Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/21/18, 13:50
Кайна Амангалиев Абай
Сәлеметсіз бе? Мен Жәңгір хан атындағы университетке көлікті пайдалану және жүк қозғалысын ұйымдастыру мамандығына әкімшілік грантқа түскен едім.Келесі жылы сіздің университетке грантты сақтай отырып ауыса аламын ба?
Құрметті Абай! Сіз, Әкім грант иегері болғандықтан, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне ауысу барысында грант сақталмайды. 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығына ақылы негізде ауыса аласыз. Қосымша ақпараттарды Білім алушыларға қызмет көрсету орталығынан 8 (7172) 397378 тел. алуға болады.
8/19/18, 14:59
Кейкиева Эльмира
Салеметсизбе, Ахылбек Кажигулұлы Мен Оңтүстік Қазақстан облысы.Созақ ауылынан балам ҰБТ дан 94 бал жинап, сиздердин оқу орындарыңызға ақылы түрде Ветеринарлық медицина" мамандығына оқуға түсіруге алып келіп едік. Бірақ ол мамандықта орын жоқ деп, "мал өнімдерін өндіру технологиясы" мандығын ұсынып отыр, біздің ауданға мал дәрігерлері жетіспейді. Сондықтан "Ветеринарлық медицина" мамандығына оқуға қабылдауыңызды өтінемін.Рахмет.
Құрметті Эльмира! Сұрағыңыз орынды. «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша 2018 оқу жылына бөлінген мемлекеттік гранттың саны 122 адам, ал ақылы негізде 28 адам алынып, барлығы университеттің жоспарына сай 150 адамды құрап отыр. Осыған орай, бұл мамандыққа артық қабылдай алмаймыз. Ал, 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы «Ветеринарлық медицина» мамандығымен тығыз байланысы бар, бүгінгі күні елімізде сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Аталмыш мамандық түлектеріне «Ауыл шаруашылығы бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Бұрынғы Кеңес одағы кезінде бұл мамандық «Зоотехния» деп атлды. Қазіргі кезде заман талабына орай малды өсіріп қана қоймай, олардан алынатын шикізат өнімдерін (сүт, ет, тері, жүн және жұмыртқа т.б.) өндіру және өңдеу технологиясын қоса меңгерген білікті «Мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы» деген атаумен мамандар даярлануда. Мамандық түлектерінің жұмысқа орналастырылуы 89,3% құрайды, олар әртүрлі қызмет салаларында қымзет етеді: білім, ғылым, мемлекеттік қызмет, бизнес және т.б. Аталмыш мамандық бойынша бітірген түлектердің мамандық қызмет орындары келесідей: меншіктің әртүрлі формаларының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары; етті-сүтті өңдейтін кәсіпорындар; құс фабрикалары; өнім сапасын анықтайтын зертханалар; ғылыми-зерттеу институттары; селекциялық-асылтұқымдық орталықтар, Республикалық тұқым палатылары және асылтұқымды шаруашылықтар; ҚР АШМ мал шаруашылығы департаменті, аудандық және облыстық а/ш басқармалары және т.б. Бакалавр академиялық дәрежесін алғаннан кейін, бітірушілердің магистратурада оқуды жалғастырып, магистр дәрежесін алуға мүмкіндіктері бар, бұл мемлекеттік қызмет жүйесінде жұмыс істеуге, оқытушылық және ғылыми қызметпен айналысуға мүмкіндік береді, сонымен бірге докторантурада оқуды жалғастырып, диссертация қорғап, философия докторы (Phd ) дәрежесін алу мүмкіндігі де бар. 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлары университетімізде 50 жылдың үстінде тарихы бар «Мал шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамымен дайындалады. Кафедраның ғылыми әлеуеті 84,2% құрайды. Кафедрада малдың асылтұқымды қасиеттерін, өндіріс технологиясын жетілдіру және мал шаруашылығы өнімдері сапасын жоғарылату мақсатында Мемлекеттік гранттық және мақсаттық бағдарламалары аясында ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Кафедра халық шаруашылығының барлық салаларында, оның ішінде аудан, облыс, ірі және шағын мекемелердің (шаруашылықтардың) басшылары болып қызмет атқаратын 10,5 мың қызметкер дайындады. Сондықтан Эльмира, балаңыз осы мамандық иесі болса да, сұранысқа ие білікті маман болады деген сенімдеміз. Біздің С.Сейфуллин атындағы университетіне қош келдіңіз!
