Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/29/12, 14:47
Динара
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен 2009 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің \"Есептеуіш техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру\" мамандығын ақылы күндізгі бөлімі түрінде битирдим. Мен енди кешенді тестілеуден отіп, баска мамандықтың сырттай қысқартылған оқу түріне грантқа тапсыра аламын ба? Гранттар бар ма сырттай қасқартылған оқу бөлімі үшін? Құқық негіздері және экономика мамандығын оқығым келеді.
Құрметті Динара! Сырттай оқу бөліміне мемлекет тарапынан гранттар бөлінбейді. Сырттай оқу бөліміне талапкерлер кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинап, оқуға түсе алады, бірақ колледж мамандығына сәйкес мамандық бойынша ғана. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
5/27/12, 22:15
МАРИЯШ
салеметсіз бе! мен жас түлек 2012, география пәнін тапсырамын, грантка түсу мүмкіндігім бар ма? алтын белгі, қызыл аттестатым жок. Кадастр немесе финансист мамандығына оқығым келеді. Неше балл алу керек және құжаттарды қашан тапсырғаны дұрыс?
Құрметті Марияш! Құжаттар 2012 жылдың шілде айының 23-31 күндері қабылданады. Мемлекеттік білім граттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады, сондықтан қанша баллмен грантқа ие болатындығыңыз жөнінде нақты айта алмаймыз. Аылы оқу бөліміне мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер түсе алады. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
5/25/12, 21:18
Балгын
Салеметсіз бе!Мен кадастр мамандығы бойынша ЖОО биыл бітірдім.Сіздін университетінізге магистратураға грантка түсу үшін кандай міндеттемелер бар және канша грант бөлінген?
Құрметті Балғын ! Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды, 2012-2013 оқу жылына мемлекеттік білім гранттары туралы ақпарат бүгінгі күнге дейін жарияланған жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» туралы ережесінің 4 тармағына сәйкес Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсу үшін тапсыратын емтихандардың қосындысы 150 балдан кем болмауы тиіс. Магистратураға түсу туралы ақпаратты университет сайтынан www.agun.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
5/24/12, 16:49
Женисов Жадырасын Муратович
Ассаламуалейкум Акылбек Кажыгулулы мен Женисов Жадырасын Актобе каласынын тургыны,сиздин Университетке Окуга барайын деп едим,география панинен кандай мамандыктарга тусуге болады?
Құрметті Жадырасын! География пәнімен университетіміздің төмендегі мамандықтарына оқуға түсе аласыз: 1. агрономиялық факультет - 5В080700 – «Орман ресуртасры және орман шаруашылығы»; 2. Экономикалық факультет - 5В050600 – «Экономика»; - 5В050700 – «Менеджмент»; - 5В050800 – «Есеп және аудит»; - 5В050900 – «Қаржы»; - 5В051100 – «Маркетинг»; - 5В090400 – «Әлеуметтік мәдени сервис»; 3. Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия и картография»; - 5В090300 – «Жерге орналастыру»; - 5В090700 – «Кадастр»; - 5В090800 – «Бағалау». Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
5/22/12, 21:16
Рауан
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ! Мен \"Сәулет\" мамандығымен білім алғанмын. Қазіргі таңда геодезия саласында жумыс аткарамын. Сізден сұрайын дегенім:1. Жанағы дипломыммен Геодезист болып жумыс жасауыма бола ма? немесе осы саланын дипломы кажет пе? 2.Геодезия мамандығы бойынша магистратураға түсе аламын ба? Түсе алсам оқу мерзімі, қаражысы және қандай құжаттар қажет? Жауабынызга алдын-ала рахмет!
Құрметті Рауан! Өкінішке орай, Геодезия және картография мамандығы бойынша біздің университетте магистратура жоқ. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Е-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
5/21/12, 21:33
Сабыр
Кұрметті ректор мыза!!! Ветеренарлык мидицинага түсу үшін кашан тест тапсыру керек? Және неше жыл окимын? Окуга тусу унін бірінші диплом кажетпа?
Құрметті Сабыр! Ветеринарлық медицина мамандығына оқуға түсу үшін мектеп түлектері - Ұлттық бірыңғай тестілеу, ал колледж түлектері Талапкерлердің кешенді тестілеуін тапсырады. Тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және биология. Оқу мерзімі мектептен кейін – 5 жыл, колледжден кейін (мамандық сәйкес келген жағдайда қысқартылған бағдарлама бойынша) – 3 жыл. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.