Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/23/12, 22:01
Erdos Kapbar
Assalaumagaleikum rektor myrza.men eger platnyiga tyssem 1 -shy kurstan keiyn grantka tyse alamyn ba??sosyn men universitet atynan sport kvn jagynan shyksam she.men kuresten respublika 4empionymy kvn jagynan da men jaksymyn.menym komanda mektepter arasynda 1 oryn alady
Құрметті Ердос! Ақылы келісім шарт негізінде оқитын студенттер мемлекет тарапынан бөлінетін бос гранттарға ие бола алады, ол үшін конкурс жарияланған соң жоғары оқу орындарының оқу бөлімдері арқылы құжаттарын тапсырады. Басты назарда студенттің үлгерімі болады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/23/12, 16:12
Оразбек Ұлан
Ассалаумағалейкум, ҚазАТУ ректоры А.Қ. Күрішбаев 2012 жылдың 17-18 мамырында «Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибесі мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізіледі. Соған басқа жоғарғы оқу орындарынан мақал қабылдайсыздар ма? АрқМПИ студенті Оразбек Ұлан.
Құрметті Ұлан! 2012 жылдың 17-18 мамырында университеттің 55 жылдығына арналған «Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибесі мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізіледі. Конференцияның жұмысы On-Line режимі арқылы көрсетіледі. Конференцияға ТМД елдерінің және Қазақстан университеттерінің оқытушылары қатысады. Сонымен бірге, студенттерге де қатысуға болады және олардың мақалаларын да қабылдаймыз.
4/21/12, 17:47
Сағын Райымбек
Салеметсізбе Акылбек аға...Мен Орал каласы,Акжайык ауданы,Чапаев ауылы,Абай атындагы мектеп-гимназия 11 сынып окушысы Сағын Райымбекпін....Мен менктеп бітңргесін сіздерде окығым келеді...Кояр сурағым химия пәні бойынша кандай мамандыктар бар?????
Құрметті Райымбек! Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні химия болып табылады: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/19/12, 22:45
Асель
әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, туризм мамандықтары бойыншы проходной балл және грантқа іліну баллы канша?
Құрметті Асель! Көрсетілген мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттары көбінесе «Алтын белгі» иегерлеріне тағайындалады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/19/12, 22:40
Асель
Сәлеметсіз бе? Мен география пәнін таңдағалы отыр едим. Алайда мамандықты таңдай алмай отырмын, қазіргі кезде қандай мамандық жаксы маган? Сол мамандықтар туралы мәліметтер бере аласыз ба?
Құрметті Асель! География пәнін таңдаған талапкерлер университетіміздің эконмикалық және жерге орналастыру факультетінің мамандықтарына оқуға түсе алады. Мамандықты таңдау әр бір талапкердің өз құзырында. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/19/12, 22:04
Даулет
Ассалаумағалейкум мен Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің колледжін биыл бітірем,сіздердің Оқу орындарыңызда\" қаржы \" мамандығын сырттай оқу бөлімінде жалғастыра аламба? және жылдық оқу ақысы қанша болады? сіздерге үлкен рахмет жастардың оқуына қолжетімді болуы үшін осындай блогты ашқандарыңызға
Уважаемый Даулет! Колледж бітіргеннен соң Сіз біздің университетке сырттай бөліміне қысқартылған оқу бағдарламамен 5В050900 “Қаржы” мамандығына түсе аласыз. Оқу мезгілі - 3.6 жыл, оқу ақысы жылына - 187,3 мың теңге. Біздің университетте қандай мамандықтар дайындалатыны жөнінде және қабылдау ережелері жайлы толық ақпаратты мына сайттан www.agun.kz «АБИТУРИЕНТ» қосымшасынан біле аласыз. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-75-22, 39-39-19 Сырттай оқыту факультеті.