Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/5/13, 18:28
Орынбасар Әсембота
Алматы Техникалық Университетіне түсу үшін қанша балл жинау керек.Орыс тілін алып тастағанда.Ауылдық квота қосылама?
Құрметті Әсембота! Бұл сұрағыңызды Алматы Техникалық Университетінің қабылдау комиссиясына жолдағаныңыз жөн болар. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/5/13, 18:11
Тоқтанаева Мерей
Саламатсыз ба менің сізден сұрағым келіп еді мен осы жылғы ЕНТ-дан жалпы 87балл алдым грантқа жете мекен?
Құрметті Мерей! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/5/13, 13:59
Бактыбай
салем бердик мен УБТ да 5- пәнім биолгия тандадым мен кандай мамандыктарға оқуға тусуге болады
Құрметті Бақтыбай! Университетімізде таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтар келесідей: - агрономиялық факультетте 1. Экология; 2. Агрономия; 3. Топырақтану және агрохимия; 4. Өсімдік қорғау және карантин; - ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде 1. Ветеринарлық медицина; 2. Ветеринарлық санитария; 3. Биотехнология; 4. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; 5. Ақшлықтану және аң шаруашылығы; 6. Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/5/13, 13:12
Жанаева Алина
Сәлеметсіз бе!Қояр сұрағым:алтын белгі алу үшін қанша балл жинау керек?
Құрметті Алина! Бұл сұрағыңызды өзіңіз оқып жатқан мектеп әкімшілігіне немесе жергілікті Білім басқармасына жолдағаныңыз дұрыс болар, себебі «Алтын белгі» төс белгісін тағайындау жоғары оқу орындарының құзырындла емес. Университет негізінде орналасқан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункті де университеттің қабылдау комиссиясы да тек қана ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу мәселелерімен шұғылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/5/13, 09:18
Төкен Көркем Жұмаханқызы
құрметті Ақылбек Қажығұлұлы менің сізге қояр сұрағым, мен 2013 оқу жылынды ҰБТдан 63 балл жинадым орыс тілін алып тастағанда 52 балл, биология факультетін таңдап едім. Биология пән мұғалімі болғым келеді. Университетке түсе аламын ба?
Құрметті Көркем! Кешіріңіз, университет биология пәнінің мұғалімдерін дайындамайды. Сұрағыңызды аталған мамандық бойынша дайындық жүзеге асырылатын оқу орындарының (педагогикалық) қабылдау комиссиясына жолдағаныңыз дұрыс болар. Таңдау бойынша пәні биология болып табылатын мамандықтар біздің университетімізде де жетерлік, олар: Экология, Агрономия, Топырақтану және агрохимия, Өсімдік қорғау және карантин, Биотехнология, Ветеринарлық медицина, Ветеринарлық санитария, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Балық шаруашылығы, Ақшылықтану және аң шаруашылығы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/5/13, 08:56
Mirzali Kamshat
Сәлеметсізбе!Мен биыл(2013жылы)мектеп бітіріп ҰБТ дан төмен балл алдым.Сізге қояр сұрағым прахадной баллдан өтпеседе мемлекеттік университетке ақылы бөліміне түсуге болама?
Құрметті Kamshat! Жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Өкінішке орай, жинаған балыңыз қажетті бал деңгейінен төмен болғандықтан жоғары оқу орындарына түсе алмайсыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru