Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/22/13, 17:29
Ташкентов Айболат
Салеметсыз бе? Мен 1 курс студентімін, энергетика факультетінде оқимын. Сізге қояр сұрағым - қысқы емтихан сессиясы қай уакытқа дейін болады? Рахмет.
Құрметті Айболат! Қысқы сессия 19 желтоқсанда басталып, 3 қаңтарда аяқталады.
11/22/13, 15:31
Рүстем Дастан Рүстемұлы
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы!Мен биылғы жылы КТ тапсырып,Ақтау қаласындағы КГУТИ-ге жылуэнергетика мамандығына түстім.Менің сізге қойатын сұрағым 1-ші семестрден соң осы мамандық бойынша сіздерге ауысуыма боладыма және грантым сақталадыма?
Дастан! Сіз сессиядан кейінгі демалыс күндері «жылу энергетикасы» мамандығына ауысуыңызға болады, ол кезде грант сақталады.
11/21/13, 21:48
Ақерке Сәрсенқызы
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы. Мен биыл Алматы қаласындағы ҚазҰАУдың Инженерлік факультетінің Аграрлық техника және технология мамандығының магистратура бөлімін бітірдім.Мамандығым бойынша еш жұмыс таппадым. Арман қуып Астанаға келдім. Алайда, тағыда үмітім ақталмады. Біріншіден,еңбек өтілім жоқ, екіншіден барлық жерде тамыр-таныс арқылы.Мен сияқты қарапайым отбасының қызында таныс қайдан болсын. Түйіндемемді бірнеше рет сіздің университетіңіздің сайтына тастағанмын бірақ ешқандай жауап ала алмадым.Осы өтінішіме қол ұшыңызды берер деген үлкен үмітпен қазақтың бір жұмыссыз қызы атынан хат жолдап отырмын. Ақерке. Алдын ала рахмет!
Құрметті Ақерке! Сіздің түйіндемеңіз кадр бөліміне тіркелді. Мамандығыңызға сәйкес бос орын болып жатқан жағдайда, Сізге хабарласамыз. Байланыс телефонымыз 39 78 08
11/21/13, 17:15
Жанашева Айганым
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы.Сізге қояр сұрағым С.Сейфуллин стипендиясы жайлы айтып берсеңіз.Мен ақылы түрде оқитын 3курс студентімін.Бұл степендия иегері болу үшін кандай талаптар қойылады?Рахмет
Құрметті Айганым! «Мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау және төлеу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен біздің университетімізде бекітілген үш атаулы стипендиялардың бірі – С.Сейфуллин атындағы стипендиясы. «Президенттік және атаулы стипендияларды тағайындау туралы» Ережесіне сәйкес мемлекеттік білім беру гранты және ақылы келісім-шарт негізінде оқитын барлық оқу кезеңінде тек «үздік» (А, А-) бағалары бар жоғары курс (3-4 курс) студенттеріне тағайындалатынын хабарлаймыз.
11/20/13, 21:21
шамшидин оразалы
Салеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! менің сізге қояр сурағым мен қазақ ұлттық аграрлық университетінде мемлекеттік грантпен 1 курс окып жатырмын, мамандығым аграрлық техника және технология, мен 2 семестде Казатуға ауыскым келеді, ауысуға мүмкіндігім барма және не істеу керек ауысу үшін
Құрметті Оразалы! Біздің университетімізге грантыңызды сақтай отырып 5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығына қысқы немесе жазғы демалыс уақытында ауысу мүмкіндігіңіз бар. Барлық сұрақтарыңыз бойынша техникалық факультеттің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Анықтама телефоны: 8 (7172) 39-73-99.
11/20/13, 20:06
Еламан Ибрагимов
Саламатсыз ба! мен 1 курс студентымын, сізге қояр сұрағым: мен 1 семестр немесе 1 курстан кейін сырттай оқуға ауыса аламын ба?
Құрметті Еламан! Жалпы орта білім негізінде сырттай оқыту бөліміне ауыса алмайтындығыңызды хабарлаймыз.