Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/9/18, 06:44
Тукибаева Ботакоз
Саламатсыздар ма. Менин кызым сиздердин унирвер гран тына тусті. Алайда жатахана мәселесі қалай болар екен. Осы жөнінде кайда хабарлассам болады. Төлеу ақысы қалай болады
Құрметті Ботакоз Тукибаева! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мемлекеттік білім беру грант иегерлерін жатақханамен қамтамасыз етеді. Талапкердің өтініші 25 тамызға дейін қабылданады. Жатақханада тұру ақысы толық оқу жылына интернетпен) 71 100 теңге болады. Толық ақпаратты төмендегі нөмір бойынша алуға болады: 39-57-47
8/6/18, 10:00
Керимбек Айымкыз Талгатовна
Саламатсыз ба! Менин сурайын дегеним-мен технология перерабатывающих производств мамандыгы бойынша осы универге грантка тустым. Егер 2-шы курста мамандык ауыстыратын болсам грант берылмейды ма?Алдын ала рахмет)
Құрметті Айымқыз! Басқа мамандыққа ауысатын болсаңыз, Сізде грант сақталмайды, себебі грант мемлекет тарапынан ел экономикасына қажетті мамандықтарға бөлінеді. Барлық сұрақтар бойынша өзіңіздің факультет деканатына жолыға аласыз. Техникалық факультет деканаты, тел. 39-73-99, техникалық факультеттің жаңа корпусы, кабинет 4207.
7/26/18, 09:08
Shapil Kamila Saparalykyzy
Сәлеметсіз бе ? Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев ! Менің сізден сұрайын дегенім Азық-түлік өнімдерінің технологиясы деген мамандық жайлы толық мәлімет бере аласыз ба? Ол не мамандық оны бітірсе қандай жұмыс істей алатыны туралы білгім келеді. Мен осы жылы мектеп бітіріп ҰБТ- дан 92 балл жинап, сіздердің Қаз АТУ ға осы мамандыққа конкурста қатыстым. Енді менде мүмкіндік бар ма грантқа түсуге? (менде жеңілдіктен "Алтын Белгі" және ауыл квотасы бар)
Құрметті Kамилa! Мемлекеттік білім гранттары тізімінде Шәпіл Камила Сапаралықызы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша грант иегерлері қатарында бар. Сізді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бойынша грант иегері атануыңызбен құттықтаймыз. Оқуға қабылдау туралы өтінішті және құжаттарыңызды 25-ші тамызға дейін өткізуіңіз қажет. Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студент атану – ол үлкен жетістік және мәртебе! Келешекте өз біліміңізді шыңдай түсіп, сапалы білім алу жолында жетістікке жететініңізге сенімдіміз. Аталған мамандық техникалық факультетке қарасты, сондықтан барлық сұрақтар бойынша факультет деканатына және кураторыңызға хабарласа аласыз. Факультет деканатының телефоны: 39-73-99
7/24/18, 05:17
Султанов Канжар Алиякбар
Саламатсыздар ма, менің сұрағым - Сіздің университеттің жатақхана ақысы ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап 80 мың теңге болады дейді. Неліктен?
Құрметті Қанжар Алиякбар! Өткен жылдары бір орынға төленетін жатақхана шығындары артып кетті. Себебі, жатақханаға көрсетілетін коммуналдық қызмет түрлері жыл сайын өсуде. Барлық шығындарды бірнеше жылдар бойы университетіміз өз қорынан төлеуге мәжбүр болды. Осыған орай, бакалавриат бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар үшін № 2б, 5, 6 және 7 студенттік жатақханаларында бір орында тұру ақысы айына 7000 теңге мөлшерінде және № 8 жатақханада бір орында тұру ақысы айына 8000 теңге (әрбір бөлмеде жеке душ кабиналары қарастырылған) болып бекітілді.
7/23/18, 08:05
Төлеген Асыл Ахметқызы
Сəлеметсіз бе! Сұрайын дегенім, 2-курстарға жатақхананы 7-8-қыркүйек береді деп айтты. Ал оқу ерте басталса, соған орай жатақханадан ертерек орын алса болады ма? Оқу жылының соңында жатақхана алуға өтініш жазған болатынмын.
Құрметті Асыл! Жатақханаға орналасуға өтінішіңізді жазып, өз факультетіңіздің деканатына қалдыруыңызға болады. Өтініштеріңізді арнайы комиссия 2018 жылдың 22 тамызынан бастап қарастырады. Жатақханаға орналастыру ережесіне сәйекс алдымен әлеуметтік жағдайы төмен категорияға жататын білім алушылар орналастырылады. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер, мүгедек студенттер, мемлекеттік грант иегерлері, көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер.
7/17/18, 06:36
Сакен Алиби Сакенович
Саламатсыз ба Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы сізден сұрайын дегенім 2018 оқу қай айда қанщасы басталады 2 курска?
Құрметті Аліби! Академиялық күнтізбе тамыз айының басында Университет порталында жарияланатын болады.