8/17/18, 14:37
Карабасова Айгул Карабасқызы
Сәлеметсіз бе! Мен 3 курс студентімін. 1-2 курс бойына тек 2 сабақтан ғана қорытынды 4 тік бағам бар.Біреуі 89 (в+) екіншісі 76 (в-) бірақ емтиханында 74 (с+) алып қалдым,бірақ қорытынды баға 76 шықты. Қызыл диплом алу үшін 4 тік бағалар рұқсат етілген. Қалған сабақтарым,мемлекеттік емтихандар барлығы 5. Қазіргі уақыттағы жалпы GPA 3,9. Енді келешекте 4 курс та қызыл диплом алуға мүмкіндік барма?
Құрметті Айгүл! "Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары" ҚР БжҒМ (2008.03.18, № 125) бұйрығына сәйкес: Қорытынды бағалар А, А - "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген бағаға болса және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
8/15/18, 09:22
Төлеген Асыл Ахметқызы
Сəлеметсіз бе! Уақыт бөліп жауап бергеніңізге рахмет. Тағы бір сұрағым жатақхана алу үшін порталға тіркелу қажет пе жəне порталдағы жатақханаға кезекте тұрған студенттер тізімі қай кезде жаңартылады?
Құрметті Асыл! Жатақхана алу үшін 1-курс студентінің жазбаша өтініші (оны өз факультетінде жатақхана бөлу комиссиясы қабылдайды), электронды портал арқылы тіркелген өтініші де қарастырылады. Ал жоғары курс студенттерінің тек электронды порталдағы өтініштері назарға алынады. Электронды порталдағы өтініштер 2018 жылдың 23 тамызына дейін жаңартылады.
8/12/18, 22:00
Ануарбекова Арайлым Жанболаткызы
Салеметсібе. Мен Павлодар Мемлекеттік Университетінің студентімін, Азық-түлік өнімдерінің теxнологиясы мамандығы бойынша 2017 жылдың гос.Грант иегерімін. КазАТУ университетіне ауысып оқығым келеді бірақ менде бір дисциплинадан жазғы семестр бар, бұл жағдайда мен сіздердің университеттеріңізге ауыса аламынба?
Құрметті Арайлым! Сіз С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне сіздің мамандығыңыз (GPA - min. 2,0) бойынша грантқа ауыса аласыз. Ол үшін сізге 2018 жылдың 25 тамызына дейін білім алушыларға қызмет көрсету орталығына келесі құжаттарды: ауысу туралы өтініш, транскрипт түпнұсқасы, аттестат көшірмесі, ҰБТ сертификатының көшірмесі, грант куәлігінің көшірмесі, флюорография түсірілімі, жеке куәліктің көшірмесі, ЖОО лицензия көшірмесі, мамандық лицензиясының көшірмелерін әкелуіңіз керек. Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының телефон номері: 8 7172 39 73 78
8/11/18, 12:55
Lesbek Diana Mukhtarkyzy
Салеметсізбе.Мен сіздерге мемлекеттік білім грантын жеңіп алған едім. Жатақxанаға және басқада құжаттарды өзім бармай туыстарым тапсырса болады ма? Кейіннен оқу басталғанда өзім барып оқимын. Тек құжаттарды м менсіз тапсырса болады ма?
Құрметті Диана! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студент атану – ол үлкен жетістік және мәртебе, сондықтан құжат өткізу және оқуға қабылдау туралы өтініш беру мәселесіне салғырт қарауға болмайды. Оқуға қабылдау туралы өтінішті талапкер міндетті түрде өз қолымен жазып, қол қойып, қабылдау комиссиясына өткізуге міндетті. Ережені сақтауыңызды сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша 8-775-937-39-29