Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/14/12, 10:06
Уразова Нұргүл
Cалеметсіз бе құрметті Ақылбек мырза! Мен Атырау облысынанмын, егер Сіздердің университетіңізге грантпен ауыссам жатақхана беріледі ме? Жатақхана ақысы қанша екен?
Құрметті Нұргүл! Сіз С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетке грант бойынша оқуға түссеңіз жатақхана мәселесі қарастырылады. Жалпы, жатақханаға жылына 15 000 теңге көлемінде ақша төленеді
4/11/12, 11:27
Тастемиров Даурен
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы. Мен 2011 ж техникалық факултетінің Технологиялык машиналар жане жабдықтау мамандыгын бітірдім.Енді магистратурага кәсіптік білім мамандығына тапсырсам бола ма.Осы мамандык боинша қанша грант беріледі биыл..Сіздің жеке кабылдауынызға кірсем бола ма. Сізден үлкен үмітпен жауап күтемін.Назар аударып оқығанызға рахмет.
Құрметті Дәурен! Сіз университетте «6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша)», « 6M0703 –Ақпараттық жүйелер», «6M0704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратурада оқи аласыз. Магистратура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім гранттарын жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. 2012-2013 оқу жылына білім гранттары әлі айқын емес. Бірақ, Дәурен сіздің техникалық факультеттің қай мамандығын аяқтағаныңыз белгісіз. Сол себепті қандай мамандықты аяқтағаныңыз туралы білгіміз келеді. Өйткені С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнынан кейінгі жалпыға білім беру стандарттары ережелерінің 5 тарауының 5.3 тармағында көрсетілгендей Сіз өзіңіз аяқтаған мамандық емес басқа сала бойынша таңдау жасасаңыз қосымша кредиттер санын университет өзі белгілеген талаптар бойынша ақылы негізде тапсырасыз. Магистратураға төленетін оқу ақысын Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды, сондықтан сізге әзірге мәлімдей алмамыз. Қабылдау комиссиясы 2012 жылдың 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта жұмыс істейді. Магистратура бойынша қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz.
4/10/12, 23:55
Нуржан Курмангалиев
Саламатсыздар ма?менiм сурайын дегенiм биыл сіздердің оқу орындарыңыз да сырттай оқу бола ма\'мен колледж бітірдім жерге орналастырушы мамандығы бойынша,биылғы жылы оку төлемақысы қанша болады екен?
Құрметті Нұржан! Сіз колледжді бітіргеннен кейін 5В090300 «Жерге орналастыру» мамандығына қысқартылған бағдарламамен сырттай оқу бөліміне біздің университетке түсе аласыз. Оқу мезгілі - 3,5 жыл, оқу ақысы жылына 160,5 мың тенге. Біздің университетте қандай мамандықтар дайындалатыны жөнінде және қабылдау ережелері жайлы толық ақпаратты мына сайттан www.agun.kz «АБИТУРИЕНТ» қосымшасынан біле аласыз. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-75-22, 39-39-19 Сырттай оқыту факультеті.
4/10/12, 10:57
Исрайл Адлет
Салеметсiз бе Ректор мырза! Казир Алматыда окимын 1-шi курста.Мен жазда КазАТУ-га ауысамын,соган кандай документтер керек? Акылы келисим-шарт бойынша.?
Құрметті Әділет! Cіз, қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында біздің университетке ауыса аласыз. Ол үшін барлық оқу кезеңі бойынша оқу үлгерімінің транскрипт үзіндісін ұсынуыңыз қажет. Қосымша ақпарат алу үшін 8 /7172/ 39-75-08 номеріне хабарласыңыз.
4/9/12, 19:33
Мөлдір
Сәлеметсізбе ректор мырза! Биыл мен Есеп және аудит мамандығы бойынша сырттай бітірдім. Дипломды қашан береді? Қанша күтуге болады?
Құрметті Мөлдір! «Есеп және аудит» мамандығы бойынша диплом табыстау рәсімі 2012 жылдың 13 сәуірінде cағат 15.00-де болатындығы туралы сырттай оқыту факультеті деканаты тарапынан хабардар етілген болатын.
4/9/12, 14:15
Шакенов Жандарбек
ассалаумагалейкум ректор мырза!!! мен ВиТЖ факультетинин АзТТ мамандыгыннын 4ши курс студентимин биыл биздин мамандык бойынша оз университетимизде магистратура ашылады ма екен?
Құрметті Жандарбек! Сіз оқып жатқан 6В0727 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша магистратура ашу жоспарда бар, бірақ биылғы жылы ашылмайды. Сол себептен магистратураға «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша оқуға түсе аласыз аласыз. Алайда, басқа мамандық бойынша бірнеше пәнді ақылы негізде оқуға тура келеді. Ол пәндердің тізімдерін қабылдау комиссиясы жұмысы кезінде білесіз. Қосымша ақпаратты факультет деканынан немесе кафедра меңгерушісінен біле аласыз.