Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/13/14, 14:16
Ербол Айымбек
Сәлеметсізбе! Мен ҚазАТУ-дың жылуэнергетикасы мамандығының 2014 жылғы 1жылдық төлемін білейін деп едім.Осы мамандықты бітірген жағдайда жұмыс табылама?
Құрметті Ербол Айымбек! Жылу энергетика мамандығы бойынша 1 курстағы жылдық оқу ақысы 346.600 теңге. Бұл мамандық нарықта сұранысқа ие, сондықтан жұмысқа орналасуда қиындық болады деп ойламаймын.
8/13/14, 10:12
Сайдигумаров Дамир Жанболатұлы
Салеметсіз бе, ректор мырза! Мен Агрономия факультетінің 2 курс студентімін. Мен 12.08.2014 жылы заңды түрде некелестім, енді отбасылы болдым. Мен оқуымды ары қарай жалгастырғым келеді, себебі таңдаған мамандығым көнілімнен шығады. Бірақ Астана қаласында әзірге тұратын орын жоқ, сондықтан да сізден сұрайтыным студенттік жатаханадан бөлме берсеңіз жас отбасыға үлкен көмек болар еді. Түсіністікпен қарайсыз деп сенемін.
Құрметті Дамир! Өкінішке орай, студенттік жатақханаларда орындар жеткіліксіз болғандықтан, отбасылы студенттерге орындар қарастырылмайды. Сондықтан қазірден бастап тұрғын-орын мәселесін қарастыруға кеңес беремін.
8/12/14, 17:14
Бакытова Жансая Бакыткызы
Мен Бақытова Жансая КАЗАТУ университетіне грантқа түстім. Мен Қызылордадан едім, Астанада 24де боламын, операциядан шығып едім, Жатақхана мәселесі қалай болады. Үлгеремінбе?
Құрметті Жансая! 1 курс студенттері Студенттік жатақханадан орын алу үшін 2014 жылдың 20-22 тамызы аралығында өтініштерін, әлеуметтік жағдайын растайтын анықтамасын тіркеп, жатақхана үшін құжаттарынан тапсыруы қажет. Мерзімінен кеш тапсырылған өтініштер қарастырылмайды.
8/10/14, 18:40
Орашбек Азиза Канаткызы
мен грантка іліне алмадым 65 баллмен кәсіптік оқытуга тусе аламын ба? оның жылдық төлем ақысы канша?
Құрметті Азиза! Сізге өзіңіз оқитын факультеттің деканатына хабарласу керек. Деканаттың байланыс телефондары 38 40 02, 38 40 03
8/10/14, 17:09
Жүніс Ақмарал Саятқызы
Сәлеметсіз бе, Ректор мырза. Мен Қарағанды обл., Шет ауданының тұрғынымын. Биылғы ҰБТ-ден 93 балл алдым. Орыс тілсіз 76 балл. Осы балмен ҚазАТУ-дың мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығына тапсырып, грантқа өте алмай қалдым. Енді осы мамандықтың ақылы бөліміне тапсырайын десем, ақылы бөлімде оқитындарға жатақхана берілмейді деп естідім. Егер жатақхана берілмесе, әрі оқу ақысын төлеп, әрі пәтер жалдау анама қиын болайын деп тұр. Анам мектепте қарапайым мұғалім. Әкем қайтыс болған. Менен кейін бауырларым бар. Қарағандыда оқи берейін десем, онда мұндай мамандық жоқ. Сонымен сұрағым: мен ақылы бөлімге түсе алам ба, түссем жатақханаға орналаса алам ба және бұл мамандықтың оқу ақысы қанша? Рахмет!!!
Құрметті Ақмарал! Студенттік жатақханаларға орналастыруда мемлекеттік грант иегерлеріне басымдық беріледі. Бірақ Сіздің ай сайын жұмыс істейтін тұрғын-орын комиссиясына өтініш білдіріп, жатақхана алуға мүмкіндігіңіз бар.
8/6/14, 14:43
Өтенбаева Нұрлы
Сәлеметсіздерме. Мен 1курсты бітірдім,акылы бөлімде. Енді осы оку жылына (2014-2015) канша акша толейтінімді білейін деген едім,ол өзгередіма әлде былтырғы куйі калама? мамандыгым Азық түлік тағамдарының технологиясы, ВиТЖ.
Құрметті Нұрлы! "Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы" факультетінің "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" мамандығына 2014-2015 жылғы оқу ақысы - 341 120, 00 теңгені құрады. Ол 2014 жылғы 8 шілдедегі №364 Бұйрық негізінде биылғы жылы оқу ақысы 6,6 % қымбаттауымен байланысты