Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/30/12, 22:19
Даулет Орынбасаров
Салеметсиз бе?Мен 2013 жылгы тест тапсырушымын,Откенде пробный болганда мен 39 балл жинадыь,Математика-4,Казак тили-10,Орыс тили-6,Казакстан тарихы-10,Физика-9 балл.Менин тандаганым Физика Оы баллмен мен университетке тусуиме бола ма?
Құрметті Дәулет! Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 жинау қажет, оның ішінде мамандықтың бейіндік пәні бойынша 7 баллдан, ал басқаларынан 4 баллдан төмен болмау қажет. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
10/29/12, 13:34
Жерге орналастыру факультетінің студенттері
Сәлеметсіз бе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!!! Сізді және сіздің басшылықпен жұмыс жасап келе жатқан ұстаздарды сүйікті университетіміздің биылғы 55 жылдығымен құттықтағымыз келеді. Университетіміздің оң бағытта дамып келе жатқанын барлығымыз көріп отырмыз, әрбір жетістікке сізбен бірге қуанамыз. Жасап жатқан жаңа бастамаларыңызды әрдайым қолдаймыз! Сүйікті оқу ордамызға тек қана жаңа шыңдарды бағындыруды, табыс пен көркеюді тілейміз! Ізгі ниетпен жерге орналастыру факультетінің студенттері!!!
10/27/12, 11:31
Асель
құрметті Ақылбек аға! Өзім оқыған университеттің 55 жылдығы екенін сайттан көріп құттықтағым келіп отыр. Елімзге елеулі, халқымызға қалаулы Сіздей Елағасы басқарған ҚазАТУ әрдайым биік белестерге шыға берсін! Мен ҚазАТУда оқығанымды мақтаныш етемін! Намысты қорға, ҚазАТУ алға!
10/23/12, 22:28
Айтөреева Әсел
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы ең біріншіден сізді осы біздің жоғарғы білім ордамызда басшылық қызметін атқарып келе жатқаныңызға бір жыл болуы мен қатар, университетіміздің 55 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз. Біздің университетімізде еңбек етіп келе жатқаныңызға аз ғана уақыт болса да ҚазАТУ-дың студенттері үшін еткен еңбегіңіз көп. Ұзақ уақыттардан бері ашыла алмай жүрген техникалық факультеті, біздің бос уақытымызда барып, ән айтумен айналысатын ФОБЫМыз біраз жөндеу жұмыстарынан өтті және жаңа аппаратура алынды, біздің тұратын 2 «Б» жатақханасы жөндеуден өтіп, барлық жатақханаларда әр бөлмеге тоңазытқыштар, интернет, қала аралық телефон жүйесін орнаттыңыз. Сонымен қатар университетіміздің рәміздері (ту, әнұран,ұранымыз, белсенділеріміздің төс белгілері) жаңарып, жақсарып «менің университетім» деп мақтанышпен айтатын жағдайға жетті. Сізге және сіз басқарып отырған университет ұжымына осылай шәкірттік лебізбен шын жүректен рахмет айта отырып, алдағы уақытта жұмысыңызға жеміс, өзіңізге денсаулық тілейміз! Әсел Айтөреева экономикалық факультеті, 2курс, Кеңесбекқызы Жансая энергетикалық факультеті , 2курс, Сарғалиева Салтанат энергетикалық факультеті , 2курс.
10/23/12, 15:17
ВжМШТ факультетінің оқытушылары
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Университеттің басшылығына Сіз келгелі бір жыл болды. Осы уақытта істеліп жатқан жұмыстарды біз өз көзімізбен көрдік. Жақсы болып ғимараттар жөнделіп жатыр. Ұжымда да өзіңізге деген көзқарас өзгеріп, барлығы түсіне бастады. Корпустар мен агрофактің алдындағы жерге асфалт төселді. Біздің биотехнология орталығының подвалдан 3 этажға көшірілуі ғылымға деген біздің университеттегі жаңа көзқарасты көрсетсе керек. ФОП-тың жөнделгеніне студенттер де қуанышты. Жақсы адам келсе, қой егіз табады деген. Сіз келгелі университетте болып жатқан өзгерістерге ниеті түзеу адам сүйсініп жүр. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ болып жүргендер сол баяғы әдетімен көре алмайды. Ондайларды елемей-ақ қойыңыз. Ең бастысы жөндеу жұмыстары ғана емес білім беру процесіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды көз көріп отыр. Бұл Сіздің іскер басшы, ғылымға жанашыр азамат екеніңізді көрсетеді. Бастаған істеріңіз университетіміздің дамуына ықпал ететін игілікті бастамалар болсын. Тек алға! Біз барлық кезде Ақылбек Қажығұлұлы өзіңізді қолдаймыз. ВжМШТ факультетінің оқытушылары
Құрметті оқытушылар! Сіздердің тілектестіктеріңізге, білдірген ықластарыңызға, айтқан алғыстарыңызға мың да бір рахмет! Мен осы университеттің өркендеп өсуі жолындағы барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, Сіздермен бірге одан әрі дамуына қызмет етуге дайынмын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деген. Бір-бірімізді қолдап отыратын болсақ, мұнан да үлкен жетістіктерге жететінімізге сенім мол.
10/21/12, 20:49
Айдос Жуманов
Салеметсизбе Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев! Sizge enbeginizde jemis, ujiminizda abiroi tileimin!Sizge koiar suragim 2 kurstan 3 kurska kowu GPA-nin orta balli kanwa ball bolui kajet?jane ogan sinak kitapwasina tusken panderdin bagalarinin bari esepteledime?suragima tolik jauap beruinizdi suraimin!aldin ala raxmet!
Құрметті Айдос! 2 курстан 3 курсқа көшу GPA-ның орташа балы техникалық, агрономиялық, энергетикалық және ВжМШТ факультеттерінде 1,9 құрайды. Ал қалған факультеттер үшін 2,0 құрайды. Курстан курска көшу GPA –н есептегенде сынақ кітапшаңыздағы 2 курс бағалары ғана есептелінеді, тек дене тәрбиесі мен әскери кафедра бағалары есептелінбейді.