Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/9/12, 07:50
Уразова Нұргүл
Салеметсіз бе құрметті Ақылбек мырза! Мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нде ЕТ және БҚЕ мамандығы бойынша 2 курмта оқимын. Мемлекеттік жоғары шәкіртақы иегерімін. Келесі оқу жылында Сіздердің оқу орнына ауысуға қалай өтініш білдіруге болады?(мүмкін болса, қандай құжаттар қажет?) Және бұл президенттік шәкіртақы алуыма кедергі келтірмейді ме? Мемлекеттік грант сақталады ма?
Құрметті Нұргүл! Cіз, қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында мемлекеттік білім беру грантын сақтай отыра, осы мамандығыңыз бойынша біздің университетке ауыса аласыз. Ол үшін барлық оқу кезеңі бойынша оқу үлгерімінің транскрипт үзіндісін ұсыну қажет. Президенттік шәкіртақы тек «үздік» (А; А-) бағамен оқитын 3-4 курс студенттеріне тағайындалады. Ауысу барысы туралы қосымша ақпарат алу үшін 8 /7172/ 38-40-02 номеріне хабарласыңыз.
4/7/12, 18:15
Дана
Сәлеметсіз бе! Мен бесінші пән ретінде биология пәнін таңдадым. Осы пәнге байланысты осы университетте қандай мамандықтар бар екнін білгім келеді. Және, соның ішінде биология пәнінің мұғалімі мамандығы бар ма? Және биотехнология мамандығын таңдасам қандай жұмыс атқарамын? Осы жайлы мәлімет білгім келеді. Алдын ала рахмет!
Құрметті Дана! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Өкінішке орай университет биология мұғалімдерін дайындамайды. Биотехнология мамандығы бойынша біліктілік алған мамандардың кәсіптік қызмет насындары келесілер: ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнологиялық, ауылшаруашылық бағыттарындағы жоғары оқу орындары, тағамдық және қайта өңдеу, микробиологиялық өндірістік мекемелері мен зертханалары, ауылшаруашылық және ветеринарлық мекемелері, ауылшаруашылық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау зертханалары. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/7/12, 15:37
Күзенбайұлы Талант
Саламатсиз ба? Мен орал каласындагы Жангир хан атындагы агро техникалык университетинде ветеринарлык медицинада мамандыгында 1 курс окып жатрмын.Осы ҚазАТУ га ауыскым келеди,сол мумкин бе жане кандай кұжаттар қажет.Ауыскан жағдайда ауылдык квота сактала ма??? РАХМЕТ!!!
Құрметті Талант! Сіз, жазғы және қысқы демалыс уақыты аралығында оқу орнымызға тек ақылы негізде ауыса аласыз. Себебі «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасы» негізінде жекелеген ЖОО-ры үшін бөлінген квота шегінде оқуға түскен білім алушыларды білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыстыруға жол берілмейді. Байланыс телефондары: тіркеуші кеңсесі – 8 /7172/ 397508, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканаты – 8/7172/ 383901, 8 /7172/ 297614.
4/6/12, 20:56
Балтабаев Дархан
Сәлеметсіз бе, А.Қ.Күрішбаев мырза! Менің сізге кояр сұрағым, биыл 2012 жылы КазАТУ-ға қанша баллмен грантқа түсуге мүмкіндік бар?
Құрметті Дархан! Мемлекеттік білім гранттарына өту балл мөлшері 2012 жылының конкурсы нәтижесінде белгілі болады. Барлығы мемлекеттен бөлінген гранттар мөлшеріне және конкурсқа қатысатын талапкерлердің санына байланысты болады, сондай-ақ ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеудің нәтижесі басты көрсеткіш болып табылады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/6/12, 20:47
Балтабаев Дархан
Сәлеметсізбе А.Қ. Күрішбаев мырза! Мен 11 сынып оқушысымын, таңдаған пәнім география, география пәні бойынша КазАТУ-да қанша грант бөлінген, және қандай мамандықтарға.
Құрметті Дархан! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Мемлекеттен бөлінген гранттардың саны жөнінде мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан қарай аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/3/12, 23:48
Амзин Еркебулан
Ассалаумагалеукум ректор мырза! менің сізге кояр сурагым: жерге орналастыру жане кадастр мамандыгына канша балмен тусуге болады? екинши сурайтыным, менин апкем сиздерде окиды, ал ата анам жумыссыз, маган ауылдык квотвмен экономика факультетиндеги мамандыктардын биреуине грантка тусуге женилдик болама? жауап кутем. рахмет
Құрметті Еркебұлан! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Жерге орналастыру және Кадастр мамандығына 2011 жылда өткізілген мемлекеттік білім гранттары конкурсы нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 96 балл жинаған талапкерлер грант иегерлері болып атанды. Ал экономикалық мамандықтар бойынша барлық гранттар «Алтын белгі» иегерлері арасында тағайындалды. Мемлекеттік гранттарды тағайындауда жеңілдік квоталар келесідей: жетім балалар үшін квота (1%), I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота (0,5%) және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота (2%). Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.