Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/31/12, 23:29
Алима Нұрасқанқызы
Құрметті А.Қ.Күрішбаев мырза! Мен Орал қаласындағы колледжді аяқтап, сіздің университетке оқуға тапсырмақшымын. Менің сізге қояр сұрағым : осы 2012 жылдан бастап колледжді аяқтағандар кешенді тестті тапсырып болған соң, университетке келіп қайтадан тест тапсырамыз ба? Рахмет!
Құрметті Алима! 2012 жылдың ережелеріне сәйкес кәсіптік және техникалық білімі бар (колледжді аяқтаған азаматтар) ұлттық емес жоғары оқу орындарына, кешенді тестілеуді тапсыру арқылы, мүмкін болатын 100 баллдан 60 балл жинаған талапкерлер оқуға қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына ие болу үшін бұл көрсеткіш едәуір жоғары болуы тиіс. Колледжді аяқтаған азаматтар кешенді тестілеуді жемісті тапсырған жағдайда, сәйкес келетін мамандығында қысқартылған бағдарлама бойынша оқу мүмкіндіктеріне ие бола алады. Кешенді тестілеуге құжаттар 2012 жылдың 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады, ал кешенді тестілеу 18-20 шілде аралағында өтеді. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
3/30/12, 20:00
сайд мухадас
Сәлеметсізбе.ауғанистанан келген студентердір бірі. мен техникалык факультетте ешінде агроинженерліқ маманды окып жатыр мын. егер мөкіншіліқ болса мен осы маман бойынша қазақ ұлтық аграрлық унивеаситетте яағне Алматы ға ауыссам дебедім? осы сауалыма асыға жауап күтемін! рахет
Құрметті Сайд! Сіз Қазақстан және Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметінің арасында жасалған келісім-шарт негізінде ауыл шаруашылық мамандығы бойынша білім алып жатқандықтан және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 8 тамыздағы № 343 бұйрығы негізінде оқу орнымыздың 5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығына мемлекеттік білім беру гранты бөлінгендіктен, Сіз басқа университетке ауыса алмайсыз.
3/30/12, 19:57
Калдыбек Динара
Саламатсыз ба агай!Мен 2о12 жылдын жас тулегимин!Сизге сурагым бар.менин тандау паним-физика.Осы пан бойынша кыздарга арналган кандай мамандыктар бар жане канша баллмен тусуге болады орыс т алып тастаганда? Конил болгенинизге рахмет!
Құрметті Динара! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Университетте таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар келесідей: 1. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде - 5В012000 – «Кәсіптік білім», - 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер», - 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; 2. Энергетикалық факультет - 5В071700 – «Жылу энергетикасы», - 5В071800 – «Электр энергетикасы», - 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»; 3. Техникалық факультет - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», - 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», - 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», - 5В0090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Көрсетілген мамандықтардың барлығында қыздар қауымына оқуға болады, себебі білікті мамандарға әрқашанда сұраныс жоғары. 2011 жылы тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 82-100 балл аралығында жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
3/30/12, 12:33
Р.П.Жаңыл
Men bolawakta saiasattanuwy bolgym keledi.ol uwin men duniejuzi tarihyn tandauym kajet.osy pannen grant barma jane kanwa?RAHMET
Құрметті Жаңыл! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Университетте таңдау пәні дүниежүзі тарихы болып табылатын мамандықтар жоқ. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
3/28/12, 19:00
Срайл Оралбек
Мен геграфия пәнін таңдадым.менеждмент болғым келед.кай оқу орнына жане грант баллы қанша орыс тілісіз.қай қалада оқу орындары бар
Құрметті Оралбек! Менеджмент мамандығы бойынша 2011 жылдың нәтижесінде мемлекеттік гранттар «Алтын белгі» иегері болып табылатын талапкерлерге тағайындалды. Қай қалада оқу орындары бар екендігі жөнінде мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында таба аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
3/28/12, 07:50
Кылышбеков Усен
Ассаломуаєалейкум ректор мырза. мен Кылышбеков Усен Казату 1 курс каржы(сопр) мамандыгында кундизги болимде окимин, кояр сурагым? осы жазгы сессиядан кейн сырттай болимине ауысам осы бойнша энеого фак мамандыгына ауысуыма бола ма сырттай турде
Құрметті Үсен! Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 21 маусымындағы № 316 бұйрығының негізінде қысқартылған бағдарламамен оқитындарға міндетті түрде мамандықтарына сәйкес және техникалық, профессионалдық мамандықтары, жоғары білім мамандықтарына жалпы орта білім негізінде. Осының негізінде, сіз сырттай оқыту бөлімінің экономикалық мамандығына ғана ауыса аласыз. Байланыс телефондары: 31-75-22, 39-39-19 Сырттай оқыту факультеті.