Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/29/12, 19:22
Айбол Назымов
ұрметті А.Қ.Күрішбаев мырза мен , Назымов Айбол, энергетикалық факултетінің 1-курс студентімін. 1-семестрден кейін грантқа өту үшін өтініш жазғанмын. Соған байланысты нәтиже қашан белгілі болады екен? Алдын ала рахмет!
Құрметті Айбол! Конкурстың нәтижесін факультет деканатынан үстіміздегі жылдың наурыз айының басында біле аласыз.
2/29/12, 15:13
Абдиманап Улжан
Сєлеметсізбе?11-сынып мектеп оќушыларына арналѓан ректорлыќ гранттар бар ма? µту баллы неше? назар аударѓаныњызѓа рахметю
Құрметті Ұлжан! Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №19-2/414 бұйрығына сәйкес университеттің таза табысынан бөлініп келген ректор гранты 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап тоқтатылғандығына байланысты ректорлық грант берілмейді.
2/28/12, 15:29
mirzabek khanjarbayuli
salemetsiz be? hurmetti rektor mirza! Men 1998 jili KazATU-din agronom bolimchesin bitirgem, kazir Mongolia Bayan-Ulgii aymaginda Gilimy Zertteu Akademyasinin Hogam Ekonomykalik Zertteu Ortaliginda Ekologia cektor baschisi bolip jumistaymin.Menin sizge hoyar suragim Ekologiaga baylanisti gilimy zertteu jumistarin oz bitirgen mektebim KazATU-men birlesip jumistauga usinis bildirem arnayi kelisim chart jasauga bolama? eger men barsam, handay huzattar kerek toligirah malimet alsam. hurmetpen. KH.Mirzabek 28.02.2012
Құрметті Мырзабек! Экология саласы бойынша бірлескен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу үшін, университетіміздің агрономия факультетіндегі PhD докторы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Байдүйсен Ұлан Жетпісұлына келесі электрондық мекенжай бойынша хабарласуыңыз қажет kagan67@mail.ru.
2/27/12, 20:02
Әбілқасым Мади
Саламатсыз ба Ректор мырза! Мен энергетикалық факультетинин(электроэнергетика мамандығы) 2 курс студентімін.Осы қысқы сессия кезінде мемлекеттік босаған білім грантынын конкурсына қатысу үшін арыз жазғам. Қояр сұрағым,жаналықтар бойынша осы конкурс натижеси жарияланды деп айтылған(яғни білім министр сайтында) Бірақ біздін жоғары оқуда әлі белгісіз дейді,бұл калай болғаны? Екінші қояр сұрағым,оқу орнымызда коп балалы отбасыларға және сабақ үлгерими жақсы( 1сабақтан ғана төрт) ақылы бөлімінде оқыйтын студенттерге оқу төлемақысына байланысты жеңілдіктер барма??? Назар аударғанызға рахмет!
Құрметті Мади! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың төрағалығымен ү.ж. 16 ақпанда жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның мәжілісі өтті. «2 мыңға жуық білім беру грантын ақылы негізде оқитын студенттер иеленді», - деп ҚазАқпарат сайтында хабарланған. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін аталған ведомствоның тарапынан оқу орнымызға ақылы бөлімде оқитын студенттердің білім беру грантына ауысқаны туралы бұйрық келген жоқ. Мемлекеттік білім беру грантына ауысу туралы бұйрық келген күні тіркеуші кеңсесі барлық деканаттарды хабардар етеді. Екінші сауалыңызға: ақылы негізінде оқитын студенттерге оқу ақысын төлеу қиынға түссе, оқитын факультеттерінің деканатына өздеріне ыңғайлы төлем жүргізу кестесін беру туралы өтініш жазуларына болады.
2/27/12, 17:41
Қаленов Нұрсұлтан Орынтайұлы
Сәлеметсізбе! Мен Алматыдағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің \"Кадастр\" мамандығының 4курс студентімін! Сизге қояр сауалым, мен ҚазАгротех, яғни сиздердің оқу орындарыңызға \"Жерге орналастыру\" немесе \"Кадастр\" мамандықтары бойынша Магистратураға оқуға тапсыруыма, түсуіме боладыма? Егер болса қандай жолмен??? Назар аударғаныңызға рахмет!!!
Құрметті Нұрсұлтан! Біздің университет магистратураның «Кадастр» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттарда магистрлерді дайындайды. Сіз аталмыш мамандық бойынша оқуыңызды біздің университетте жалғастыра аласыз. Қабылдау комиссиясы 2012 жылдың 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта жұмыс істейді. Магистратураға оқуға түсу үшін талап етілетін құжаттар тізімін және қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz – PhD докторант және магистрант 2011.
2/27/12, 08:49
Серiк Гулназ
Саламатсiз ба,Курметтi ректор мырза менiн коятын сурагым:Стандартизация,метрология ж/е сертификация мамандыгына грантка тусу ушiн канша балл алу керек? Рахмет!
Құрметті Гулназ! Мемлекеттік білім гранттарына ие болудың балл мөлшері 2012 жылы өткізілетін конкурс нәтижесінде ғана анықталады, ал 2011 жылдың нәтижесі бойынша «Стандарттау, метрология және сертификаттау» өтпелі балл мөлшері 100-ден 92-94 балл аралығында болды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.