Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/3/12, 21:14
Ердос
Ассалаумағалейкум мен 11 сынып бітірушісі,менде сұрақ бар Финансы мамандығына қанша проходный бал? және платныйда қанша болады,атестатта жақсы бағалар болса сктдка болама???
Құрметті Ердос! Экономикалық мамандықтар бойынша барлық гранттар «Алтын белгі» иегерлері арасында тағайындалды. «Қаржы» мамандығының төлем ақысы 2011-2012 оқу жылында 374,5 мың теңге болды. Университетте оқудың төлем ақысын төмендету бойынша ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/3/12, 19:20
Кундыз Рсалиева
Сәлеметсізбе менін папам заочно ветеринарная медицина мамандығына тапсырайн деп еді бір вузды бітірген жұмыс жасайды,жеке кәсіпкер,ауыл шаруашылығымен айналысады,соған қандай құжаттар қажет және оқуға қалай тапсыру қажет,қанша уақыт оқиды және жылдық төлемі қанша болатынын білсем деп едім,рахмет!
Құрметті Құндыз! Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 8 ақпанындағы № 40 бұйрығына сәйкес Қазақстанның бүкіл жоғары оқу орнындарында сырттай бөлім бойынша «Ветеринария» мамандығы жоқ. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 студенттерді қабылдау бөлімі; 31-75-22, 39-39-19 сырттай оқыту факультеті.
4/3/12, 18:39
Ayazhan
Салематсыз ба! Мен биылгы проходной балл канша болады, екеннин билгим келеди. Алдынгы жыл мен осы жыл арасында екеуи ауысты ма? Жане тагы сурагым сиздердин оку орнында химия Мугалиминнин факультети бар ма?
Құрметті Аяжан! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Университетте химия пәнінің мұғалімі біліктілігін алуға мүмкіндік беретін мамандық жоқ. Мемлекеттік білім гранттарына өту балл мөлшері конкурс нәтижесінде белгілі болады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/3/12, 18:06
Алишер Қабдығани
Саламатсыз ба! Менің сұрайын дегенім егер мен ҰБТ-ны қазақша тапсырсам мен орыс тіліндегі факультеттерге грантқа өтініш бере аламын ба??? Мысалы биотехнология қазақша грантқа өту балы 92, ал орысша оқуда 86. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақша оқыған балалар грантқа орысша группаға түсуге болады ма?
Құрметті Әлішер! Мемлекеттік білім гранттары конкурсына ҰБТ тапсыру тілі бойынша ғана қатыса аласыз, себебі конкурс оқу тілі бойынша жеке түрде өткізіледі. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/1/12, 18:56
Насратдинов Жандос
Құрметті ректор мырза!менің сізге қояр сұрағым: Архетектор мамандығына неше балмен түсуге болады және 1 жылдық ақысы қанша?
Құрметті Жандос! Сәулет мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер міндетті түрде 2 шығармашылық емтихан тапсырады: Сурет және Композиция. Ал ҰБТ нәтижесінен Қазақстан тарихы мен оқу тілі (қазақ немесе орыс тілі) ескеріледі. 2012 жылдың ережелеріне сәйкес ұлттық емес жоғары оқу орындарына мүмкін болатын 100 баллдан 60 балл жинаған талапкерлер оқуға қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына ие болу үшін бұл көрсеткіш едәуір жоғары болуы тиіс. 2011-2012 оқу жылындағы аталған мамандықтың төлем ақысы 373,6 мың теңгені құрады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/1/12, 16:28
Ахметова
Салеметсіз бе! менін сізге сурагым: мен 1999 жылы мектеп бітіргенмін, содан бері ешкандай оку орнында окыган жокпын, енді биыл осы университетке сырттай оку боліміне кужат тапсырайын деп едім. ол ушін кандай кужаттар кажет жане маган да УБТ тапсыру керек пе? оку акысы жайлы кайдан білуге болады? алдан ала рахмет!
Сәлеметсіз бе! Сырттай оқуға түсу үшін Сізге міндетті түрде кешенді тестілеуден өту қажет. Кешенді тестілеу келесі пәндерден тапсырылады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және мамандыққа сәйкес таңдау бойынша пән. Құжаттар 20 маусым 9 шілде аралығында қабылданады. Орта білім негізінде (мектептен кейін) қай мамандықтарға сырттай оқу түріне қабылдауға рұқсат бар екендігі жөнінде мәлімет жоқ, сондықтан нақты жауап бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.