Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/1/13, 12:41
Айнур
Salemetsizbe rektor! Koiar suragim magistraturaga tusuge kandai talaptar koiiladi eger diplomga 3 tusse magistraturaga tusuge mumkindik barma grantka nemese akili???
Сәлеметсіз бе, Айнұр! Магистратураға түсу үшін ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру» - «Магистратура» бөлімінен алуыңызға болады.
5/31/13, 21:31
Маншук
Армысыз құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Менің бірінші сұрағым: биыл 4 курсты аяқтағалы отырмын. Қазіргі заман талабына сай магистратураның маңыздылығы өте зор, сол себепті менде өзіміздің университетімізіге магистратураға түсу мақсатым. Жазғы уақытта емтиханға дайындалу қажет, ағылшын тілінен және кәсіби емтихан. Осы уақытта жатақханада тұру мүмкіндігі бар ма? Қазір жатақханада тұрып жатырмын. Екінші сұрақ. Биылғы жылдан бастап магистрлық бөлімге түскен адамдарға жатақхана берілмейді, себебі оқытушыларға жатақханадан орын жетіспей жатыр дейді. Осы шындық па?
Құрметті Мәншүк! Магистратураға түсуге деген талаптарыңды құптаймын. Емтиханға дайындалу үшін болашақ магистранттар 20.08.2013 жылға дейін жатақханада тұра алады. Екінші сұрағың бойынша, егер өз мақсатыңа жетіп, магистранттар қатарын толықтырып жатсаң, мүмкіндігінше жатақханадан орын қарастырылады.
5/31/13, 21:21
Арайлым
Салеметс1збе ректор мырза! Мен 10сынып окимын! Алла буйырса с1зд1н универге тапсырамын,архитектурага тапсыру уш1н 5 пәнге не тандауым керек? жане УБТ-дан неше балл жинауым кажет? 1 жылдык оплата канша?????? жауабынызга улкеен рахмет!!!
Құрметті Арайлым! Біздің университетке талапкерлер оқуға жалпы орта білім және орта техникалық және кәсіптік білім негізінде мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін таңдау бойынша пән болып табылатын, кез келген пәнді таңдай отырып, «Сәулет» мамандығына оқуға түсе аласыз, себебі бұл мамандық шығармашылық мамандықтар қатарына жатады, аталған бағыттағы мамандықтарға оқуға түсу үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан (біздің университеттің «Сәулет» мамандығында «Сурет» және «Композиция» бойынша емтихандар) тапсырады, ал ҰБТ нәтижесінен 2 пән: «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» есепке алынады. 2012-2013 оқу жылына аталған мамандық бойынша оқудың төлем ақысы 373,6 мың теңге кұрады. Жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Сонымен қатар, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
5/30/13, 11:08
Жетпісбай
Сәлеметсізбе Акылбек Қажығұлұлы! менин сизге кояр сауалым, мен 11 сынып тулеги едим. оз калауыммен ҰБТ-дан бастарттым. Сиздерде қазақша колледж барма? жане 11 сынып куалигимен сиздерге барған жагыдай да, қандай мамандықтарға дайындайсыздар? Жатақхана жане жұмыспен камту жағы туралы не айталасыз? Қандай паннен емтихан тапсырамын, кай уакытта басталады?! Назарынызға рахмет! Сурагымды канағаттандыруынызды отинемин!
Құрметті Жетпісбай! Жоғары оқу орындарына тестілеу (Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеу) нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді биылғы жылғы мектеп түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде тапсыруы тиіс, ал кешенді тестілеуді колледж түлектері мен мектепті алдыңғы жылдары бітірген азаматтар жоғары оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде тапсыруы тиіс. Университетте колледж жоқ, ал жоғары білім мамандықтары тізімін университетіміздің ресми сайтынан, талапкер бөлігінен қарай аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/29/13, 21:56
Рауан
Ректор мырза! Сізге тағы бір сұрағым бар. Бағалау мамандығына түскім келеді. Мысалы мен ЕНТ-дан 115 бал алсам, бірақ мен алтын белгіге үміткер емеспін, гранқа түсе алам ба? Қалай ойлайсыз?
Құрметті Рауан! Ұлттық емес жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. 2012 жылдағы конкурс бойынша «Бағалау» мамандығына 88 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/29/13, 20:28
Ерлан
Құрметті ректор мырза менің сізге қояр сұрағым,біздің университетіміз ұлт-аралық университет атанғаны распа?
Құрметті Ерлан! 2012 жылы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 2012-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы қабылданып, онда университеттің «Зерттеу университетіне» айналу жолындағы даму параметрлері мен негізгі міндеттері көрсетілген. Осыған орай, бұл бағытта университет қызметін, оның ішінде ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жүйелі түрде қайта құру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 22 мамыр 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Шетел инвесторлары кеңесінің отырысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында әлемдік деңгейдегі Халықаралық зерттеу университеті құрылуы тиіс екендігін айтқан болатын. Президент аталған университетке база ретінде Астанадағы Қазақ агротехникалық университеті бола алатынын атап өтті.