Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/2/12, 23:21
Алимбетова Жанар Ануарбекқызы
Сәлеметсізбе Күрішбаев Ахылбек Кажығұлұлы мырза!Мен 1 маусым күні ҰБТ тапсырдым. Бірақ өте қиын болды, түситетесініксіз сұрақтар мен бұрын естімеген сұрақтар да көп болды! 70 қана балл алып қалдым,тазасы 53 балл болып тұр.Таңдау пәнім ХИМИЯ. Мен Аграрный университетіне түскім келеді, сол үшін қанша еңбектендім, репетиторларға барып дайындалдым жыл бойы. Қатты қиналып жүрмін қазір және ата-анамда киналып жатыр. мен тек грантқа түсу керекпін. себебі ата-анам ақылы оқыта алмайды. менде мүмкіндік барма сіздің оқу орныңызға түсуге? рахмет. Сізге Алла Жар Болсын!!!
Құрметті Жанар! Химия пәнімен келесі мамандықтарға оқуға түсе аласыз: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Мемлекет тарапынан бөлінген гранттар саны туралы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан біле аласыз. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Конкурсқа өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/2/12, 16:55
Сейіт Ақан Сәкенұлы
Ассалаумағалейкум! Химия пәні бойынша қандай мамандықтар бар, және конкурс қандай болмақ, болашақта кім боламын(қандай мамандық)? Егер бар болса, қанша грант бөлінген? Ректордың гранты бола ма екен?
Құрметті Ақан! Химия пәнімен келесі мамандықтарға оқуға түсе аласыз: - 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»; - 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Мемлекет тарапынан бөлінген гранттар саны туралы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан біле аласыз. Университетте ректорлық грант қарастырылмаған. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/2/12, 11:08
Тлеубаева Арайлым
Құрметті ректор мырза!Мен 2012 жылдың түлегімін,кеше 1 маусым күні ЕҰУ-нде ҰБТ тапсырдым. Сіздің университетінізге түскім келеді Ақпараттық жүйелер факультетіне. ҰБТ-дан өкінішке Алтын белгімді ақтай алмай қалдым,71 балл жинадым орыс тілімен,физикадан 19 балл жинадым,мен сіздің университетінізге түсе аламын ба? басқа техникалық факультеттерге ше?
Құрметті Арайлым! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кемінде 50 балл жинаған оқушылар қабылданады. Егер де Сіздің тестілеу нәтижеңіз осы талапқа сәйкес боолса, онда физика пәнімен төмендегі мамандықтарға оқуға түсе аласыз: 1. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде - 5В012000 – «Кәсіптік білім», - 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер», - 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; 2. Энергетикалық факультет - 5В071700 – «Жылу энергетикасы», - 5В071800 – «Электр энергетикасы», - 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»; 3. Техникалық факультет - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», - 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», - 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», - 5В0090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
6/1/12, 21:16
Аупах Мөлдір
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Мен биыл ғана техник-сәулетші мамандығы бойынша колледж бітірдім. Сіздің университетте осы мамандықта оқуды жалғастыру қанша жыл және оқу ақысы қанша? ҰБТны тапсыру міндетті ме?
Құрметті Мөлдір! Оқуға түсу үшін, колледж бітірген азаматтар міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Тестілеу 4 пән бойынша өтеді: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі және таңдай бойынша пән. Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем деген 50 балл жинау қажет. Колледжден кейін талапкерлер өз мамандықтарына сәйкес келетін мамандықтарға ғана қысқарытылған бағдарлама бойынша оқуға түсе алады. Колледжде техник-сәулетші біліктілігін беретін мамандық университеттің «Сәулет» немесе «Дизайн» мамандықтарына сәйкес келеді. Бұл мамандықтар бойынша дайындық күндізгі бөлімде ғана жүзеге асырылады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
5/29/12, 16:54
Қажығали Мирас
Салеметсіз бе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы мен қаржы академиясының 1курс студенті едім сіздердің әскери кафедраға өзге оқу орынынан тусуге бола ма?
Құрметті Мирас! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысының 37 тармағына сәйкес студенттердің әскери дайындығы жүргізілетін ЖОО ректоры Қорғаныс министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің келісімімен, бағыныштылығы және жеке меншік түріне қарамастан, білім беру қызметін жүзеге асыруға Білім және ғылым министрлігінің лицензиясы бар, бірақ әскери кафедралары жоқ басқа ЖОО студенттерін әскери кафедраларда оқуға тарта алады. Студенттерді әскери кафедрада оқуға іріктеу 1 курстың 2 –семестрінде жүзеге асырылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің іріктеу комиссиясы 2012 жылдың 16-18 қаңтар аралығында жұмыс істеген және өз жұмысын аяқтаған.
5/29/12, 14:58
Таутан Төлеби
Саламатсызба ректор мырза.Мен техникалық факультетте АТТ мамандығында 1курста оқимын содан Транспорттық техника ж/е техналогия мамандығына ауысқым келеді.деканатқа барсам орын жоқ деді.нестеуге болады?
Құрметті Төлеби! Сіздің мәселеңіз қарастырылды, өзіңіз оқитын факультет деканына қайта жолығуыңызды сұраймын.