Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/20/12, 12:40
Акерке
Cәлеметсізбе! Мен Экология және орман шаруашылығы колледжінде \"экология және табиғат қорғау қызметі\" мамандығын бітіріп шықтым. Сіздердің университеттеріңізде сырттай осы мамандығымды жалғастырсам деп едім. Жылына қанша төленеді? кай мезгілге дейін, кандай құжаттар тапсыру керек?
Құрметті Ақерке! Биыл біздің университет сырттай оқыту факультетіне 5В060800 Экология мамандығына колледж бітірген студенттер қабылданбайды. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18. Студенттерді қабылдау бөлімі: 31-75-22, 39-39-19. Сырттай оқыту факультеті.
5/18/12, 17:42
Отарова Ботагаоз Жандарбековна
Салеметсизбе?Мен 11класта окимын.Тандау паним биология.Кандай мамандыктар бар?
Құрметті Ботагөз! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні биология болып табылады: 5В070100 – «Биотехнология», 5В080100 – «Агрономия», 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 – «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В080800 – «Топырақтану және агрохимия», 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 5В120100 – «Ветеринарлық медицина», 5В120200 – «Ветеринарлық санитария». Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
5/15/12, 14:37
Тажибаева Эльмира
Сәлеметсізбе!Сізге қояр сұрағым;Ветеринариялық медицина кафедрасың оқу мерзімі қкнша уақыт? және ақысы қанша?Рахмет!
Құрметті Эльмира! «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша оқу мерзімі 5 жыл құрайды. Оқудың төлем ақысы 2011-2012 оқу жылында 249,4 мың теңге мөлшерінде болды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
5/13/12, 10:41
Шынар
Сәлеметсіз бе Ақылбек аға! Энергетика факультетінің РЭТ мамандығы бойынша грантқа ауысу неге қиын, мен 1 семестрді 5 ке жапсамда ауыса алмадым.Сонда біздін мамандыққа жылына қанша грант болінеді?
Құрметті Шынар! Босаған грант саны мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқыған, әртүрлі себептермен оқудан шығарылған студенттер санынан жинақталады. Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), содан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
5/12/12, 09:04
Еркебулан Толеубай
Сәлеметсізба Ақылбек Қажығұлұлы!Мен биыл экономикалық колледжінің қаржы мамандығы бойынша бітіремін.ҚазАТУға қалаган мамандығым бойынша күндізгі оқу бөліміне түсуге мүмкіндігім болама?
Құрметті Еркебұлан! Жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін талапкерлер міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеу (мектеп түлектері үшін) немесе кешенді тестілеу (колледж түлектері үшін) тапсырады. Тестілеу нәтижесінде келесі 4 пән бойынша мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинау қажет: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау бойынша пән (мамандыққа сәйкес). Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
5/10/12, 00:15
Эмми Барихановна
Сәлеметсіз бе Ағай!!! агроном болу ушін кандай пән тандау керек???
Құрметті Эмми! Агроном болу үшін биология пәнін таңдау керек. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru