тілінде 92/75; - Аграрлық техника және технология - қазақ тілінде 77/75, орыс тілінде 67/58; - А/ш энергиямен қамтамасыз ету - қазақ тілінде 84/80, орыс тілінде 81/68; - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру - қазақ тілінде 100/94, орыс тілінде Н-82/94. Физикаға қатысты мамандықтар бойынша оқудың төлем ақысы 350 мыңнан бастап 443,3 мың теңгеге дейін. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56