Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/7/13, 17:53
Ақжарқын Әкімбай
Сәлематсыз ба?ректор мырза.ҰБТ-дан 65 балл алдым.Орыс тілінсіз 51балл.Осы балмен сіздерге грантқа түсе аламын ба?
Құрметті Ақжарқын! Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер гранттарт конкурсына қатысуға құқылы. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Мамандықты таңдаумен қатар талапкерлер, жоғары оқу орындарын да өздері таңдайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/13, 16:03
Набиева Аида
Құрметті ректор мырза!Биылғы ҰБТ-тен орыс тіліні алып тастағанда 68 балл жинадым, биотехнология мамандығы бойынша грантқа түсуіме мүмкүндік барма? Жауап беруіңізді сұранамын.Рахмет!
Құрметті Аида! 2012 жылғы конкурс нәтижесінде «Биотехнология» мамандығы бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 85 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, ол мамандықтар таңдау пәні бойынша сәйкес болуы тиіс. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/13, 13:19
Шугурова Нұрсұлу
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Менің ұлым биыл ҰБТ-дан 91 ұпай жинады. Орыс тілінің 20 ұпайын қоспағанда, 71 ұпай. Ұлым ауылдық жердің мектебін бітірді. Сіз басқаратын ЖОО-ның \\\"Сәулет өнері\\\" факультетіне оқуға түскісі келеді.Сұрайын дегенім: Ауылдық жердің түлектеріне 10 ұпай қосылса /квота/, ұлым 81 ұпаймен аталған факультетке грантқа оқуға түсе ала ма? Сауалым жауапсыз қалмайды деген сеніммен, алдын ала ризашылығымды білдіремін.
Құрметті Нұрсұлу! «Сәулет» мамандығы шығармашылық мамандықтар қатарына жатады, сондықтан бұл мамандыққа оқуға түсу үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырады. Оған құжаттар 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады, ал емтихандар 2 және 7 шілде аралығында өткізіледі. Әр біо шығармашылық емтихан 10-25 баллмен бағаланады, ал ҰБТ нәтижесінен қазақ тілі мен Қазақстан тарихы есепке алынады. 2012 жылы аталған мамандық бойынша конкурс нәтижесінде 100 баллдан 97 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Ауылдық квота аталған мамандықтар бағытына бөлінбейді. Ауылдық квота ауылдық өңірлердің экономикасын және әлеуметтік жағдайын көтеруге ықпал ететін мамандықтарға ғана бөлінеді, ондай мамандықтар тізімі Білім және Ғылым министрлігімен бекітіледі. Ауылдық квота шеңберінде талапкерлерге балл қосылмайды, тізім бойынша бекітілген мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттарының жалпы мөлшерінен 30 % міндетті түрде ауылдық мектеп түлектеріне тағайындалады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/13, 12:07
Алиманова Айнура
Salemetsiz be! Men biyl (2013 jyldyn tulegimin) UBT-da 87 upai algan edim. Orys tilin eseptemei 67 upai aldym. Men osy upaidarmen kartografiya men geodeziya mamandygy boiynsha nemese su resurstaryna tuse alaman ba?
Құрметті Айнұр! Егер де таңдау бойынша пәніңіз география болса, университетіміздің «Геодезия және картография» мамандығына оқуға түсе аласыз. Ал «Су ресурстары» мамандығы бойынша университетімізде дайындық жүзеге асырылмайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/13, 12:01
Каримгалиева Бекзат Магжановна
салеметсиз бе Акылбек агай.мен УБТ ден 70 балл жинап калдым.енди мен дизайнерликке тапсыргым келеди.оган казак тили мен тарихтын балына карайды диди казак тили19.тарих20.нестесем болады.бундай баллмен кайда тусуге мумкиндик бар???
Құрметті Бекзат! «Дизайн» мамандығы шығармашылық мамандықтар қатарына жатады, сондықтан бұл мамандыққа оқуға түсу үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырады. Оған құжаттар 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады, ал емтихандар 2 және 7 шілде аралығында өткізіледі. Әр біо шығармашылық емтихан 10-25 баллмен бағаланады, ал ҰБТ нәтижесінен қазақ тілі мен Қазақстан тарихы есепке алынады. 2012 жылы аталған мамандық бойынша конкурс нәтижесінде 100 баллдан 90 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/13, 00:47
Пәрімбек Перизат
Сәлеметсіз бе! Ректор мырза! Сізге қояр сурағым; биыл ҰБТ тапсырған тулектер неше балл мен Сіздін университетке Физика мамандығы бойынша грантқа тусе алады? Алдын ала Рахмееет!
Құрметті Перизат! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер конкурсқа қатысып, үміттеніп көруге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 75-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru