Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/6/13, 19:04
Үсенбаева Нұрия
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы!мен ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің 1 курс студентімін!менде мынадай сұрақ туып отыр!мен осы семестрде барлық пәндер бойынша тек ң және ғ алып жүргенмін!зачеткама тек бір і қана түсті!оны платонусқа енгізіп қойған!оны өзгертуге бола ма?
Құрметті Нұрия! Оқу жоспарының № 39 типтік ережесіне сәйкес ағымдық бақылау үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациялау бағаларының қорытындысы бойынша жинақталған қорытынды үлгерімдік бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
6/6/13, 17:33
Бимұратова Нұрсауле
Саламатсыз ба! Менің қызым ҰБТ-дан орыс тілді алғанда 61 балл жинап отыр, биылғы жылы биотехнология мамандығы бойынша оқу ақысы қанша болады және грантқа түсе алады ма?
Құрметті Нұрсауле! «Биотехнология» мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылында оқудың төлем ақысы 296,0 мың теңге болды. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандық бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 85 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/6/13, 17:18
Макатова Айгул
курметти ректор агай! менин сурагым келетини мен УБТдан 83 орыс тилсиз 71 алдым мен гратка тусе аламынба мумкин болса кандай оку орнына? 5 пан физика
Құрметті Айгүл! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, ол мамандықтар 4 жоғары оқу орындарында немесе 1 жоғары оқу орнында болуы мүмкін. Мамандықты таңдаумен қатар талапкерлер, жоғары оқу орындарын да өздері таңдайды. Қабылдау комиссияларында ЖОО тізімдері мен олардың кодтары болуы тиіс. Оқу орнын таңдау өзіңіздің құзырыңызда. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/6/13, 17:12
макатова айгул
менин сурагым келетини мен УБТдан 83, орыс тилсиз 71 алдым. мен грантка тусе аламынба мумкин болса кандаи оку орнына?
Құрметті Айгүл! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, ол мамандықтар 4 жоғары оқу орындарында немесе 1 жоғары оқу орнында болуы мүмкін. Мамандықты таңдаумен қатар талапкерлер, жоғары оқу орындарын да өздері таңдайды. Қабылдау комиссияларында ЖОО тізімдері мен олардың кодтары болуы тиіс. Оқу орнын таңдау өзіңіздің құзырыңызда. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/6/13, 15:44
Жандаулетова Фатима
Саламатсыздар ма ! Ұлым ҰБТ-дан орыс тілсіз 55 балл жинады . Осы баллмен қандай мамандықтарға грант бар ? Рахмет
Құрметті Фатима! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Сұрағыңызда таңдау бойынша пәніңізді көрсетпегендіктен, нақты қай мамандыққа бара алатындығызды айта алмаймыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/6/13, 14:10
Сауанова Улдана Мырзабайкызы
Салеметсиз бе агай!Менин сизге кояр сурагым мен УБТдан 79 балл алдым орыс тилин алганда 60 тандау паним физика одан 9балл менин енди грантка тусуге мумкиндигим барма?
Құрметті Улдана! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығына мүмкін болатын 100 баллдан 98 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru