Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/9/13, 15:33
Бекжан Нурханов
салеметсизбе.Мен коледжде стандарттау сертификаттау метрология мамандыгын битирип едим.Енди осы мамандык бойынша жоо тусу ушин кай пан менин профилди паним болып табылады.рахмет
Құрметті Бекжан! «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығына таңдау пәні физика, ал бейіндік пән математика болып табылады. Кешенді тестілеу шеңберінде 4 пән тапсырылады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі және таңдау бойынша пән. Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған 4 баллдан төмен емес жинаған талапкерлер оқуға қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/9/13, 14:38
Молдыр
салеметсыз бе Ақылбек Қажығұлұлы мен 67 балл жинадым орыс тылын алган да 55 упай мен окуга тусе аламын ба?
Құрметті Мөлдір! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/9/13, 10:06
Байхасынова Рауан
Мен ҰБТ-дан барлығы 99 балл алдым, орыс тілсіз 81 балл.Таңдау пәнім физика,кандай мамандық таңдауға болады? грантқа қабылданамын ба?
Құрметті Рауан! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 75-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/8/13, 22:25
Медина
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! мен 67 жинадым орыс тылын алганда 55 балл окуга тусе аламын ба?
Құрметті Медина! Жоғары оқу орындарына (ұлттық емес) тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, ол мамандықтар таңдау бойынша пәнімен сәйкес болуы тиіс. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/8/13, 22:07
бейімбет
салеметсіз бе Ахылбек Кажигулович Куришбаев!мен 2013 жылы университеттин биотехнология мамандыгы бойынша оку акысы канша екенин билгим келеди?
Құрметті Бейімбет! «Биотехнология» мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылғы 1 курстың оқу ақысы – 296 000 теңгені құрайды.
6/8/13, 21:28
асель
сәлеметсиздерма мен биыл ұбтдан жалпы 88 балл жинадым орыс тілсіз 67 алматы қаласынан келмекшімін геодезия және картография мамандығына түсе аламба қандай женілдіктер болады мүмкіндік болса грант
Құрметті Асель! Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер гранттарт конкурсына қатысуға құқылы. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Мамандықты таңдаумен қатар талапкерлер, жоғары оқу орындарын да өздері таңдайды. Егер де таңдау бойынша пәніңіз география болатын болса, онда «Геодезия және картография» мамандығына оқуға түсе аласыз. Грант бойынша ма, әлде ақылы келісім шарт бойынша ма, оны конкурс нәтижесі анықтайды. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындауда жеңілдіктер келесі түрде және мөлшерде қарастырылған: - жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін квота (1%), - I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота (1%), - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота (2%). Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru