Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/15/13, 18:10
Оспанова Салтанат
Сәлеметсізбе? Мен ҰБТ-дан 68 балл жинадым (орыс тілінсіз 57). Таңдаған пәнім физика. Енді менің жинаған баллыммен қандай Ж00-на грантпен түсуіме болады???
Құрметті Салтанат! Оқуға тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған 4 баллдан төмен емес жинаған талапкерлер қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 75 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/15/13, 16:09
Тастемиров Даурен Есенұлы
Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы..Менің сізге қойяатын сұрағым: Мен сіз басшылық жасап отқан университетті 2011 жылы \"Технологиялық машиналар жəне жабдықтар\" мамандығы бойынша бітіріп шықтым..Енді мен аталған мамандық бойынша емес \"Кəсіптік білім \"беру мамандығы бойынша магистратура бөліміне түскім келеді..Осы аталған мамандыққа қанша айырмашылық шығады және 2012-2013 жылы қанша грант берілді осы мамандыққа.Мен сіздің жеке қабылдауыңызда болсам деймін егер мүмкіндік болса. Сізден толыққанды жауап аламын деген үміттемін..
Құрметті Дәурен ! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелерінің» (5.04.033-211 ҚР МЖМББС) 5.3 тармағына сәйкес таңдаған мамандықтың кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру үшін барлық пререквизиттер сәйкес болуы тиіс. Болмаған жағдайда ол пәндерді жазғы семестрде оқу керек. Сізге таңдаған мамандығыңыз базалық мамандыққа сәйкес келмеуі себепті айырма пәндерді оқу үшін жазғы семестрге жазылуыңыз керек. Мамандық бойынша айырма пәндер тізімі университет сайтында болады немесе деканаттан білуіңізге болады. Қосымша ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz алуыңызға болады.
6/14/13, 19:14
Райна
менің сізге қояр сұрағым менің таңдаған пәнім физика ЭНТ дан орыс тілінсіз 66 бал жинадым. сонда осы балмен қандай мамандықтарға гранттарға түсуге болады.
Құрметті Райна! Оқуға тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған 4 баллдан төмен емес жинаған талапкерлер қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 75 және одан жоғары балла жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/13/13, 16:49
фатима
сәулет өнеріне бару үшін ҰБТ-да 5-інші пән маңыздыма?Мысалға актерлық өнерге бару үшін 5-інші пән манызды емес,бастысы тандау пәнінен жоғары жынау керек деп естідім,Сол сиақты сәулет өнерініңде сондай жақтары жоқпа екен,Осы жағынан толық мәлімет қажет
Құрметті Фатима! Біздің университетке талапкерлер оқуға жалпы орта білім және орта техникалық және кәсіптік білім негізінде мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін таңдау бойынша пән болып табылатын, кез келген пәнді таңдай отырып, «Сәулет» мамандығына оқуға түсе аласыз, себебі бұл мамандық шығармашылық мамандықтар қатарына жатады, аталған бағыттағы мамандықтарға оқуға түсу үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан (біздің университеттің «Сәулет» мамандығында «Сурет» және «Композиция» бойынша емтихандар) тапсырады, ал ҰБТ нәтижесінен 2 пән: «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» есепке алынады. Жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Сонымен қатар, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
6/13/13, 10:46
Жолымбетова Маншук
Саламатсыз ба?Сізге қояр сауалым: Менің сіңілім ҰБТ-дан орыс тілін алып тастағанда 63 ұпай жинады. Таңдау пәні биология. Туған анасы жоқ, ауылдық жерде оқыған. Сіз басқарып отырған оқу орнында осындай жандардың грантқа түсуіне мүмкіншілік бар ма? Рахмет.
Құрметті Маншук! Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер гранттар конкурсына қатысуға құқылы. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Мамандықты таңдаумен қатар талапкерлер, жоғары оқу орындарын да өздері таңдайды. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындауда жеңілдіктер келесі түрде және мөлшерде қарастырылған: - жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін квота (1%), - I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота (1%), - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота (2%). Егер де Сіздің сіңліңіз осы көрсетілген категориялардың біріне жататын болса, грантқа тапсыру барысында растайтын құжаттарды келтіруі керек. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/12/13, 21:07
Махаббат
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен ҰБТ-дан 94 балл (қазақ тілі-24, Қазақстан тарихы-21) жинадым орыс тілін алғанда 75 балл. Менің «Сәулет» мамандығына грантқа түсуіме мүмкіндік бар ма? шығармашылық емтихандар қандай болады?
Құрметті Махаббат! «Сәулет» мамандығы шығармашылық мамандықтар қатарына жатады, сондықтан бұл мамандыққа оқуға түсу үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырады. Оған құжаттар 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады, ал емтихандар 2 және 7 шілде аралығында өткізіледі. Әр бір шығармашылық емтихан 10-25 баллмен бағаланады, ал ҰБТ нәтижесінен қазақ тілі мен Қазақстан тарихы есепке алынады. 2012 жылы аталған мамандық бойынша конкурс нәтижесінде 100 баллдан 97 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Сонымен қатар, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.