Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/5/13, 08:20
Бахытжан Спандияров
Құрметі Ақылбек мырза мен 03.06.2013 күні болған тестен 69 балл жинадым.Орыс тілін алғанда 63.Осы баллмен грантқа түсуім мүмінбе? Таңдау пәнім биология
Құрметті Бахытжан! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Конкурсқа қатысып, үміттеніп көріңіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/4/13, 22:24
Yrzagul Serikbayeva
Салеметсіз бе! сізге кояр сурагым... 03.06.2013ж. УБт тапсырдым. жалпы упай 83. (казак тілі 18 орыс тілі 13 математика 11 казакстан тарихы 20 адебиет 21) орыс тілінсіз 70 упай. мен Казакстан калаларындагы кандай да болмасын кез келген оку орнына жогарыдайгыдай балл натижесімен грантка тусе аламын ба? Негізі журналистика мамандыгын катты калаймын. Аркім артурлі айтады тусу жолдарын. өзіңіз тікелей окуга кабылдай барысын айтсаныз. Не болмаса илология мамандыгына грантка калаймын. жане де ескерер жагдай ауылдык мектепке жататын болгандыктан мен бітірген мектеп ауылдык квота (сельский) болады. жауабын асыга кутемін. алдын ала рахмет
Құрметті Yrzagul! Кешіріңіз, сұрағыңызды аталған мамандықтар бойынша дайындық жүзеге асырылатын оқу орындарының қабылдау комиссиясына жолдағаныңыз дұрыс болар, себебі біздің университетте «Журналистика» не «Филология» мамандықтары жоқ, сондай-ақ таңдау бойынша пәні әдебиет болып табылатын мамандықтар жоқ. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/4/13, 19:18
Муханбедиева Гулдана Ерболкызы
Салеметсизбе! мен УБТдан 48 бал жинадым.тандау паним биология. биология тандап турып мен каржыга тусе аламба.
Құрметті Гулдана! Жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Өкінішке орай, жинаған балыңыз қажетті бал деңгейінен төмен болғандықтан жоғары оқу орындарына түсе алмайсыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/4/13, 17:44
темирхан аселхан
Salemetsizder me.menin koigim kelgen surgim sizderde geografya boinwa tandalgan mamandiktardin oku akisi kanwa bolad.akili turde okitindarga jatakxana berile ma eger kop balali otbasidan bolsa.aldin ala raxmet!.
Құрметті Аселхан! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, оның ішінде бейіндік пән 7 баллдан, ал қалған пәндер 4 баллдан кем болмауы тиіс. Таңдау бойынша пәні география болып табылатын мамандықтарымызға оқудың төлем ақысы биылғы жылы 294,6 мыңнан бастап 374,5 мыңға дейінгі мөлшерде болды. Жатақхана 1 курс студенттеріне бөлінеді, ол үшін оқуға қабылдау туралы өтініш білдіргенде, жатақханадан орын алуға да өтініш жазасыз, ол өтінішке өзіңіздің әлеуметтік жағдайыңызды көрсететін қажетті құжаттарды қосымша тіркейсіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/4/13, 08:39
улжан
биылғы убт-дан мен барлығы 70 балл жинадым, орыс тілін алып тастағанда 55 балл,таңдау пәнім физика, осы балмен сіздердің оқу орындарыңызға грантка түсе аламба? \\\"Аграрлық техника және технология\\\" және \\\"Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету\\\" мамандықтары бойынша?
Құрметті Ұлжан! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. 2012 жылдағы конкурс бойынша «Аграрлық техника және технология» мамандығына 67 және одан жоғары балл, «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығына 70 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/3/13, 23:34
Ерболат
Ассалаумагалейкум ректор мырза.мен биыл техникалык колледждi бiтiремiн.сiздердiн инжинер-технолог мамандыгын окысам деймiн.егер сiздерге тускен жагдайда 2 курстан окып кете аламын ба?мемлекеттiк грантты женiп алу ушiн неше бал жинау кажет?жалпы инжинер технолог мамандыгына жылына неше толейдi?жауап кутем
Құрметті Ерболат! Колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Университетте инженер-технолог мамандығына түсу үшін колледж мамандығы сәйкес болуы тиіс. Сіз өз сұрағыңызда колледждің мамандығын көрсетпегендіктен университеттің қай мамандығына сәйкес келетіндігі жөнінде нақты мәлімет бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru