Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/12/13, 20:48
жумабаев айбек
орыс тілді алп тастаганда 46 осы балл мен оку орнына тусе алам ба? жеке меншік универге туссем ұлттык университетке аусып кете алам ба? 1 ш семестрден биткен сон
Құрметті Айбек! Оқуға тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған 4 баллдан төмен емес жинаған талапкерлер қабылданады. 50 баллдан төмен жинаған талапкерлер оқуға қабылданбайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/12/13, 14:30
Талшын
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен УБТ-дан 59(барлыгы 78) балл алып едім. Сол баллмен Стандарттау,метрология,сертификаттау мамандығына тусе аламын ба?
Құрметті Талшын! Егер де таңдау пәніңіз физика болса, онда аталған мамандыққа оқуға тапсыра аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/12/13, 11:16
Алдияр
Ассалаумагалейкум Акылбек агай. Биылгы жылгы УБТ кезинде 53бал жинаган ем орыс тилинсиз.Мени кызык тыратыны \"Биотехнология\" саласы. Осы мамандыктарга грантка мумкиндик барма. егер мумкундик болмай калган жагдайда 1курс толем акысы неше болып жатр.
Құрметті Алдияр! «Биотехнология» мамандығына биылғы жылы 250 грант бөлінді, былтырғы жылы аталған мамандық бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 85 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. 2013-2014 оқу жылына төлем ақы 346,6 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/12/13, 01:27
Тобышбаева Айжан Хамидовна
Салеметсізбе?Менім тандаган паним биология орыс тилинсиз 70.Кай мамандыктарга окуга түсе аламын?Биыл Ветеринариялық санитария факультетіне тусе аламын ба? жауабын кайдан карауга болады?Рахмет!
Құрметті Айжан! 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау бойынша биология болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 65 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/11/13, 18:06
Талшын
Салеметсіз бе! Мен 59(барлыгы 78) баллмен стандарттау, сертификаттау,метрология мамандыгына тусуге мүмкіндігім бар ма?
Құрметті Талшын! «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығына таңдау пәні физика, ал бейіндік пән математика болып табылады. Егер Сіз ҰБТ шеңберінде физика пәнін таңдаған болсаңыз, онда осы мамандыққа оқуға бара аласыз. Оқуға тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған 4 баллдан төмен емес жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/11/13, 11:44
Меруерт
Сәлеметсіздер ме!ҰБТ қорытындысы 61 баллды құрайды. Қазақ тілін қоспағанда 40 балл, бірақ екілік бағам жоқ. төртінші пәнім Физика,таңдаған мамандығым \"Радиотехника, электроника және телекоммуникация\". Мемлекеттік немесе арнайы грандта оқығым келеді. Ақылы оқытуға ата-анамның мүмкіндігі жоқ. Апам осы университетте ақылы бөлімде оқиды.Онымен бірге жатақханада тұрып оқығым келеді!Қандай ақыл-кеңес бересіздер,қандай мүмкіндігім бар? Және де сырттай бөлімде оқи аламын ба? Асыға жауап күтемін! Алдын ала рахмет беремін! Сауболыңыздар!
Құрметті Меруерт! Кешіріңіз биылғы жылы жоғары оқу орындарына түсе алмайсыз. Келесі жылы кешенді тестілеу арқылы оқуға түсуге әрекеттеніп көріңіз немесе биылғы жылы колледждерге тапсырыңыз. Себебі оқуға қабылдау ережесіне сәйкес Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru