Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/26/12, 15:19
Aidos Beibrisuli
Kurmetti rektor mirza! Menin sizge koiar suragim 1-wi kurs energetikalik fakultettin emtixan kestesi kawan wigadi? aldin ala raxmet!
Құрметті Айдос! 2011-2012 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының кестесі университеттің барлық курстары қимасында құрастырылған. Факультет стендтері мен университет сайтында, әрі portal.agun.kz және info.agun.kz адрестері бойынша портал мен инфо-киосктарда жарияланады.
4/26/12, 14:58
Нурсултан
Сәлеметсізбе, құрметті ҚазАТУ ректоры А.Қ.Күрішбаев! Мен осы 2012 жылы Балқаштық гуманитарлы техникалық колледжді бітіріп едім. Енді ҚазАТУ университетіне сыртай бөлімге түсге жоспарларым бар. Сізге қоятын сұрағымбар. Мен ЕНТ немесе тағы басқа тесттерден өтуім керек па?
Құрметті Нұрсұлтан! Колледж бітірген азаматтар жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Кешенді тестілеуге құжаттар 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке күәлік немесе паспорт көшiрмесi. Кешенді тестілеу келесі 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты). Сұрағыңызда колледжді қай мамандық бойынша аяқтағалы тұрғаныңыз туралы айтылмағандықтан, университеттің қай мамандығына сәйкес келетіндігі жөнінде нақты жауап бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/26/12, 13:19
Ізбааров Шерхан Бөкенбайұлы
Сәлеметсізбе Ректор мырза?Мен Маңғыстау обл,Бейнеу ауд,Қызыләскер селосында тұрамын.Биылғы оқу жылында 11-сыныпты бітіремін.Болашақ мал дәрігері болғым келеді.Грантқа түсу үшін аз дегенде қанша балл керек.Түсе қалсам жатақханамен қамтамасыз етілеме?Жауабыңызды күтем
Құрметті Шерхан! Мемлекеттік білім гранттары конкурсына Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе талапкерлердің кешенді тестілеуі нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 50 балл жинаған талапкерлер қатысуға құқылы. Грантқа өтпелі баллдың деңгейі конкурс нәтижесінде белгілі болады. 2011 жылдағы конкурс нәтижесінде «Ветеринарлық медицина» мамандығына 87 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Басқа аймақтардан келген студенттерге жатақхана беріледі, ол үшін оқуға қабылданатын кезде, жатақхана қажет екенін өтініште көрсетесіз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/25/12, 22:27
Абдешов Ержан
Сәлеметсізбе құрметті Күрішбаев мырза!!! \"ҚазАТУ\" дың арнайы веб сайтын корсем, ішінбе биотехнология факультеті жоқ екен. Мен осы \"Биотехнология\" факультетіне барғым келіп еді, және осы сіздеріңуниверситеттеріңізден биотехнология факультеті қашан ашылады? Рахмет!
Құрметті Ержан! «Биотехнология» мамандығы бойынша дайындық Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде жүзеге асырылады. Бұл мамандық аталған факультетте де, жалпы университетте де жоғары сұранысқа ие болып табылатын мамандықтар қатарында. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/25/12, 16:15
Сейтказыулы Жомарт
Құрметті А.Қ Күрішбаев мырза! Мен сіздерге Алматы облысы, Райымбек ауданынан хабарласып отырмын. Сіздердің жоғары оққу орындарыңызда АГРОНОМИЯ мамандығы бойынша сырттай ақылы бөлімі барма. Бар болса жазып жіберіңіздерші.
Құрметті Жомарт! Біздің университет орта техникалық және профессионалдық білім жүйесінде сырттай бөліміне қысқартылған оқу бағдарламамен 5В080100 «Агрономия» мамандығына дайындық жүргізеді. Оқу мезгілі - 3.5 жыл, оқу ақысы жылына - 124,7 мың теңге. Біздің университетте толық ақпаратты қандай мамандықтар дайындалатыны жөнінде және қабылдау ережелері жайлы мына сайттан www.agun.kz «АБИТУРИЕНТ» қосымшасынан біле аласыз. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-75-22, 39-39-19 Сырттай оқыту факультеті.
4/24/12, 16:46
Азат Закарьяев
Ассалаумағалейкум,қалыңыз қалай?Сізге қояр сұрағым,Экономикалық факультет Қаржы мамандыгының сырттай оқу бөлімінің бір жылдық төлем ақысы қандай болады екен.Рахмет.
Құрметті Азат! 2011-2012 оқу жылы сырттай оқу бөлімінде «Қаржы» мамандығының бір жылдық төлем ақысы 187,3 мың теңгені құрайды. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-75-22, 39-39-19 Сырттай оқыту факультеті.