Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/6/13, 13:59
Рахимова Алия
Салеметсизбе ректор мырза!Менин кояйын деген сурагым:мен УБТ - тен орыс тилин алып тастаганда 72 балл жинадым..Сиздердин университеттеринизге биотехнология мамандыгына грантка тусе аламынба?былтыргы жылгы конкурс натижеси бойынша айтып отсениз!Рахмет!
Құрметті Алия! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Конкурс нәтижесі 10-12 тамыз күндері белгілі болады. 2012 жылдағы конкурс нәтижесінде Биотехнология мамандығына мүмкін болатын 100 баллдан 85 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/6/13, 10:24
Сариева Бахыт
саламатсызба Ақылбек Күрішбекұлы! Егер ҰБТ орыс тілі пәнінен 2 алған оқушы басқа пәндерден жинаған балы 73 таңдау пәні физика ол сіздердің университеттеріңізге түсу мүмкіншілігі бар ма?
Құрметті Бахыт! Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының келесі тармақтарына сәйкес: 37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарына кемінде 60 балл,басқа жоғары оқу орындарында - кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады. 38. ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/6/13, 09:53
Сариева Бахыт
Құрметті ректор мырза! менің балам ҰБТ орыс тілін алып тастағанда 59 бал жинады. Таңдау пәні биология. Сіздің университеттің ветеринарлық санитария мамандығығын қалайды. Осы мамандықтың өтпелі балл шегі қанша, 59 өте ала ма, болмаған жағдайда ақылы бөлімге түсуге мүмкіншілігіміз бар ма? Алдын ала Рахмет айтамын
Құрметті Бахыт! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Өтпеген жағдайда, ақылы бөлімге қабылдауға өтініштер 10-25 тамыз аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/6/13, 00:26
жумабаев Айбек Караматдин
мен 2013 талапкер убт дан 53 балл жинадым тандау панім дүние жүзі тарих осы балл мен универге түсуге болама? 87029768305 осы номерге смс жіберіп хабарласа аласыз ба?
Құрметті Айбек ! Университетімізде таңдау пәні дүние жүзі тарихы болып табылатын мамандықтар жоқ. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/5/13, 22:29
Barshagul Mendibaeva
Салеметсизбе? мен сиздердин университеттеринизге биыл окуга тусейн деп едимм тандау паним биологияя кандай факультетке тусе аламын, жане грантка канша балл керек биология панинен ауылдык квота мен олимпиадалар есептелинеди мее
Құрметті Barshagul! Университетімізде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтар келесідей: - агрономиялық факультетте 1. Экология; 2. Агрономия; 3. Топырақтану және агрохимия; 4. Өсімдік қорғау және карантин; - ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде 1. Ветеринарлық медицина; 2. Ветеринарлық санитария; 3. Биотехнология; 4. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 5. Ақшлықтану және аң шаруашылығы; 6. Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау. Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/5/13, 20:11
Жаңбыршы Әсем
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы. Мен ҰБТ-ден 61 балл жинадым. Орыс тілін алып тастағанда 50 балл. Осы балмен сіздердің университеттеріңізге агроном мамандығы бойынша оқуға тусе аламын ба? алдын ала рахмет.
Құрметті Әсем! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru