Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/27/12, 13:47
aяжан
Салематсыз ба! Мен сизден алдынгы жылы химия пани бойынша билим гранты канша баллды курады екен?
Құрметті Аяжан! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар бойынша 2011 жылдың нәтижесінде мемлекеттік гранттар 79-82 балл (қазақ топтарына) 62-71 (орыс топтарына) жинаған талапкерлерге тағайындалды. 2012 жылдағы нәтижені мемлекеттік білім гранттар конкурсы көрсетеді. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
3/26/12, 21:34
Самат ?аламат
Саламатсызба менин сурайын дегеним тандаган паним география бойынша жергиликти ж/е мемлекеттик баскару деген мамандыкты окысамба дегем бирак бул мамандыкты окысам жумыска алмайтын сиякты соган кандай мамандык тандасам болады кейин жумыс болатындай?
Құрметті Саламат! Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Университетте таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар келесідей: Жерге орналастыру, Геодезия және картография, Кадастр, Бағалау, Экономика, Есеп және аудит, Менеджмент, Қаржы, Маркетинг, Әлеуметтік және мәдени сервис, Орман ресуртары және орман шаруашылығы. Аталған мамандықтардың барлығы бойынша білікті мамандарға еңбек нарығында сұраныс жоғары. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
3/14/12, 13:19
Қожабергенова Дана
Құрметті ректор мырза! Мен Сіздің оқу орныңыздың сырттай оқу бөлімінің 2008/2009 жылы оқуға құжаттарымды тапсырған студентімін. Алматы облысына тұрмысқа шығып кетуіме байланысты оқуымды жалғастыра алмайтындықтан, Астана қаласындағы ағам академиялық демалысқа жіберуге Сізге ұсыныс жасаймын деген. Менің енді сұрағым: қазіргі таңда мен ҚАТУ сырттай оқу бөліміндегі студенттер тізімінда бармынба? Академиялық демалыс берілсе, одан оралмасам оқудан шығарыламынба? Мен \"Экономикалық фаукльтеті\" , \"Есеп және аудит 11 топ\" мамандығына сырттай оқу бөліміне тапсырғам. Сұрағыма толықтай жауап ала аламын деп үміттенемін. Алдын ала рахмет!
Құрметті Дана! Сіз сырттай оқыту факультеті 050508 «Есеп және аудит» мамандығының 2 курсынан 2010 жылдың 18 ақпанында № 356 бұйрығымен келісім-шартты орындамағаныңыз үшін оқудан шығарылдыңыз. Жалпы орта білім негізінде оқуға түстіңіз. Қазір сырттай оқыту факультетінде сіздің мамандығыңыз бойынша жалпы орта білім негізінде 2 және 3 курстар жоқ. Анықтама телефондары: 31-75-22, 39-39-19 сырттай оқыту факультетінің деканаты.
3/13/12, 21:57
Амзин Еркебулан
Ассалаумагалейкум ректор мырза! менин сизге кояр сурагым: экономика факультетине былтыргылар канша балмен тусти? биылгы балл канша болмак? барлык мамандык балдарын корсетсениз. жауап кутем
Құрметті Еркебулан! 2011 жылдың қорытындысы бойынша экономика факультетіне мемлекеттік білім грантына «Алтын белгі» иелері ғана түскен. 2012 жылы университетімізге қандай да болмасын мамандыққа ақылы түрде оқуға түсу үшін 60 баллдан кем жинамау қажет. Барлық мамандықтар бойынша ақылы түрде оқуға түсу үшін толық ақпарат, соның ішінде өтпелі балдар университет сайтында, талапкер сілтемесінде орналасқан.
3/13/12, 09:58
Аяжан
Салематсыз ба! Мен 11сыныпты осы жылы аяктаймын.сиздердин техникалык немесе ветеринарлык факультетке тусем. Мен волейбол ойыннын 3жыл боиы мектепте менгерiп келем. Аудандык ойындарда бас жулдени ауылдар арасында, спорт школаны да жендик. Соган байланысты маган разряд берди, 3ши дарежели. Кояр сурагым мен сиздердин универлеринизге барып волейболды жалгастыра алам ба? Ол окуга кери асер етпей ма?
Құрметті Аяжан! Университетімізде оқу мен спортпен шұғылдануды қатар алып жүру үшін барлық жағдайлар жасалған. Студенттердің сабақтан бос уақытта өзінің спорттық шеберліктерін шыңдау үшін волейбол секциясы қатысады. Басқа да спорт түрлерінен секциялар бар.
3/10/12, 19:50
Тастемиров Даурен
Құрметті А,Қ,Курішбаев мырза,,Мен 2011 ж техникалык факультетті бітірдім, Енді магистратураны Кәсіптік білім беру жане компютерлік жуиелер факультетіне тусе алам ба жане жылына канша грант тағаиындалады,Сіздін жеке кабылдауынызды өтінемін,,,Назар аударып қараганызға рахмет
Құрметті Дәурен ! Сіз университетте «6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша)», « 6M0703 –Ақпараттық жүйелер», «6M0704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратурада оқи аласыз. Магистратура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім гранттарын жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. 2012-2013 оқу жылына білім гранттары әлі айқын емес. Бірақ, Дәурен сіздің техникалық факультеттің қай мамандығын аяқтағаныңыз белгісіз. Сол себепті қандай мамандықты аяқтағаныңыз туралы білгіміз келеді. Өйткені С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнынан кейінгі жалпыға білім беру стандарттары ережелерінің 5 тарауының 5.3 тармағында көрсетілгендей Сіз өзіңіз аяқтаған мамандық емес басқа сала бойынша таңдау жасасаңыз қосымша кредиттер санын университет өзі белгілеген талаптар бойынша ақылы негізде тапсырасыз. Магистратураға төленетін оқу ақысын Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды, сондықтан сізге әзірге мәлімдей алмамыз. Қабылдау комиссиясы 2012 жылдың 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта жұмыс істейді. Магистратура бойынша қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz.