Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/18/13, 01:00
kaster
salamatsizba men oris tilinsiz 65 ball jynadim, tandau panim fizika. magan almatydan jogary oku orindarina tusuge mumkindik barma? bar bolsa kanday?
Құрметті Kaster! Бұл сұрағыңызды Алматыдағы оқу орындарына жолдағаныңыз жөн болар. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/17/13, 17:11
Құралай
сәлеметсиздерме! менің ағам ҰБТ-дан 106 балл жинады орыс тілін алып тастағанда 85 балл таңдау пәні физика грант иегері бола ала ма? болған жағдайда қайдай мамандықтар бойынша грантқа түсу мүмкіндігі бар?
Құрметті Құралай ! Біздің университеттегі мамандықтар туралы толық ақпаратты www.kazatu.kz сайтының «Талапкер» бөлімінен таба аласыз. Мемлекеттік гранттарға құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады.
6/17/13, 03:27
Аскаров арман
Салеметсизбе?! Мен убт-дан орыс тiлiн алып тастаганда 54 балл жинадым. Бирак математикадан 2 алп калдм. Маган кандай кенес бересиздер?. Сиздердин оку орындарыны3га тусуге мумкндик барма?. Алде баскалай кенес береси3дерма? Тандау паним география. Комектесини3дерши!
Құрметті Арман! Оқуға тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған 4 баллдан төмен емес жинаған талапкерлер қабылданады. Өкінішке орай Сіз биылғы жлы жоғары оқу орындарына түсе алмайсыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/16/13, 19:19
Кауленов Абай
Сәлеметсіз бе!Менің атым Абай , осы жылы ҰБТ тапсырдым,барлығы 88 орыс тилсиз 70,Сурагым 70 баллмен грантка өте аламын ба химиянын факультерттеріне???
Құрметті Абай! Таңдау бойынша пәні химия болып табылатын университетімізде 2 мамандық бар «Азық түлік өнімдерінің технологиясы» және «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Былтырғы жылы аталған мамандықтар бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 68 және одан жоғары балла жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/16/13, 18:31
Алмат Адебиетов
салеметсизбе. менин УБТдан жиаган балым 70 орыс тилин алып тастаганда 59. Мен жалпы медицинага оте аламынба?
Құрметті Алмат! Бұл сұрағыңызды медициналық жоғары оқу орындарына жолдағаныңыз жөн болар. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
6/16/13, 02:57
Қабденов Марат
Сәлеметсіздерме, менің қояр сұрағым мынадай:Мен биыл ҰБТ-ден жалпы 67 балл Орыс тілісіз 54 балл болып тур таңдау пәнім биология.Мен сіздердің қандайда бір факультеттеріңізге грантка түсе аламынба?Ауылдык жерденмін...
Құрметті Марат! Университетімізде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтар келесідей: - агрономиялық факультетте 1. Экология; 2. Агрономия; 3. Топырақтану және агрохимия; 4. Өсімдік қорғау және карантин; - ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде 1. Ветеринарлық медицина; 2. Ветеринарлық санитария; 3. Биотехнология; 4. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 5. Ақшлықтану және аң шаруашылығы; 6. Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау. Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru