Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/4/12, 13:41
Гульден
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев! Мен экономикалық факультеттің 1-ші курс студенті. 1-ші курстан кейін грант иегері болу мүмкіндігі барма, және оған қойылатын талаптар қандай?
Құрметті Гүлден! ҚР Білім және ғылым министрлігі 2011-2012 оқу жылының жазғы сессия қортындысы негізінде оқуға түсу жылын ескере отырып, мамандықтар, оқытудың нысандары мен мерзімдері бөлінісінде Республика бойынша босаған білім беру гранттарына 15 шілдеге дейін ашық конкурс жариялайды. Босаған білім беру гранттарын тағайындау барысында бірінші студенттің оқу үлгерімі қаралады, оқу үлгерімі тең болған жағдайда қосымша әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Университет білім беру грантын тағайындауға ақылы негізде оқитын үміткерлердің құжаттарын ҚР Білім және ғылым министрлігіне 25 шілдеге дейін ұсынады. Жазғы емтихан сессиясын ойдағыдай тапсырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан болатын босаған білім беру гранттары бойынша конкурсқа қатысуыңызға болады. Конкурсқа қатысу үшін өзіңіз оқитын факультет деканатына: ҚР Білім және ғылым министрінің атына жазылған өтінішіңізді, жеке куәлігіңіздің көшірмесін, оқу кезеңі ішіндегі үлгеріміңіз туралы транскрипт және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын анықтамаларыңызды өткізуіңіз керек (жетім бала, ата-анасы немесе өзі мүгедек болса, көп балалы отбасынан немесе толық емес отбасынан шыққан жағдайда). Қосымша ақпарат алу үшін 619 кабинет тіркеуші кеңсесіне және экономикалық факультетінің деканатына хабарласа аласыз. Телефон 39-75-08, 317566.
6/4/12, 13:35
Ақан
Салеметсізбе ректор мырза.Мен 2013 жылы ент тапсырамын Менің таңдаған пәнім география мен осы пәнмен архитектураға түсе аламынба?
Құрметті Ақан! Түсе аласыз, аталған мамандықтарға оқуға түсу үшін қосымша шығармашылық емтихандар тапсырасыз. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/3/12, 21:19
нурсулу
саламатсызба мен 11 сыныпты бітірдім ұбт дан 80 балл жинадым орыс тілін алып тастағанда 63 балл. 63 балл мен грантқа түсуге болама таңдау пәнім физика
Құрметті Нұрсұлу! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Конкурсқа өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. Физика пәнімен төмендегі мамандықтарға оқуға түсе аласыз: 1. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде - 5В012000 – «Кәсіптік білім», - 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер», - 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; 2. Энергетикалық факультет - 5В071700 – «Жылу энергетикасы», - 5В071800 – «Электр энергетикасы», - 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»; 3. Техникалық факультет - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», - 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», - 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», - 5В0090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/3/12, 20:32
Bota
Salemetsizbe. Men sizden suraiun degenim men jakinda kewendi test tapsiramun sizderdin univ. tapsirip koremin ata-anam jok magan jenildik boladuma biotehnologia nemese seske kanwa balmen tuse alamun?
Құрметті Бота! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Конкурсқа өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. Ал оған дейін Сіз кешенді тестілеуді тапсырып, нәтижесі қолыңызда болады. Өзіңіздің нәтижеңізге сәйкес шешім қабылдайсыз. Кешенді тестілеуге құжаттар 20 маусым 9 шілде аралығында қабылданады, тестілеу 18-22 шілде аралығында өтеді. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/3/12, 15:47
nurjanat
salamatsizdar ma 2012 jigi UBT dan oris tili panin alip tastaganda 71 ball jinadim arhitektura fakultetine grantka tuse alam ba mumkin bolsa aitip jiberesizder ma rahmet
Құрметті Нұржанат! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Конкурсқа өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. «Сәулет» мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер шығармашылық емтихандар тапсырады, оған өтініштер 20 маусым 1 шілде аралығында қабылданады. Емтихандар 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/3/12, 14:45
Асель
Сәлеметсізбе?Мен 2011-жылдың түлегімін.Былтыр мемлекеттік грантқа іліне алмадым.Сұрағым:казату-да кешенді тестілеу осы жылы нақты қай күні отеді,ж/е биология пәні бойынша қыздарға қандай мамандықтар бар?
Құрметті Асель! Кешенді тестілеу шілде айының 18-23 күндері аралығында өтеді, ал құжаттар 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Биология пәнімен ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы мен агрономиялық факультеттірінң мамандықтарына оқуға түсе аласыз. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.