Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/8/13, 18:53
Мағжан
Сәлеметсізбе, мен өзімнің 2008 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша алған сертификатымды жоғалтып алып едім.Енді сол сертификатты қалпына келтіру мүмкін бе? Үлкен рахмет!
Құрметті Мағжан! ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижесі көрсетілген сертификаттар Ұлттық тестілеу орталығымен беріледі. Сондықтан сұрағыңызды ҰТО жолдағаныңыз дұрыс болар. Сондай-ақ 2008 жылы тестілеу нәтижесінде берілген сертификат сол жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана жарамды екендігін ескертеміз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/8/13, 14:27
Пайыз Саяхат
Кеш жарык!тараздан... Мен убт-дан 67 балл алдым орыс тилсиз 58 Алматыга окуга тусе аламба?грантка тандау паним биология одан 17 алдым!
Құрметті Саяхат! Бұл сұрағыңызды Алматыдағы оқу орындарына жолдағаныңыз жөн болар. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/8/13, 14:10
Жанар Есетова
Саламатсызба,ректор мырза!менің қызым ҰБТ-ден орыс тілінсіз 69 балл жинап отыр.Сіз басқарып отырған университетте қандай мамандыққа грантқа мүмкіндік бар.Биотехнология мамандығын алу үшін неше жыл оқиды,ақылы оқудың қаржысы қанша,бітірген жағдайда қандай жерде жұмыс жасай алады?Алдын-ала рахмет!
Құрметті Жанар! «Биотехнология» мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылында оқудың төлем ақысы 296,0 мың теңге болды. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Қызыңыз конкурсқа қатысып, үміттеніп көрсін. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандық бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 85 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Биотехнология мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі болып табылады: - ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, және ауыл шаруашылық бағыттарындағы жоғары оқу орындары; - тағамдық және қайта өңдеу, микробиологиялық, фармацевтік өнеркәсіптердің, өндірістік мекемелері мен лабораториялары|; - ауыл шаруашылық мекемелері; - ботаникалық және зоолгиялық бақтар|; - өсімдіктерді қорғау станциялары; - селекциялық станициялар; - балық және аң өсіру зауыттары; - ЖОО-лар, ора мектептер, гимназиялар, колледждер; - экологиялық қызмет көрсету мекемелері; - ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау лабораториялары. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/8/13, 01:25
Алишев Дастан
Ассалаумагалейкум ректор мырза. мен УБТ дан 74 бал жинадым орыс тилин алганда 66 упай. тандау паним биология. ветеранерия факул.сиздердин университетеринизге грантка тусе аламба.жауап кутем алдын ала рахмет.
Құрметті Дастан! Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау бойынша биология болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 65 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/13, 19:16
Лекеров Азамат
Салематсыз ба? Мен УБТ тен 98 балл жинадым, орыс тилин алып тастаганда, 82 балл мен химия панинен мугалим болгым келеди, грантка тусе аламын ба?
Құрметті Азамат! Таңдау бойынша пәні химия болып табылатын университетімізде 2 мамандық бар «Азық түлік өнімдерінің технологиясы» және «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Университетімізде химия пәнінен мұғалімі мамандығы жоқ. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/13, 18:26
Туребекова Сауле
мен биыл мектеп бiтiрдiм УБТ-дан орыс тiлiн алып тастаганда 58 балл,тандаган паным биология мен грантка тусе аламынба? Не болмаса маган биология панынен мамандыктар тiзiмiн бере аласызба?
Құрметті Сауле! Университетімізде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтар келесідей: Экология: Агрономия: Топырақтану және агрохимия: Өсімдік қорғау және карантин: Ветеринарлық медицина: Ветеринарлық санитария: Биотехнология: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы: Ақшлықтану және аң шаруашылығы: Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурс нәтижесі 10-12 тамыз күндері белгілі болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru