Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/6/12, 20:58
Қапар Азиза Талғаткызы
Сәлеметсізбе ! Кешіріңіз ,Мен... Алла амандығын берсе биыл,\"Алматы энергетика және байланыс университетінің\" - 50ВО71900!--Радиотехника,электроника және телекоммуникация \"мамандығы бойынша \"өте жақсы \"бағамен тәмамдағалы отырмын. Және 2 -диплом бағдарламасымен\" Мәскеудің экономика жене байланыс институтының\"- Экономиист мамандығы бойынша тәмамдаймын.Менің Сізге қояр сауалым.Сіздердің оқу орнына қандай мамандыққа Магистратураға оқуға тапсыруыма болады ?Егер ондай мүмкіндік болса ,кандай жеңілдіктер болады екен ? Көңіл бөліп сауалыма жауап береді деген үміттемін.Алланың ,еңбең жолыңызға берер табысы мол,береке.бірлігі мықты болсын деймін .
Құрметті Азиза! Біздің университет магистратураның «Экономика» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық және бейімдік бағыттарда магистрлерді дайындайды. Сіз аталмыш мамандық бойынша оқуыңызды біздің университетте жалғастыра аласыз. Магистратураға төленетін оқу ақысын Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды, сондықтан сізге әзірге мәлімдей алмамыз. Қабылдау комиссиясы 2012 жылдың 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта жұмыс істейді. Магистратураға оқуға түсу үшін талап етілетін құжаттар тізімін және қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz – PhD докторант және магистрант 2011.
3/6/12, 14:09
Асылхан
Саламатсызба, мени мазалап турган бир сурагым бар, неге басты корпустын ортасын демалатын орын истемейди, алдын ала рахмет
Құрметті Асылхан! Университеттің бас ғимараттын бірінші қабатында демалатын орындар бар (диван, креслолар). Сонымен қатар, өткелде студенттердің демалуы үшін жасалған оранжерея бар.
3/2/12, 20:12
Меруерт Жанұзақова
Сәлеметсізбе А.Қ. Күрішбаев мырза!!! мен Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық универсеитетінің \"Орман және жер және су ресурстары\"факультетінің \"Су ресурстары\"мамандыгы студентімін, жагдайға байланысты сіздерге Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне грантпен ауысуға мүмкіндік бола мекен?осы сауалыма асыға жауап күтемін!
Құрметті Меруерт! Біздің жоғары оқу орнымыз «Су ресурстары» мамандығы бойынша мамандарды даярламайды. Дегенмен, Сіз қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында ақылы негізде мамандығыңызға келетін оқу орнымыздағы мамандыққа ауыса аласыз.
3/2/12, 10:16
Нанаев Еділбек
ветеринария мамандығы бойынша сырттай оқу қанша жыл және жылдық ақысы қанша
Құрметті Еділбек! Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 8 ақпанындағы №40 бұйрығына сәйкес мемлекетімізде жоғары оқу орындарында сырттай білім алу бөлімі бойынша «Ветеринария» мамандығы жоқ. Байланыс телефондары: 8(7172) 31-75-56, 39-80-18 студенттерді қабылдау бөлімі; 31-75-22, 39-39-19 сырттай оқыту факультеті.
3/2/12, 07:33
серікбол айнұр
Сәлеметсізбе мен №28 Мектептін 9 сынып оқушысымын сізге қояр сұрағым колледжге тегін түсуге мүмкіндігім бар ма? Тандаған мамандығым СМС спортта жетістіктерім бар Таеквондо спорт түрінен Қазақстан чемпионымын оқуым 5 пен 4 сұрағыма жауап күтемін рахмет Серікбол Айнұрдан солнечный кентінің тұрғыны екібастұз ауданы
Құрметті Айнұр! «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» колледжінде СМС мамандығы бойынша оқу ақылы түрде жүргізіледі. 2012-2013 оқу жылына мемлекеттік грантқа 25 қазақша, 25 орысша орынға сұраныс берілді. Шешімі маусым айында белгілі болады.
3/1/12, 18:21
дауылбаева айнур
salemetsyzbe rektor myrza! menin bir bilein degenim bar edy...... men 1 kurs studentymyn. 1 semestrde tandamali pannen C algan edym, baska panderym A-, A. akili negyzde okimyn! 2 semestrde grant konkursna kujat tapsyra alamba?
Құрметті Айнур! ҚР Білім және ғылым министрлігі қысқы сессия қортындысы негізінде 15 қаңтарға және жазғы сессия қортындысы негізінде 15 шілдеге дейін мемлекеттік білім беру гранты бойынша босаған орындарға ашық конкурс жариялайды. Сіздің мамандығыңызға (курсыңызға) конкурс жариялаған жағдайда құжаттарыңызды тапсырып, босаған білім беру грантына үміттене аласыз.