Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/9/23, 08:24
Бірлікқызы Қарақат

Сәлеметсіз бе, мен осы универге грантқа оқуға түстім. Енді қиын болмаса маған керек құжаттардың тізімін жазып бересіз бе.


Құрметті, Қарақат!

Сәлеметсізбе!

Қажетті құжаттар тізімі: аттестат (диплом) түпнұсқа, 075у және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 2 фото, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты, Грантқ куәлігі ,  әскери куәліктің көшірмесі (ер бала үшін).

 

 Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары 8(7172) 317-556, 398-018

8/8/23, 20:17
Жанат

Жатахана 10 ай бағасын 50% бөліп төлеуге болама


Саламатсыз ба Жанат! Сіз Жатақхана төлемақысын 2 рет бөліп төлеу үшін, 25/08/2023ж. дейін өтініш жазуыңыз керек.

8/7/23, 17:33
Мизам Ардақ Булганхан

ассалаумағалейкум,Қарағанды Политехке грант ұттым,Аграркаға грантқа ауысайын деп едім болама?


Сәлеметсізбе, Мизам Ардақ!

31.08.2022 жылы бекітілген №19 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Академиялық саясатының 8-тармағына сәйкес, бір ЖОО-нан екіншісіне ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады. Білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаған болса ғана ауыстырылады.

ЖОО білім алушыны ауыстыру кезінде Білім беру бағдарламасының даярлау бағытын және бейінін, білім алушының оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушылардың академиялық адалдықты бұзу жағдайларын ескереді.

Білім беру бағдарламасының бейіні сәйкес келмеген жағдайда игеру үшін пререквизиттер белгіленеді. Пререквизиттерді жоғары оқу орны білім алушының игерген пәндер тізбесі, олардың бағдарламалары және транскриптте көрсетілген академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.

 

 

8/7/23, 09:16
Айнур

Саламатсызба менің қызым 67 балмен сіздердің юнверлеріңізге орман шаруа шылығына түсті,сол мамандықпен келешекте қандай жұмыстарға кіраладым мамандығына сураныс барма?


Құрметті Айнур!

Сәлеметсізбе, Сізді мемлекеттік білім гранты иегері атануыңызбен құттықтаймыз! 4 жылдық білім бағдарламасы бойынша оқу алғаннан кейін, әр университетіміздің түлектерін тәжірибе өтуге жіберіледі. Егер талапкер өзің жақсы жағынан көрсетіп жатса, сол жеке кәсіпкердің жұмыс орнына жұмысқа қабылдауы мүмкін. Негізі орман шаруашылығы мамандығын бітірген түлектер келесі бағыттарда қызмет атқара алады:                                                        

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
  2. «Қазақ орманды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК
  3. Мемлекеттік табиғи резерваты» РММ
  4. Мемлекеттік табиғи қорығы
  5. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» МҰТП
  6. «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК
  7. «ҚазОШАҒЗИ» ЖШС
  8. «Жасыл аймақ» РМК
  9. «Астана орманы» ЖШС
  10. «Жасыл жер» ЖШС
  11. «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС

 

8/7/23, 06:44
Инжу

Сәлеметсіз бе, оқуға қабылдауға құжат тапсыруға болама, 11- сыныптан кейін


Құрметті Інжу!

Салеметсізбе, 11 сыныптан кейін ЖОО-на түсу үшін міндетті түрде ҰБТ-ның сертификатымен қабылдаймыз және ҰБТ қорытындысы бойынша ақылы түрде оқуға түсу үшін ең шектік - 50 балл. (Әр пән минимум 5 баллдан жоғары болу керек).

 

8/6/23, 05:08
Айкерим

танысым өсімдік шаруашылығы мамандығына грантқа түсті, степендия берілема бұл мамандыққа


Құрметті Айкерим!

Салеметсізбе, әрине грантқа түскен жағдайда, әр ай сайын 1 семестрге дейін шәкірттік төлем ақы төленеді. 1 семестрден кейін сіздің төлем ақыңыз оқу сапасына және  үлгеріміңізге байланысты болады.