Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/19/12, 11:38
Ордабаев Сабыр
Салеметсизбе, ректор мырза! мен сиздерге Ветеринарлық медицина мамандыгына туссем деп едим. Осыган байланысты кандай кұжаттар керек және оку акысы канша болатынын айтып берсениз? Осы мамандыкты сырттай окуга болама? ПГУдын 4 курс студенттімін. Осы окуды бітірген сон сіздердін университетке Ветеринарлық медицина мамандыгына туссем деп еди.
Құрметті Сабыр! Ветеринарлық медицина мамандығына 2011-2012 жылы оқу төлем ақысы 249,4 мың теңге құрады. Бұл мамандық бойынша сырттай оқу бөлімі жоқ. Күндізгі оқу бөліміне оқуға түсу үшін кешенді тестілеу тапсыруыңыз қажет. Тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және биология. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/18/12, 15:56
аскар
кешенді тестлеуден қанша балл жинасам универге түсе аламын.және оған грант бөлінген бе.кешенді тестлеуде жерге орналастыру канша балл грант
Құрметті Аскар! Кешенді тестілеу нәтижесінде кем дегенде мүмкін болатын 100 баллдан 50 балл жинаған талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы түрдегі оқуға түсуге мүмкіндіктері бар, ал мемлекеттік гранттарға өту баллдарының шегі едәуір жоғары болады, сонымен қатар жоғары оқу орындар өз мамандықтарына шектеу қоюға құқылы. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/18/12, 14:51
Зухра
Салеметсiз бе, Ректор мырза! Мен 2010 жылы К.И.Сатбаев атындагы Казак Улттык Техникалык университетинин бакалавр бойынша \"Вычислительная техника и программное обеспечение\" мамандыгын битирдим. Осы 2012 жылы КазАТУ дын \"финанс\" мамандыгына магистратурага тапсырып грантка тусуиме мумкиндик бар ма?
Құрметті Зухра ! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелерінің» (5.04.033-211 ҚР МЖМББС) 5.3 тармағына сәйкес таңдаған мамандықтың кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру үшін барлық пререквизиттер сәйкес болуы тиіс. Болмаған жағдайда ол пәндерді жазғы семестрде оқу керек. Сізге таңдаған мамандығыңыз базалық мамандыққа сәйкес келмеуі себепті айырма пәндерді оқу үшін жазғы семестрге жазылуыңыз керек. Мамандық бойынша айырма пәндер тізімі мамыр айында университет сайтында болады немесе деканаттан білуіңізге болады. Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. 2012-2013 оқу жылына мемлекеттік білім беру гранттарының бөлінгені туралы ақпарат бүгінгі күнге дейін жарияланған жоқ. Қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz.
4/17/12, 18:17
Акерке
Сәлеметсізбе құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза! Сізге қоятын сұрағым бар еді: мен жақында экология және орман шаруашылығы колледжін қызыл дипломмен бітірдім,сіздердің университеттеріңізге басқа мамандық бойынша сырттай грантқа түсуге болады ма? Егер болатын болса, толық ақпарат берсеңіз деп едім!
Құрметті Акерке! Сырттай оқу бөліміне мемлекет тарапынан гранттар бөлінбейді. Колледжде қай мамандықты бітіргендігіңіз туралы мәлімет белгісіз болғандықтан, университеттің қай мамандығына оқуға түсе алатындығыңыз жөнінде жауап бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/16/12, 21:15
Ерланқызы Құралай
Салеметсізбе!сіздерде физика пәнімен программист мамандығы бар ма?және жылына қанша грант бөлінеді?қанша баллмен түседі?
Құрметті Құралай! «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында таңдау пәні физика болып табылады. Мемлекет тарапынан бөлінген гранттар туралы мәліметті Білім және ғылым министрлігінің сайтынан таба аласыз. 2011 жылдың нәтижесі бойынша бұл мамандыққа мүмкін болған 100 баллдан 92-95 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды., Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/14/12, 10:45
Алишер Қабдығани
Сәлеметсіз бе мен профильді пәнім биология еді. Сіздердін университеттерінізде осы пән бойынша қандай мамандықтар бар және 1 жыл оқу ақысы қанша?
Құрметті Алишер! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Биология пәнін таңдап, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы мен агрономиялық факультеттеріне түсе аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.