Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/3/13, 22:54
Гафур
саламатсызба ректор мырза мен алматы каласында казэу казакстан экономикалык университетин 1 курссын экономика мамандыгы бойынша битирдим енди сиздерге калай ауысуга болады жауап бергенизге рахмет
Құрметті Гафур! Сіздің ауысу мәселеңіз туралы экономикалық факультетінің деканатымен байланысуыңызды сұраймын: 8(7172) 31-75-66.
6/3/13, 16:53
Жеткерова Қаракөз
Салеметсиз бе Акылбек ага. Мен биыл УБТ тапсырам. тандау паним физика. Геология мамандыгы бойынша грантка тусу ушин канша балл жинау керек.алдын ала рахмет
Құрметті Қаракөз! Университетімізде «Геология» мамандығы бойынша дайындық жүзеге асырылмайды. Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Университетте таңдау бойынша пәні физика болып табылатын 12 мамандық бар, 2012 жылдағы конкурста ол мамандықтар бойынша 69 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім гранттарының мөлшері туралы ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінң (www.edu.gov.kz) ресми сайтынан біле аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/2/13, 23:32
Каракоз
Салеметсiз бе Акылбек ага. Мен биыл убтдан орыс тилсиз 65-70 балл жинасам, грантка тусе аламба.тандау панiм физика. Жане осы жылы физика пани бойынша канша грант болинди?
Құрметті Қаракөз! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Университетте таңдау бойынша пәні физика болып табылатын 12 мамандық бар, 2012 жылдағы конкурста ол мамандықтар бойынша 69 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім гранттарының мөлшері туралы ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінң (www.edu.gov.kz) ресми сайтынан біле аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/2/13, 17:53
Әлібек
Құрметті ректор мырза! Ветеринарлық медицина мамандығы үшін қандай пән бейіндік пән болып саналады?
Құрметті Әлібек Ветеринарлық медицина мамандығы үшін бейіндік пән «Биология» пәні болып саналады.
6/2/13, 13:07
Батырбек Магжан
Саламатсыз ба ректор мырза Мен Батырбек Магжан орал каласында БКАТУ да жерге орналстыру мамандыгында акылы негизде окитын едим. картография жане геодезия мамандыгына ауысайын деп едим. Сиздерде акылы оку канша жане осы мамандыкта бос гранттар бар мекен?
Құрметті Мағжан! Біздің университетке ауысу мәселесімен жерге орналастыру факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефоны: 8(7172) 39-78-49. Үстіміздегі оқу жылында аталған мамандық бойынша босаған мемлекеттік білім беру гранттар жоқ, ал 2013-2014 оқу жылында оқу ақысы қарастырылуда.
6/1/13, 20:25
Куаныш
Сәлеметсіз бе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен университетіміздің жерге орналастыру факультетінің 4 курс студентімін! Университет қабырғасында 4 жыл ішінде білікті маман атануыма қажетті мол білім алдым деп мақтанышпен айта аламын! Біздің ЖОО-да студентердің толыққанды білім алуына жағдай жасайтын, еңбегіне адал, білімді ұстаздарымызға алғысым шексіз! Биылғы жылы бакалавриатты аяқтап, магистрлық оқуға түсу менің алдыға қойған басты мақсатым! Менің сізге қояр сұрағым, алдағы уақытта магистрлық оқуға түскен жағдайда, онымен қатар университетімізде немесе басқа ЖОО-да сырттай немесе қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша басқа мамандықтың бакалавр атағын алу үшін екінші мамандықты игеру мүмкіндігі барма? Маған болашақта қажет екінші мамандық ол заңтану(юриспруденция)немесе қаржы мамандығы.Ондай мүмкіндік жасалған болса ол туралы толық мағлұмат берсеңіз! Алдын ала рахмет!
Құрметті Қуаныш! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелерінің» (5.04.033-211 ҚР МЖМББС) 5.3 тармағына сәйкес таңдаған мамандықтың кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру үшін барлық пререквизиттер сәйкес болуы тиіс. Болмаған жағдайда ол пәндерді жазғы семестрде оқу керек. Сізге таңдаған мамандығыңыз базалық мамандыққа сәйкес келмеуі себепті айырма пәндерді оқу үшін жазғы семестрге жазылуыңыз керек. Қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.kazatu.kz.