Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/27/12, 07:35
Ерлан
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Менің қоятын сұрағым, биыл мен бухгалтерлік есеп және аудит мамандығының бакалаврі болып шығамын. Білімімді әрі қарай магистратураға түсіп жалғастырсам деп ойлаймын. Яғни университетіңіздің екі дипломдық бағдарламасына, Қазақстан-Монғолия. Осыған орай бухгалтерлік есеп және аудит бакалаврі бола турып, жанағы айтып кеткендей екі дипломдық бағдарламасының, Экономика мамандығын таңдай аламын ба және осы бағдарламаға грант ұсынылады ма? Ұсылмаса, бағасы қанша болады? Тыңдағаныңызға рақмет! /// Университет сайты өте ұнады, мұнда талапкерлер, студенттер үшін өте көп пайдалы мәліметтер бар екен. Университет ұжымына шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметті Ерлан! Университетіміз Моңғолия мемлекеттік ауыл шаруашылығы университетімен ғылым және білім саласы бойынша ынтымақтастық орнатып келеді. Қызметкерлеріміз бен оқытушыларымыз «Экономика», «Агрономия» және «Ветеринария» мамандықтары бойынша PhD докторантурада білім алуда. Қос дипломдық бағдарлама бойынша жұмыс істемейміз. Моңғолия мемлекеттік ауыл шаруашылығы университетіне магистратураға оқуға түсу бойынша толық ақпаратты келесі электрондық мекенжай infotech@magicnet.mn арқылы алуға болады немесе ҚазАТУ халықаралық байланыстар бөліміне хабарласыңыз oms_604@mail.ru
2/27/12, 01:24
Сымбат Сәбиева
Сәлеметсізбе А.Қ.Күрішбаев мырза! Менің білгім келетіні,ҚазАТУ-да органикалық заттардың химиялық технологиясы деген мамандық барма?Егер болса жылдық оқу ақысы қанша және мемлекет тарапынан грант қаншалықты бөлінеді? Рахмет!
Құрметті Сымбат! Университетте «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы жоқ екендігін хабарлаймыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
2/26/12, 15:18
Төребек
Сәлеметсізбе ректор мырза!Биыл магистратуранын қандай мамандықтарына грант беріледі? Рахмет
Құрметті Төребек! Магистратура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. 2012-2013 оқу жылына мемлекеттік білім беру гранттарының бөлінгені туралы ақпарат бүгінгі күнге дейін жарияланған жоқ.
2/26/12, 14:31
Zhumakhan Akzhamal
Salemetsiz be? Menin sizge koyar suragim: granttin koritindisi wikti ma jane kaidan bile alamiz?
Құрметті Ақжамал! Конкурстың нәтижесін факультет деканатынан наурыздың басында біле аласыз.
2/22/12, 21:26
Әбілдинова Айымгүл
Салеметсізбе құрметті А.Қ.Күрішбаев!Мен 9 сынып оқушысы Айымгүл.Сізге бірнеше сұрағым бар. 1.9 сынып бітіріп, колледжден кейін сіздердің университетіңізге түсуге бола ма? 2.ҰБТ - да архитектор мамандығына грантқа түсу үшін неше ұпай қажет? 3.Осы факультетке неше емтихан бар және қандай? Олар қалай бағаланады? 4.Сіздерге 10 сыныптан бастап өзімді ұсынып отыруға бол ма?Жауабыңызды күтемін.
Құрметті Айымгүл! Бірінші сұрағыңыз бойынша: 9 сыныпты бітіріп, колледжді аяқтап, университетке түсе аласыз, бірақ міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырасыз. Кешенді тестілеу келесі 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау бойынша пән (мамандыққа сәйкес). Екінші сұрағыңыз борйынша: сәулет мамандығына грантқа өту үшін мүмкін болатын 100-ден 96 балл жинау қажет. Үшінші сұрағыңыз бойынша: сәулет мамандығына оқуға қабылдану үшін талапкерлер 2 шығармашылық емтихан (сурет және композиция) тапсырады, әр емтихан 25 баллдан бағаланады, ал тестілеу пәндерінен Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) есепке алынады. Төртінші сұрағыңыз бойынша: 10 сыныптан бастап шығармашылық емтихандарға дайындық тобына қатысуыңызға болады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
2/21/12, 22:32
Аида Исламқызы
Саламатсыз ба А.Қ.Күрішбаев мырза! Мен Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Осы 2012 жылы колледжді аяқтап, сіздің университетке құжаттарымды тапсырмақшымын. Менің сізге қояр сұрағым :осы 2012 жылы жылдан бастап кешенді тестілеуді сол университеттің өзіне барып тапсыратын заң қабылданды ма? Және егер ата-анаңның екеуі де зейнеткер болса сіздерде жеке грант бөліне ме? Сіздерде кәсіптік білім мамандығының бір жылғы оқу ақысы қанша тұрады? Және колледжден кейін қанша жыл оқиды?
Құрметті Аида! «Кәсіптік білім» мамандығына оқуға қабылдану үшін, талапкерлер міндетті түрде кешенді тестілеу тапсыру керек. Кешенді тестілеу келесі 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау бойынша пән, көрсетілген мамандықта таңдау пәні – физика. Кешенді тестілеуден кейін мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатыса аласыз. Тестілеуге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 9 шілдеге дейін, ал гранттар конкурсына өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім гранттарын тағайндауда келесі жеңілдіктер ғана қарастырылған: жетім балаларға, мүгедек балаларға және ұлты қазақ, бірақ басқа елдің азаматы болып табылатын азаматтарға. Колледждің мамандығы университет мамандығына сәйкес келген жағдайда ғана қысқартылған бағдарламаға қабылданады, ондайда оқу мерзімі күндізгі бөлімде 3 жыл болады. Колледжді қандай мамандық бойынша аяқтайтыңыз туралы көрсетілмегендіктен, мамандығыңыздың сәйкестігі жөнінде нақты жауап бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.