Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/11/13, 10:21
Бейсенова Жадыра
кешкнді тест кай айда кай қайсы куні болады?
Құрметті Жадыра! Кешенді тестілеуге құжаттар 20-ші маусымнан бастап 9-ші шілдеге дейін қабылданады. Ал тестілеу 18-23 шілде аралығында өтеді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/11/13, 02:17
Камалбеков Есболат Манатулы
Ассалаумагалейкум! Менiн сiзге кояр сурагым: улттык бiрiнгай тестiлеуден жинаган балым 74, орыс тiлiнсiз 62, тандау панiм география. Осы университетке тусуге мумкiндiгiм барма? 2012 жылгы география панi бойынша оту баллдарын корсете аласыздарма?
Құрметті Есболат! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау бойынша география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 92 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/10/13, 23:27
Арыстамбаева Гулнар Тұрсынбайқызы
Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы. Менің сізге қояр сұрағым ата ана ретинде ұлым архитектур факультетінде ақылы бөлімде оқиды. Биыл қызым ақылы оқуға түссе сіздерден қандай жеңілдіктер болады? Мен өзім екі баланы жалғыз өсіріп отырған анамын.Екеуінде ақылы бөлімде оқытуға жағдайым келмейді.Қызым орыс тілісіз 62балл жинады. Таңдау пәні Биология.Қандай мамандыққа оқуға тапсыруға болады? Жауабын күтемін.
Құрметті Гүлнар! Университет тарапынан оқудың төлем ақысы бойынша ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған, себебі мамандықтарымыздың жылдық төлем ақысы қол жетімді деңгейде белгіленген. Сондай-ақ өтініш білдірген жағдайда, төлем ақысын жеке график бойынша төлеу мүмкіндігі қарастырылады. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау бойынша биология болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 65 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/10/13, 22:47
Тобышбаева Айжан
Салеметсіздерме! Тандаган пәнім биология,орыс тілінсіз 70.Кай мамандыктарга окуга түсе аламын? Рахмет!
Құрметті Айжан! Мамандықтар тізімін университетіміздің ресми сайтында, «Талапкер» бөлімінде қарай аласыз. Ол жерде мамандықтар таңдау бойынша пәндерімен көрсетілген. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау бойынша биология болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 65 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Грантқа өтпелі баллдар мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады, себебі ол көрсеткіш мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санына, талапкерлерден түскен өтініштер санына және сол жылы өткен ҰБТ-ның орташа балына байланысты болады. Сондықтан конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/10/13, 15:37
Кожабеков Жарас
алаумагалейкум жамагат, мен ентдан 58 бал алдым орсы тилинсиз 47 кандай оку орнына тусе алам????????
Құрметті Жарас! Кешіріңіз, биылғы жылы жоғары оқу орындарына түсе алмайсыз. Келесі жылы кешенді тестілеу арқылы оқуға түсуге әрекеттеніп көріңіз немесе биылғы жылы колледждерге тапсыруға мүмкіндігіңіз бар. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/9/13, 23:02
Эльмира
Салеметсизбе Ахылбек Кажигулович! Менин иным УБТ-дан орыс тилынсыз 70 балл жинады. Тандау пәні физика. Кандай мамандыққа грантқа тусе алады.
Құрметті Эльмира! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Ініңіз конкурсқа қатысып, үміттеніп көрсін. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 75-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru