Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/7/12, 21:26
Дамир
Сєлеметсізбе ректор мырза .Менде сіздіњ университеттіњ\"Жол ќозѓалысын ‰йымдастыру жєне тасымал\" мамандыѓына т‰ссем деймін.Бітірген соњ темір жол саласында ж±мыс істей алам ба?
Құрметті Дамир! Университетіміздің «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы аясында тек «Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
5/7/12, 12:03
студент
ассалаумагалейкум Агай! агай мен сызден быр сурайтын сурагымбар еды! мен Аркалык мемлекеттик педагогикалык институтында мемлекеттиик грантпен 1-курс окимын!енды осы жылы уздык багаменбуйыртса аяктайын деп жатырмын! агай енды мен уй жагдайыма,денсаулыгымабайланысты сыздын университетке немесе баска уиверситетке ауыса аламынба????грантт иелене отырып. жауабынызга алдын ала рахмет
Құрметті Нысан! Қайта оқу және ауысу ережесіне сәйкес Сіз қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында басқа оқу орнына грантыңызды сақтай отырып, оқитын мамандығыңызға ғана ауыса аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша тіркеуші кеңсесіне хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс тел.: 39-75-08.
5/3/12, 13:13
қарақат
Салеметсизбе мен 10 сынып оқушысымын 2013жылы ұбт тапсырамын бірақ менде қорқыныш коп себебі 2010жылы менің жақын туысқан апам Ұбт тапсырып аз бал жинап өзін-өзі олтірді содан қорқамын апам оте жақсы оқитын алтын белгіге үміткер еді аяқ астынан 92 бал жинап қалды.Достарым аитады егер аз бал жинасаң оқуға түсе алмаи қаласың диді сол распа негізінен грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек маселен мен бастауыш панінің мұғалімі болғым келеді,қандаи пан таңдаимын жане грант балын аитсаңыз.Назарыңызға рахмет.
Құрметті Қарақат! Мемлекеттік білім гранттары бойынша өтпелі балл деңгейі жыл сайынғы өткізілетін конкурс нәтижесінде белгілі болады. Ол сол жылы тапсырған ҰБТ нәтижесіне, мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мөлшеріне және талапкерлерден түскен өтініштер санына байланысты болады. Университетте «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы жоқ. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
4/30/12, 14:45
Сейіт Ақан Сәкенұлы
Ассалаумағалейкум ҚазАТУ! ҚазАТУ ұжымына және ректорға қояр сұрағым: ҚазАТУ-де мектеп оқушылары арасында олимпиадалар өтедіме? Химия саласы бойынша қандай жарыстар бар? Мен 2012 жылдың талапкерімін. Құдай қаласа грантқа түсем деген сенімдемін. ЕҰУ-дің өткізген VІІ ашық олимпиада да химия пәні бойынша 3-дәрежелі дипломға ие болдым. Бұның грантқа түсуге көмегі бола ма? Сіздер де осындай олимпиадалар болса маған хабарласуларыңызды сұраймын. Мүмкін болса эл.почтама хат жолдасаңыздар. Сондай-ақ, математика, қазақ тілі, қазақстан тарихы, химия пәндері бойынша кез - келген сайыс түріне қатыса аламын. Жеңістен де дәмелімін. Сіздерге сәттілік тілеймін, рахмет!
Құрметті Ақан! Университетте 2011 жылға дейін жыл сайын ауылдық мектеп оқушыларын қолдау мақсатында физика, биология және химия пәндері бойынша пәндік Олимпиадалар өткізілетін еді. Қазіргі кезде мұндай олимпиадалар университетте өткізілмейді, себебі ереже бойынша тағайындалатын Олимпиада жеңімпаздарына ректорлық грант бөлуге қаржы қарастырылмаған. Мемлекеттік білім гранттары конкурсында «Алтын белгі» иегерлері, Халықаралық (Республикалық) олимпиадалар жеңімпаздары және Халықаралық (Республикалық) ғылыми сайыстар жеңімпаздары басым құқыққа ие болады, ал жоғары оқу орындарындағы олимпиадалар мұндай құқық бермейді. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
4/28/12, 21:13
Меруерт
Сәлеметсізбе құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза! қазіргі уақытта мен мектеп оқушысымын, сізге қояр сұрағым: Сіздерде мектеп оқушыларына арналған сайыстар немесе конференциялар өткізіледі ма,өтетін жағдайда соған байланысты ақпаратты қайдан білуге болады?
Құрметті Меруерт! Университетте жыл сайын «Сәкен тағылымдары» атты конференция өткізіледі, оған мектеп оқушылары да қатыса алады. Конференция өткізу мәселесі ғылыми-зерттеу бөлімінің құзырында. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
4/27/12, 07:33
Сабит
Саламатсызба? мен казир касиптик лицейдин 3 курс студентимин, осы жылы автокрановщик мамандыгын алып шыгамын. сиздин университетте осы мамандыгыма сай кандай факультеттер бар? жане бул лицейден кейин мен неше жыл окимын. сондай ак сырттай окуга болама осы мамандык бойынша? кандай кужаттар кажет менин лицейден кейин сиздерге тусуим ушин?
Құрметті Сәбит! Лицей бітірген азаматтар жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Кешенді тестілеуге құжаттар 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке күәлік немесе паспорт көшiрмесi. Кешенді тестілеу келесі 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты). Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.