Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/11/15, 13:16
Абешова Гүлнара Ертісқызы
Сәлеметсіз бе?! \"Жылуэнергетикасы\" мен \"Электроэнергетика\" мамандықтарына ақылы түрде қанша баллмен өтуге болады? Сонымен қоса, жылдық төлемақы қанша тұратынын білгім келген. Құжат тапсырғаннан кейін оқудың қанша пайызын төлеу керек?
Құрметті Гүлнара! Оқудың төлем ақысы 350 мың теңге. Оқуға қабылдану үшін төлем ақының 50 % енгізу керек.
8/8/15, 17:24
Амангелді Ханкелді
Қайырлы күн Ақылбек Қажығұлұлы! Менің сізге қояр сұрағым: менің інім 53 балл алды КТА-ны тапсырып, таңдау пəні биолгия, осы пəн бойынша қандай мамандықтарға түсуге болады жəне биотехнологияға түсу үшін 50 балл жеткілікті ме ?, сосын мен оқу ақысы жайында бағасын білейін деп едім. Алдын-ала рахмет !
Құрметті Ханкелді! Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті бойынша 6 мамандықтан қабылданады: 1.Ветеринарляқ медицина; 2.Ветеринарлық санитария; 3.Биотехнолгия; 4.Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау; 5.Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 6.Аң шаруашылығы және аңшылықтану. Биотехнология мамандығына келісім-шарт бойынша қабылданады, бірақҰБТ, КТ бойынша өткен баллдары 65 тен жоғары болуы шарт. Төлем ақысы – 346,6 мың теңге құрайды.
8/5/15, 13:20
Сабитова Алина Максатовна
Сәлеметсізбе, құжаттарды сенім хат арқылы калай тапсырсам болады, Ақтаудан келгендерге жатахана беріледіме? Жатаханага кабылдау кашан басталады және ол үшін қандай құжаттар керек? Алдын ала, рахмет!
Құрметті Алина! Қабылдау комиссиясына талапкер міндетті түрде өтініш жазу үшін келуі керек. Жатақханаға орналастыру 24 тамыз күні болады. Жатақхана мәселесі бойынша 31-75-64 телефонына хабарласыңыз.
7/30/15, 17:48
Төлеу Лашын Дәулетбайқызы
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы мен ВитЖ факультетинин Вет Санитария мамандыгынын 2 курс студентимин. сұрағым жазгы семестрдин сабагын жаба алган жокпын бул бизде спец сабак болган ушин перекурска калдырады ма? Бирак Меним GPI балым 2. 61 болып тур. Жане сол сабакты 3 курста кайта тапсырсам болама?
Құрметті Лашын! Сіз «Жануарлар физиологиясы» және «Биохимия» пәндері бойынша жазғы семестрге қалғансыз. Бұл пәндер бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда, олар сізде академиялық қарыз болып саналады. Қазіргі таңда сіздің GPA көрсеткішіңіз 2,9 балл құрайды. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне сәйкес, ВжМШТ факультетінің 2 курсынан 3 курсқа ауысу үшін, 2 курс бітірген студенттерде GPA көрсеткіші 1,9 дан кем болмауы керек. Нәтижесінде, сіз 2 курстан 3 курсқа ауыстырыласыз. Бірақ, аталмыш академиялық қарыздарыңызды 1 семетр мерзімінде өтеуіңіз қажет.
7/28/15, 11:56
Қуанышева Айдана Маратқызы
Cәлеметсіз бе! 2015-2016 оқу жылына ақылы бөлімде оқу үшін оқу төлемақысын қай уақытта төлеу керек және бөліп төлеуге бола ма?
Құрметті Айдана! Бұл мәселе бойынша деканатқа хабарласыңыз
7/26/15, 15:11
Амирова Алтынай Жолдаскызы
Салеметсизбе! Менин бауырым УБТ тесттен 87 орыс тилинсиз 76 балл жинады.5ши пани физика. Енди сиздерде қандай техникалык мамандыктарга грантка тусуге мумкиндик бар. Рахмет!
Құрметті Алтынай! Әр мамандық бойынша мемлекеттік білім граттарына өтпелі балл конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. Ал 2014 жылғы нәтиже бойынша физика пәнімен 76-85 балл аралығында болды.