Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/11/16, 07:46
Халжігіт Бекзат Маратұлы
Мен орыс тілін алып тастағанда 69 балл алдым. Биология пәнін таңдағанмын. Қаз АТУ дың өтпелі баллдарымен салыстырсам грантқа ілінбейді екем. Ауыл квотасы сіздерде қосылады ма қосылса қанша пайызы? мүмкін ауыл квотасы қосылса грантқа түсіп қаламын ба деген ойым бар. Алдын ала Рахмет...
Құрметті Бекзат! Ауылдық квота 30% мөлшерде ауылдың экономикасын дамытуға арналған мамандықтар бойынша бөлінеді, яғни жалпы бөлінген гранттар санынан 30% ауылдық мектепті бітірген түлектерге бөлінеді. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
7/9/16, 10:19
Nauriz Nauriz Nauriz
Құрметтi Ақылбек Қажығұлұлы казату 2015 жылғы теxникалық мамандықтардың өту балдары қанша???. Өтiнiш.
Құрметті Наурыз! 2015 жылдағы грант конкурстарының нәтижесіндегі таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша өтпелі балдар: - Кәсіптік білім - қазақ тілінде 82/80, орыс тілінде 80/76; - Ақпараттық жүйелер - қазақ тілінде 100/89, орыс тілінде 98/73; - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - қазақ тілінде 90, орыс тілінде 85; - Көлік, көліктік техника және технологиялар - қазақ тілінде 87/83, орыс тілінде 82/69; - Жылу энергетикасы - қазақ тілінде 89/85, орыс тілінде 87/71; - Электр энергетикасы - қазақ тілінде 93/88, орыс тілінде 90/77; - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар - қазақ тілінде Н-100/90, орыс тілінде 93/77; - Технологиялық машиналар және жабдықтар - қазақ тілінде 81/78, орыс тілінде 75/63; - Стандарттау, сертификаттау және метрология - қазақ тілінде 100/90, орыс тілінде 92/75; - Аграрлық техника және технология - қазақ тілінде 77/75, орыс тілінде 67/58; - А/ш энергиямен қамтамасыз ету - қазақ тілінде 84/80, орыс тілінде 81/68; - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру - қазақ тілінде 100/94, орыс тілінде Н-82/94. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
7/4/16, 05:20
Айяна Абибулла
Сəлеметсіз бе! Мен биыл орман шаруашылығы жəне орман ресурстары мамандығының 1 курсын бітірдім. Жерге орналастыру факультетіне ауыса аламын ба?
Сәлеметсіз бе, Айяна Абибулла! Сіздің сұрағыңыз бойынша келесідей жауап береміз: Сіз кез-келген факультеттің мамандығына ауыса аласыз. Бірақ міндетті компонентіне кіретін пәндердің айырмашылығының саны бестен жоғары болмау керек. Оны Сізге ауысып жатқан факультеттің деканатында анықтайды. Мамандықтан мамандыққа ауысатын мерзімі - демалыс (каникул) уақыты.
6/30/16, 09:24
Айяна Абибулла
Сəлеметсіз бе, Ахылбек Кажыгулулы! Мен орман ресурстары жəне орман шаруашылығы мамандығының 1 курсын аятадым. Енді "бағалау" немесе "жерге орналастыру" мамандықтарына ауысуыма болады ма? Қанша кредит төлеуім керек?
Сәлеметсізбе, Айяна! Жерге орналастыру факультетінің «Жерге орналастыру» және «Бағалау» мамандықтарында 2-курстарындағы қазақ топтары толық, сондықтан Сіз бұл мамандықтарға ауыса алмайсыз.
6/28/16, 12:18
Асанова Гулбаршын Адилхановна
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы. Менің інім 2016 ж ҰБТ-де 112 ұпай алды. Орыс тілін қоспағанда 89 ұпай жинады. Таңдаған пәні география. Сіздің КазАТУ оқу орныңызға қандай мамандыққа грантқа түсе алады. Грант жеңіп алуға мүмкіндігі бар ма?
Құрметті Гүлбаршын! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға 2015 жылдағы конкурс нәтижесінедегі ең төменгі балл 84 болды, ол «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша. Қалған мамандықтар бойынша өтпелі балл деңгейі жоғары. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
6/27/16, 05:30
Кемел Аян Рахатұлы
Саламатсызба Ақылбек Күрішбекұлы! Мен ТарМУ-дын 1-ші курсты бітірген студентпін. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығында оқимын . GPA менде өте жақсы . Сізге қоятын сұрағым мен ҚазАТУ-ға Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына ауысып 2-ші курстан бастап оқи аламын ба ? Егерде оқи алатын болсам ... қашан, қай кезде, қайда бару керек? Байланыс ақпараттары сөндірілу күйде тұр ...
Сәлеметсіз бе, Аян! Сіз ауысу үшін жазғы каникул кезеңінде, 20 тамыздан кешікпей, Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің деканатына транскриптіңізбен келуіңіз қажет. Онда сізге жұмыс оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын санайды. Келмес бұрын толық ақпарат алмасу үшін alfiya_askarova@mail.ru электронды поштасымен немесе 8(7172)384-002, (7172)384-003 телефондарымен хабарласыңыз.